- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Құрметті достар,
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына қош келдіңіздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындайтын негізге сәйкес іске асырылатын мемлекетіміздің сыртқы саясаты бейбітшілік, ашықтық, көп векторлық, теңгерімділік және прагматизм тұжырымдамасына негізделген. Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің еліміз сапалы секірісті жүзеге асырды және әлемнің тез дамып келе жатқан экономикаларының қатарына кірді, халықаралық процестерге табысты интеграциялау және халықаралық тану, мемлекеттік шекараларды құқықтық ресімдеу, қарусыздану және ядролық зымырандық әлеуетті бөлшектеу міндеттерін өте жақсы орындады.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саяси ведомство қызметі жақын және алыс серіктестермен тең әрі өзара тиімді қатынастарды дамытуға және кеңейтуге, халықаралық аренада ұлттық мүдделерді және шет елдерде ел азаматтарының мүдделерін қорғауға, шетелдік тікелей инвестицияларды тартуға ұлттық стратегиялары мен бағдарламаларында бекітілген ел басшылығының ауқымды жаңғырту бастамаларын іске асыру үшін ең үздік сыртқы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сыртқы саясатты экономизациялау, қазақстандық экономиканың тұрақты және қарқынды дамуына жәрдемдесу, қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін сыртқы нарыққа шығару, сондай-ақ Қазақстан экономикасының басым секторларын цифрландыру және оларға инновациялық технологияларды тарту Сыртқы істер министрлігінің жұмысының басты бағыты болады.
Порталда министрліктің жұмысы туралы және Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары туралы толық ақпаратты таба аласыз деп сенемін.
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Ермек Көшербаев


