- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
Алатаев Алибек
- Айтаханов Е.Қ.
- 23.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 113
- № 586612
05.12.2019 ж.egov.kz ашық үкімет порталында №584137 болып тіркелген арызымды Бекмұрат Сержаннің Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, 68 корпус 1 мекен-жайы бойынша үйіміздің пандусын қайтадан өз есебінен қалпына келтіруіне байланысты қайтарамын және қараусыз қа ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің, № 586612 нөмірмен тіркелген Шымкент қаласы әкімі Е.Айтахановтың блогына жазған өтінішіңіз Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 14-бап, 7-тармақшасына «Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш білдіруге құқығы бар» сәйкес қараусыз қалдырылды.
Айтаханов Е.Қ. 30.12.2019, 04:29Турдалиев Куаныш
- Айтаханов Е.Қ.
- 19.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 126
- № 586048
Құрметті әкім мырза Сізге жұмысыңызға сәттілік, отбасыңызға амандық тілеймін, сізге 10 желтоқсанда жазған болатынмын Байтереков көшесімен Майтобе көшесінң қиылысында жаяу жүргіншілер жолақтың алдында бағдаршам орнатылып халықтың ризашылығы жөнінде,алайда тағы бір мәселе туындап т ...
ТолығырақЖауаптар
Қала көшелеріне жол таңбалары ауарайының жылы, қолайлы мезгілінде сызылады. Сол себепті, С.Бәйтереков – Майтөбе көшелерінің қиылысында жаңадан орнатылған бағдаршам нысанында жол таңбасын сызу мүмкіндігі болмады. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан С.Бәйтереков – Майтөбе көшелерінің қиылысында жаңадан орнатылған бағдаршам нысанында жол таңбаларын сызу жұмыстары атқарылғанын хабарлаймыз.
Айтаханов Е.Қ. 27.12.2019, 07:08Досқара Жахия
- Айтаханов Е.Қ.
- 13.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Көлік ·
- 139
- № 585540
Ассалаумағалейкум Ерлан Қуанышұлы . Мен Самал-2 мөлтек ауданы Мөнке би көшесінде тұратын едім . Біз тұратын аймақта яғни Арғынбеков көшесімен Байтұрсынов көшесінің қиылысында "КОМФОРТ" деген кафе /дәмхана/ ораласхан. Мұнымен айтайын дегенім күнде әсіресе кешке жақын сағат 19.00-2 ...
ТолығырақЖауаптар
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (әрі қарай - басқарма) мамандарымен Ұ.Арғынбеков – А.Байтұрсынов көше қиылысына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде, көше қиылысында орналасқан «Комфорт» дәмханасының алдындағы аяқ жолда жүргізушілер көліктерін қоятыны анықталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі Қағидаларының 9.9 тармағына сәйкес «көлік құралдарының жол жиегімен, тротуарлармен және жаяу жүргіншілер жолымен, ал елді мекендерде – бұдан басқа, жолдың жүру бөлігінен тыс жерлермен жүруіне рұқсат етілмейді». Жоғарыда аталған Қағиданың талаптарына сәйкес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, басқарма тарапынан Ұ.Арғынбеков көшесіндегі аяқ жолда көліктерді қойдырмау үшін рейдтік іс-шаралар атқару туралы, Шымкент қаласының полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Шымкент қаласының полиция департаментінің Жол-патрульдік полиция полкіне ұсыныс хат жолданғанын хабарлаймыз. Шымкент қаласының полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Е.Сүлейменовке Шымкент ҚПД-ның ЖППП-ның командирі М.Бұхарбаевқа Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (әрі қарай - Басқарма) мамандарымен Ұ.Арғынбеков – А.Байтұрсынов көше қиылысына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесінде, көше қиылысында орналасқан «Комфорт» дәмханасының алдындағы аяқ жолда жүргізушілер көліктерін қоятыны анықталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі Қағидаларының 9.9 тармағына сәйкес «көлік құралдарының жол жиегімен, тротуарлармен және жаяу жүргіншілер жолымен, ал елді мекендерде – бұдан басқа, жолдың жүру бөлігінен тыс жерлермен жүруіне рұқсат етілмейді». Жоғарыда аталған Қағиданың талаптарына сәйкес және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Ұ.Арғынбеков көшесіндегі аяқ жолда көліктерді қойдырмау үшін рейдтік іс-шаралар атқаруға ықпал жасауыңызды сұраймыз.
Айтаханов Е.Қ. 26.12.2019, 06:44Жетписбаев Мурат
- Айтаханов Е.Қ.
- 12.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Жер мәселелері ·
- 98
- № 585220
Шымкент қаласының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлына Шымкент қаласы, 16 мөлтек аудан, 22-үй, 2-пәтер тұрғыны Жетписбаев Мурат Абдукаримовичтен (ЖСН-721203300076, тел.:87024955186, 87085985504, эл.пошта: zhetpisbaev_72@mail.ru) Құрметті Ерлан Қуанышұлы! Сізге Қазақстан Республикасы ...
ТолығырақЖауаптар
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделгендей, мемлекет меншігіндегі бұрын берілмеген жер учаскелерін конкурс немесе сауда саттық арқылы берілу тәртібі көрсетілген, яғни мемлекет меншіктегі жер учаскелерін 21 ерекше жағдайды қоспағанда тек қана осы тәртіппен жүзеге асырылатынын хабарлаймын. Гараж құрылысын салу үшін жер учаскесін алу жоғарыда көрсетілген 21 ерекше жағдайға кірмейді.
Айтаханов Е.Қ. 25.12.2019, 06:13Турдалиев Куаныш
- Айтаханов Е.Қ.
- 10.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 120
- № 584896
Құрметті әкім мырза Сізге жұмысыңызға сәттілік, отбасыңызға амандық тілей отырып, алдыңғы сауалымда көтерген мәселенің біреуінің оң шешімін тапқанына алғыс білдерімін, атап айтқанда Байтереков көшесімен Майтобе көшесінң қиылысында жаяу жүргіншілер жолақтың алдында бағдаршам орнат ...
ТолығырақЖауаптар
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан С.Бәйтереков – Майтөбе көшелерінің қиылысында бағдаршам нысаны орнатылған. Бағдаршам нысаны орнатылған соң, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жаңа бағдаршамға толық ақпараттандыру (үйрету) үшін, сары жыпылықтаған сигнал режиміне қойылған. Бүгінгі таңда, С.Бәйтереков – Майтөбе көшелерінің қиылысындағы жаңа бағдаршам нысаны іске қосылып, қалыпты жұмыс атқарып жатқанын хабарлаймыз. Қала көшелерін жарықтандыруда бірінші кезекте шағынаудандардың әлеуметтік нысандар орналасқан (мектеп, емхана, балабақша және т.б), орталық маңызға (қоғамдық көлік қатынайтын) ие көшелерін қамту жоспарланған. Осы орайда, Нұртас шағынауданы (Майтөбе көшесі орналасқан аумақ) жоғарыда аталған талаптарға сай келетін Бәйтереков, Төлеметов көшелері жарықтандырылса, Гүлдала, Нұртас көшелерін жарықтандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басқарманың 2020 жылғы жұмыс жоспарына енгізіліп отырғанын хабарлаймын
Айтаханов Е.Қ. 23.12.2019, 06:49Нурманов Убадылла
- Айтаханов Е.Қ.
- 09.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 185
- № 584750
Құрметті Әкім мырза! Мен Сіздің атыңызға 22.11.2019 жылы шағымданып (№581803), Самал-2 м/а Көрікті көшесі №123 үйдің артындашекараға тақап, заңсыз құрылыс жүргізіліп жатқанын, менің құқықтарым тапталып жатқанын, соны тексеріп, жол берген лауазымды қызметкерлердің жауапкершілігін ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Самал-2 мөлтек ауданы, Көрікті көшесі №123 үйдің артындағы құрылыс бойынша жазған арызыңыз Шымкент қаласының қала құрылысын бақылау басқармасында (бұдан әрі-Басқарма) қаралды. Қаралу барысында, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 68 бабына сәйкес, тапсырыс беруші Н.К. Маханбетова а.ж. 2 шілдеде құрылыс - монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама басқарма реестрінде тіркелген. Мұндай жағдайда, тапсырыс берушінің тарапынан құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптар орындалғанын хабарлаймын. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабына сәйкес, тексерудің түрлері белгіленген, оның ішінде жоспардан тыс тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында бақылау және қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге (объектіге) қатысты тағайындайтын тексеру болып табылады делінген. Бұдан бөлек, тексеру тағайындау туралы актіде осы Кодекстің 145 бабының 2 тармағы, 5 тармақшасына сәйкес тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе өзiне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi көрсетілуі тиіс. Жоғарыдағылардың негізінде, басқарма тарапынан жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізе алмайтындығын хабарлаймын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, тұрғын үй қатынастары барысында туындаған даулар сот арқылы шешіледі. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 8 бабына сәйкес, әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Жоғарыдағылардың негізінде, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабын басшылыққа ала отырып, осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді хабарлаймын.
Айтаханов Е.Қ. 23.12.2019, 07:27Мамыркулова Сабира
- Айтаханов Е.Қ.
- 09.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 144
- № 584696
Қайта жазып отырмын. Асылбекованың түсініктемесін көрсетіңіздер. Осы мәселе бойынша мені сіздің жеке қабылдауыңызда қабылдап мені, маған айтыңыз.. Г. Асылбекова маған 08.11.2019жылы өтініш жаздырып, 13.11.2019 жылы бұйрық шыққанын білемін. Неге? Сонда мен 13.11.2019 ж. жумысқа ке ...
ТолығырақЖауаптар
Шымкент қаласы әкімі аппаратымен Сіздің жоғарыда аталған хатыңыз қаралды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының(бұдан әрі - Заң)9-бабы 15) тармақшасына сәйкес, мемлекеттiк қызметшiнiңсыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін оның жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша шығарылуғақұқығы бар. Заңның 61-бабы 1-тармағы1) тармақшасындакөрсетілгендей, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, олардың өз қалауы бойынша қызметтен шығару туралы өтініш беруi негіз болып табылады. Осыған орай, Сіз Заңда көрсетілген құқығыңызғасәйкес, 2019 жылғы 8 қарашадағы Аппарат басшысының атына жазған жұмыстан босату туралы өтінішіңіз негізінде, 8 қарашаданбастап аппараттың қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылдыңыз.Сіз, «С.Ы.Мамыркулованы жұмыстан босату туралы» Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының 2019 жылғы 8 қарашадағы №870 бұйрығымен танысудан бас тартуыңызға байланысты, аппараттың персоналды басқару қызметі басшысының міндетін атқарушысы А.Ижимов, осы бөлімнің бас мамандары Ж.Токсанбаев және Д.Тасполатовамен тиісті акт түзілген. Ал, жеке шағымдар бойынша Шымкент қаласы әкімінің жеке қабылдауына жазылу Shymkent.gov.kz сайты арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады және азаматтарды қабылдау күні әр аптаның жұма күні сағат 16:00-18:00 аралығында өткізіледі. Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1, 2-тармақтарына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Аталған Заңның 16-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметке біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің жеке және кәсіптік қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындауға қабілетті және Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген жағдайдақұжаттарды конкурс жариялаған мемлекеттік органға қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына не «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыра алатындығыңызды түсіндіремін. Шымкент қаласы әкімдігінің бос орындары туралы хабарландыру kyzmet.gov.kz, shymkent.gov.kz сайттарында жарияланады. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы А.Ижимовтің түсініктемесіне сәйкес, Сіздің хатыңыздағы уәждер өз дәлелін таппады. Сондай-ақ, егер Сіз, осы жауапқа келіспеген жағдайда, бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға, субъектiге немесе тікелей сотқа шағым жасауға құқылысыз.
Айтаханов Е.Қ. 23.12.2019, 05:52Мылтыкбаев Болат
- Айтаханов Е.Қ.
- 09.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 111
- № 584584
Құрметті Ерлан Қуанышұлы! 2019 жылдың 12 тамызында мен "Нұрлы жер" 7-20-25 бағдарламасы бойынша ипотека арқылы пәтер алдым. Мекен-жайы 189 квартал, 9 үй 37 пәтер. Пәтер ішіндегі есік терезелер жөнді жабылмайды, сынып қалған, дұалдал кейбір бөлмелерде жарылған және құрылыс бойынша ...
ТолығырақЖауаптар
Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен «Шымкент қаласы Тұран ш/а тоғыз қабатты №14, №15 тұрғын үйлер құрылысы. Сыртқы инженерлік желілерсіз» (№9 тұрғын үй) нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес жүргізіліп, 25.12.2018 жылғы №122 қабылдау актісімен пайдалануға тапсырылған және Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының теңгеріміне берілген болатын. Сіздің хатыңызда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме «Каз Медео Гранд» ЖШС-на Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 11.12.2019 жылы №19-05-16/3417 шығыс хаты жолданып, тапсырма берілді. Мердігер мекеменің 18.12.2019 жылғы №170 хатына сәйкес, хатыңызда көрсетілген кемшіліктер толығымен жойылғанын назарыңызға жеткіземін.
Айтаханов Е.Қ. 23.12.2019, 06:44Жетписбаев Мурат
- Айтаханов Е.Қ.
- 07.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 357
- № 584399
06.12.2019ж. №57 Шымкент қаласының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлына «Сынақ» Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлеуметтік құқықтарын іске асыру, қорғау» ҚБ Төрағасы Жетписбаев Мурат Абдукаримовичтен (Тіркеу №32042-1958-ҚБ, БСН-160440019988, тел.:87024955186, 87085985504, э ...
ТолығырақЖауаптар
Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 1-1 тармағы 23) тармақшасына сәйкес Қаңғыбас иттер мен мысықтарды жергілікті басқару органы құзіреттілігіне кіреді. Шымкент қалалық маслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/384-6с шешімімен «Шымкент қаласында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету» Қағидалары Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 сәуірде №35 болып тіркелді. "Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/383-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 56/472-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 қазанда № 64 болып тіркелді, жоғарыда аталған қағидалары бойынша «Ветеринарлық қызмет»МКК-ны қызмет атқарып келеді. 2019 жылы қаңғыбас ит-мысықтарды аулап жою жұмыстары бойынша 36 626 ит пен 3111 мысық ауланып жойылды. Қала аумағында қаңғыбас ит-мысықтарды аулап-жою жұмыстарымен «Ветеринариялық қызмет» МКК –ның арнайы 6 бригадасы жұмыс жасайды Қаланың 15,16,17,18, Сайрам, Теріскей, Шығыс мөлтек аудандарында қаңғыбас иттер мен мысықтардың саны көп екендігі көрсетілген.Ағымдағы жылдың 10-20 желтоқсан аралығында арызда көрсетілген мекен жайларға «Ветеринарлық қызмет» МКК-на қарасты ит аулау бригадалары барып 25 ит және 2 мысық аулап, уақытша ұстау орталығына жеткізілді. Қаңғыбас ит мысықтардың санын азайту үшін жануарлардың егелерін жауапты болуға шақыру. Қағида талаптарын сақтамаған жануар егесін Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 408-бабы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi орган белгiленген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларында, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу–ескерту жасауға немесеалғашқы кезеңде үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сіздің сын ескертпелеріңізді ескере отырып 2020 жылы қаңғыбас иттер мен мысықтар аулау және жою комиссия құрамында болуыңызды сұранамын.
Айтаханов Е.Қ. 20.12.2019, 06:51Жетписбаев Мурат
- Айтаханов Е.Қ.
- 06.12.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 267
- № 584391
06.12.2019ж. №56 Шымкент қаласының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлына «Сынақ» Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту және әлеуметтік құқықтарын іске асыру, қорғау» ҚБ Төрағасы Жетписбаев Мурат Абдукаримовичтен (Тіркеу №32042-1958-ҚБ, БСН-160440019988, тел.:87024955186, 87085985504, э ...
ТолығырақЖауаптар
Сіздің, «Ашық үкімет» порталы арқылы қала әкімінің блогына Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан «София», «Изюминка» және «Vinograd» кафелері бойынша жазған хатыңыз Шымкент қаласының қала құрылысын бақылау басқармасымен (бұдан әрі - Басқарма) қаралды. Қазіргі уақытта, арызда көрсетілген нысан иелерінанықтау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалына және Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасына сұраныс хаттар жолданды. Тексеру нәтижесібойыншабасқарма тарапынан тиісті шешім қабылданып қосымша хабарланады. Жоғарылардың негізінде, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабын басшылыққа ала отырып, осы жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді хабарлаймын.
Айтаханов Е.Қ. 20.12.2019, 11:15