- Блогтар
- Көлгінов А.С.
Құрметті астаналықтар мен менің жеке парақшамның қонақтары!
Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс екенін көрсетті.
Ашық Үкімет Блогындағы менің жеке парақшам қалалық қызметтердің тұрғындармен байланысудағы негізгі құралдардың бірі болады.
Мен сіздердің Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары үшін жасалып жатқан ортақ іске қолдау көрсетеді деп сенемін.
Елордамыздың дамуындағы аса маңызды шешімдерді Сіздермен бірлесіп қабылдауға қашан да ашықпын.