Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 5202
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Балгожин Рустем 05.04.2019, 15:01 Сұрақ нөмірі: 8297
Мен Ақмола облысы, Қорғалжын аудынында дүниеге келдім және сол жерде туып өстім. Мен Астана қаласында жоғары білім алып, қазіргі таңда Астана қаласынын шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорындардың бірінде еңбек етіп келемін (мемлекеттік қызметкер емеспін). Nur Otan партиясының 18-съезінде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ауылды дамыту жөнінде Үкіметке тапсырған бірнеше тапсырмалары оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» атты жобасы көңілімізден шықты. Мал шаруашылығы, онын ішінде бие сауып қымыз дайындау, сиыр сауып сүт өнімдерін алу, атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсібіміз. Ендігі кезекте осы кәсібімізді Заңды тұлға ретінде тіркеп, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік сатып алуға қатысып кәсібімді одан әрі дамытқым келеді. Осығын байланысты, Сіден мемлекеттік елтаңба бейнеленген бланкіде менің шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнында жұмыс істей отырып, кәсіпкер болып тіркеліп, отбасымызбен осы кәсібімізбен айналысуға рұқсат етілгені жөнінде түсіндірме беруіңізді сұраймын.
Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)