- Блогтар
- Амерходжаев Ғ.Т.
Амерходжаев Ғ.Т.
«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы
Амерходжаев Ғ.Т.
«Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы
1995 – 1999 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік заң университетінде құқықтану мамандығы бойынша оқыған, заңгер біліктілігі берілген.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінде оқыған, қосымша Іскерлік әкімшілік мастері - Master of Busines Administration (МВА) біліктілігі берілген.
Сондай-ақ «Ұйымды басқару шебері, Басшының менеджменті, Стратегиялық менеджмент, Инновациялық менеджмент психологиясы, Бастапқы бухгалтерлік есеп, Көшбасшы дағдылары» секілді әртүрлі бағдарламалар бойынша оқыған, сертификаттары бар.
Еңбек қызметін 1999 жылы «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ заңгер лауазымынан бастайды. Содан соң заң басқармасы бастығы, өңірлік сааясат және маркетинг басқармасының бастығы, заң қызметінің директоры лауазымдарына ауыстырылады. 2005 жылы «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында Басқарма мүшесі болып сайланады.
2005 жылғы мамыр-маусым айларында Орталық Азиядағы сақтандыру SABIT бағдарламасы бойынша АҚШ машықтанудан өтеді.
2007-2012 жылдары «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ («Қазэкспортгарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ) Басқарма төрағасы болып жұмыс істейді.
2009 жылдан бастап 2014 жыл аралығында «БТА банк» АҚ еншілес компаниясы «БТА Сақтандыру» АҚ Директорлар кеңесінде тәуелсіз директор, Басқарма төрағасы болып жұмыс істейді.
2013-2014 жылдары «БТА Сақтандыру» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет атқарады.
2014-2016 жылдары «ICG» ЖШС басқарушы әріптес болып жұмыс істейді.
2016 жылғы 8 маусымнан «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болып қызмет атқарады.