• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сахиев С.К.
Сахиев С.К.

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Сахиев С.К.

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

Сахиев Саябек Қуанышбекұлы 1971 жылы 27 наурызда дүниеге келді. Ұлты - қазақ. Физика-математика ғылымдарының докторы. 1987 жылы орта мектепті медальмен бітірді. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Физика факультетін үздік (орташа балы-5,00) бітірген. Аталмыш университеттің күндізгі аспирантурасын 1995 жылы аяқтап, 1995 жылғы қарашадан бастап 2000 жылғы ақпан аралығында ҚазҰУ теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.

2000 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары және басқарма басшысы қызметтерін атқарды. 2004 жылдың маусымынан бастап желтоқсаны аралығында ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, 2005 жылғы қаңтар-шілде айларында ҚР БҒМ кадр және ұйымдастыру жұмыстары басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2005 жылғы шілдеден бастап 2013 жылғы шілде аралығында «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы Орталық аппаратының түрлі құрылымдық бөлімшелерін басқарды.

2013 жылғы шілдеден бастап 2015 жылғы қыркүйек аралығында «ҚазИТЖУ «Ғылыми-білім беру мекемесінің» президенті. 2015 жылғы қыркүйектен бастап 2016 жылғы қыркүйекке дейін ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бас директоры. 2016 жылғы қыркүйектен бастап 2017 жылғы қыркүйегі аралығында «ҚазИТЖУ «Ғылыми-білім беру мекемесінің» президенті. 2017 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қараша аралығында Ғылым департаментінің директоры, ал 2020 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы тамыз аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми жұмыстар және цифрландыру жөніндегі проректоры лауазымдарында қызмет ақтарды. 2021 жылғы тамыздан бастап 2022 жылғы сәуір аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Агротехнологиялық Хабының директоры. 2022 жылғы 28 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК бас директоры лауазымына тағайындалды.

Ғылыми қызметі ядролық астрофизика мен термоядролық реакциялар саласында маңыздылығымен ерекшеленетін жеңіл (оның ішінде нейтроны артық) ядролардың қасиеттерін зерттеулермен тығыз байланысты. Зерттеулердің негізгі нәтижелері ҚР ҰЯО ЯФИ мен Ресей Федералдық ядролық орталығы - Бүкілресейлік эксперименттік физика ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы шеңберінде жаңғыртылған және толықтырылған SaBa Халықаралық ядролық деректер кітапханасына (Саров қ., Ресей) енгізілген.

Қазіргі уақытта қуатты фемтосекундты лазермен үйлестіре отырып, күшті ағымды Z-пинч базасында инерциялы-магниттік термоядролық синтез саласындағы зерттеулермен айналысады, сондай-ақ ғалымдар мен экспериментшілер тобында сутекті өндірудің инновациялық көміртексіз технологиясының жобасы әзірленді. Одан әрі тереңдетілген пәнаралық зерттеу үшін плазма физикасы, лазерлік және ядролық физика, соққы толқындар физикасы шегінде Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымымен (ЦЕРН, Женева), Біріккен ядролық зерттеулер институтымен (Дубна, Ресей), Массачусетс технологиялық институтымен (АҚШ), Лауэ-Ланжевен институтымен (Гренобль, Франция), Ұлттық ядролық физика  институтымен (Сицилия, Италия), РҒА Сібір бөлімшесімен (Новосибирск қ.), М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ЯФ ҒЗИ-мен және т.б. тығыз байланыс орнатылды.

Бірлескен авторлықта 90-нан астам ғылыми еңбектері жарияланған. С.Қ. Сахиев сегіз оқулықтың авторы, оның ішінде бесеуі («Квант  механикасы», 1-2 том, «Ядролық физика және элементар бөлшектер физикасы», 1-2 том, «Векторлық және тензорлық талдау негіздері») ҚР БҒМ басып шығарылған. Ядролық физика мамандығы бойынша ғылым кандидаты  (2005 ж.) мен  төрт PhD докторын (2016-2022 жж.) дайындады, сондай-ақ PhD докторанттары мен магистранттардың ғылыми жетекшісі болып табылады.

«Ерен еңбегі үшін» (2012 ж.) медалімен, бірнеше мерекелік медальдармен марапатталды.

Ол Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2017 ж. шілде).

Отбасылы, үш баласы, немересі бар.

Сахиев С.К.

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

Сахиев С.К.
(Мұрағат)

«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика