- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Көшербаев Е.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1988 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «шет тілінде оқытатын тарихшы» мамандығы бойынша бітірген. 1993 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат» мамандығы бойынша бітірді.
1988 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Алматы қаласы № 170 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
1988-1991 жылдары – ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.
1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі.
1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.
1996-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.
1997 жылы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азия қауіпсіздігі бөлімінің бастығы.
1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің көмекшісі.
2000 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында – «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» қоғамдық қоры директорының орынбасары, директордың бірінші орынбасары.
2000-2001 жылдары – «ҚазТрансОйл» ҰК» ЖАҚ баспасөз қызметінің басшысы, Президенті аппаратының басшысы.
2001-2003 жылдары – Аппарат басшысы, бірінші вице-президенттің кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Президенті аппаратының басшысы.
2003-2004 жылдары – «Рауан Медиа Групп» АҚ Бас директоры.
2004 жылғы мамырдан тамызға дейін – «Отан» республикалық саяси партиясы Орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары.
2004-2005 жылдары – «ҚазМұнайГаз» АҚ Президенті аппаратының басшысы.
2005-2006 жылдары – «Атамекен» Қазақстанның жалпыұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігі Атқарушы директорының бірінші орынбасары.
2006-2007 жылдары – «Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі Орталық аппаратының басшысы.
2007 жылғы қаңтар-маусым аралығында – «Бүркіт» қаржы-өнеркәсіптік тобы» ЖШС директоры.
2007-2008 жылдары – «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.
2008-2009 жылдары – «Рауан Медиа Групп» АҚ Бас директоры.
2009-2010 жылдары – «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы.
2010-2014 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.
2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы.
2018 жылғы мамырдан 2019 жылғы қаңтарға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2020-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2023-2025 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2025 жылғы ақпаннан қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.
2025 жылғы 26 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
Ағылшын, корей және неміс тілдерін меңгерген.


