- Блогтар
- Жылбаев Ж.О.
Жылбаев Ж.О.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті
Жылбаев Ж.О.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті
1964 жылы 1 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген.
1988 жылы Қарағанды педагогикалық институтын бітірді.
1999 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
2004 жылы «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2018 жылдан бастап «Педагогика» мамандығы бойынша профессор.
Еңбек жолын жалпы білім беретін мектепте бастады, әр жылдары мектеп директоры болып жұмыс істеді, аудандық, қалалық, облыстық білім бөлімдерін басқарды, ҚР БжҒМ орта және бастауыш кәсіптік білім департаментінің директоры болды, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары мен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары білім мен мәдениетті дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.
2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясын басқарып келеді.
110-нан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ішінде 3 монографияның және 4 оқу- әдістемелік құралдардың және нольдік емес импакт-факторы бар, Scopus, Web of Science деректер қорына кіретін ғылыми журналдарда жарияланған 6 мақаланың авторы. Хирш индексі -2.
«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» мемлекеттік наградаларымен марапатталды.