- Блогтар
- Әйтенов М.Д.
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Ашық Үкімет Блогында менің дербес парақшам жұмысын бастады. Еліміздің үшінші мегаполисі мәртебесін алған Шымкент қаласы тұрғындарының өтініш-тілектерін тыңдап, көмек көрсету және ашық диалог орнатып, халықпен етене жұмыс жасау басты міндетім.
Қаламызды дамыту жолындағы Сіздердің ұсыныстарыңыз маңызды. Сондықтан блогқа жолданған әрбір өтініш пен ұсыныстарыңыз жан-жақты қаралып, заң аясында жауап беріледі. Қажет болған жағдайда тиісті шешімдер қабылданатын болады