• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
  • Өтініш
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Құрметті, Ерлан Кенжеғалиұлы! Соңғы кездері Алматы және Астана қалаларындағы жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында «ОЖСБ (ВОУД) тапсырмаса диплом алмайды екенбіз», «ОЖСБ-ны қинап тапсыртуда», «Сабақты қойып, ОЖСБ-ға дайындалатын болдық» деген сияқты әңгіме мен өсек-аян көбейіп кетті. Сізден осы жайттарға байланысты келесідей ақпаратты растауыңызды немесе теріске шығаруыңызды сұраймын: 1. ЖОО студенттерді күштеп «ОЖСБ» тапсыртатыны шындыққа жанаса ма? 2. Студенттің «ОЖСБ» тапсырмауға құқы бар ма? 3. ЖОО студенттерден ОЖСБ тапсыруды талап етуі қаншалықты дұрыс? 4. «ОЖСБ» тапсырмаса студент шынымен де дипломсыз қалуы мүмкін бе? 5. Жалпы ОЖСБ көрсеткіші студенттің дипломына қаншалықты әсер етеді? 6. Студент ОЖСБ тапсырмаған жағдайда оған қатысты қандай шаралар қолданылуы мүмкін? Сұрап отырған сауалыма тек жауап қана емес, егер мүмкін болған жағдайда оны растайтын құжаттарға сілтеме берсеңіз екен. Әріптестік байланыста болғаныңыз үшін рақмет.

  • Смақов Думан
  • Білім
  • 01.04.2017
  • 976
  • Өтініш нөмірі 460876

Жауаптар (1)

Сағадиев Е.К. 05.04.2017, 03:29

Құрметті Думан! «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабына сәйкес және 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2012 жылдан бастап оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) енгізілді. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері: 1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру; 2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; 3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады. ОЖСБ жүргізудің мақсаты білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда көзделген орта орта білімнің оқу бағдарламаларын және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау болып табылады. ОЖСБ меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орта және жоғары білім беру ұйымдарында өткізіледі. ОЖСБ қорытындысы – білім беру ұйымдары көрсеткен білім беру қызметінің сапасының куәсі. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларына сәйкес ОЖСБ тестілеуге жататын қатысушы білім алушылар контингенті құрамының 100 пайыз қатысуын көздейді. Осы рәсімнің қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарының рейтингісі анықталады. Студенттер үшін ОЖСБ құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика