- Блогтар
- Кожихов Ә.Ғ.
Кожихов Ә.Ғ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасы
Кожихов Ә.Ғ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасы
1978 жылы дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша түлегі.
Еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің ғылыми қызметкері болып бастаған. 2001-2003 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі жанындағы сыртқы саясат және талдау орталығының сарапшысы болып жұмыс істеді. 2003 жылдан 2005 жылға дейін ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2005-2011 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы, Ақпараттық-талдау орталығы секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болды. 2011-2012 жылдары «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» РМК директорының орынбасары, 2013-2014 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі болды. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникация комитетінің төрағасы және 2018-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі – Талдау, болжау және стратегиялық бастамалар институтының директоры қызметтерін атқарған. 2019 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.2021 жылғы қаңтардан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Басқарма Төрағасы.