• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
  • Өтініш
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Ерлан Кенжеғалиұлы! Соңғы кездері жоғарғы оқу орындарының түлектері арасында «мемлекеттік грантпен білім алғандар, оқуларын аяқтағаннан кейін кемінде 3 жыл міндетті түрде мемлекеттік құрылымдарда, мекемелер мен ұйымдарды жұмыс істеулері керек екен.» деген қауесет көбейіп кетті. Көбісі оқу бітірмей жатып, таныстары арқылы анықтама жасатып, жұмыс істейтіндерін куәландырып жатады. Сізден осы жайттарға байланысты келесідей ақпаратты растауыңызды немесе теріске шығаруыңызды сұраймын: 1. Мемлекеттік грант негізінде білім алғандар кемінде 3 жыл мемлекеттік құрылымдар, мекемелер мен ұйымдарда қызмет етулері керек екені қаншалықты рас? 2. Соңғы курста ЖОО әкмшілігі тарапынан студенттерге «Жұмыс істейтіндері туралы» анықтама жинатып, олардың негізінде есеп беру қашан тоқтатылады? Осы жайт білім беру сапасы мен оның нәтижесіне қаншалықты әсерт етуде? 3. Мемлекеттік грант негізінде білім алып, артынша мемлекеттік құрылымдарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істемегендер үшін құқықтық салдары қандай? 4. Еңбекпен қамтамыз ету, оқу бітірген студенттерге «жұмысқа жолдама» беру жолға қойылған ба? 5. ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша қандай бағдарламалар іске асып жатыр? Ерлан Кенжеғалиұлы! Соңғы кездері жоғарғы оқу орындарының түлектері арасында «мемлекеттік грантпен білім алғандар, оқуларын аяқтағаннан кейін кемінде 3 жыл міндетті түрде мемлекеттік құрылымдарда, мекемелер мен ұйымдарды жұмыс істеулері керек екен.» деген қауесет көбейіп кетті. Көбісі оқу бітірмей жатып, таныстары арқылы анықтама жасатып, жұмыс істейтіндерін куәландырып жатады. Сізден осы жайттарға байланысты келесідей ақпаратты растауыңызды немесе теріске шығаруыңызды сұраймын: 1. Мемлекеттік грант негізінде білім алғандар кемінде 3 жыл мемлекеттік құрылымдар, мекемелер мен ұйымдарда қызмет етулері керек екені қаншалықты рас? 2. Соңғы курста ЖОО әкмшілігі тарапынан студенттерге «Жұмыс істейтіндері туралы» анықтама жинатып, олардың негізінде есеп беру қашан тоқтатылады? Осы жайт білім беру сапасы мен оның нәтижесіне қаншалықты әсерт етуде? 3. Мемлекеттік грант негізінде білім алып, артынша мемлекеттік құрылымдарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істемегендер үшін құқықтық салдары қандай? 4. Еңбекпен қамтамыз ету, оқу бітірген студенттерге «жұмысқа жолдама» беру жолға қойылған ба? 5. ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша қандай бағдарламалар іске асып жатыр?

  • Смақов Думан
  • Білім
  • 24.07.2017
  • 832
  • Өтініш нөмірі 468727

Жауаптар (1)

Сағадиев Е.К. 02.08.2017, 03:42

Құрметті Думан Дүбекұлы! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Сіздің сауалдарыңызға келесіні хабарлайды. 1. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47 бабына сәйкес квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті. 2. Студенттерге «Жұмыс істейтіндері туралы» анықтама жинату мақсатқа сай емес деп санаймыз. Себебі Білім және ғылым министрлігі жоғары білімді басқарудың біріңғай жүйесінде берілген ақпаратқа сәйкес жоғары оқу орындарын бітірушілердің жұмысқа орналасуының мониторингісін Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізеді. 3. Жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті. 4. Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жергілікті Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді. 5. Жоғары оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша арнайы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске асырылуда. Сонымен қатар Жас мамандарды бөлу және жұмысқа жіберу тәртібі реттеліп, жоғары оқу орындары мен жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) іс-қимыл жүргізу жүйесі анықталды. Анықтама: жоғары оқу орындары жыл сайын ЖАО-ға мемлекеттік тапсырыс бойынша оның ішінде «ауыл квотасы» бойынша оқуға түскен бітірушілерді жұмысқа орналастыру үшін өтінім жолдайды; ЖАО өтінімдерге сәйкес тоқсан сайын жоғары оқу орындарына кадрларға деген қажеттілік туралы ақпарат ұсынады; жоғары оқу орындары ЖАО ұсынған мәліметтерге сәйкес әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей өзара іс-қимыл жүргізеді; жоғары оқу орындарында жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу бойынша комиссиялар құрылады. 2016 жылғы бітіру қорытындысына сәйкес алғаш рет педагогикалық мамандықтар бойынша бакалавриатта мемлекеттік тапсырыс негізінде оқыған барлық бітірушілерді бөлу жүргізілді. Осы мақсатта 2015-2016 оқу жылының басында тиісті Жол картасы қабылданған болатын. Бітірушілерді жұмысқа орналастыруды Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) шеңберінде мақсатты даярлау есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

  • Құрметті өтініш авторы, Сізден МO ұсынған жауапты бағалауыңызды және түсініктеме ретінде себебін көрсетуді сұраймыз

Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика