• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әбілсейіт М.Қ.
Әбілсейіт М.Қ.

РМҚК «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Әбілсейіт М.Қ.

РМҚК «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры

Әбілсейіт Мұқтар 1964 жылы 7 наурызда Атырау облысы (бұрынғы Гурьев облысы), Махамбет ауданы Сарытоғай селосында дүниеге келген. 1971-1981 жылдары Сарытоғай орта мектебін аяқтап, Гурьев педагогикалық институтының тарих-филология факультетіне түсіп, 1986 жылы «Тарих, қоғамтану және қосымша кеңестік құқық» мамандығын үздік дипломмен бітірген. 1986 жылы шілде айында Кеңес армиясы қатарына алынып, 1987 жылдың қарашасына дейін әскери борышын өтеген. Елге оралған соң,  1987 жылдың желтоқсанынан 1988 жылдың 10 қазаны аралығында Сарытоғай орта мектебінде тарих пәні оқытушысы болып еңбек етеді. 1988 жылы Гурьев педагогикалық институтының «КСРО және жалпы тарих» кафедрасына  оқытушы қызметіне шақырылады.  Ол 1990 жылдың желтоқсанында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті аспирантурасының күндізгі бөліміне қабылданып,  1993 жылы 14 сәуірде «Жайық-Жем мұнайлы ауданының дамуы (1920-1940 жж.)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, аспирантураны мерзімінен бұрын аяқтайды. Одан әрі Атырау педагогика институтында «Қазақстан тарихы» кафедрасында аға оқытушы бола жүріп, тарихшы мамандарды тәрбиелеу ісіне үлес қосады.

Жас ғалым Атырау қалалық мәслихатының депутаты (1994 ж.), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, тарих факультеті деканының орынбасары (1995-2000 жж.), «З.Алдамжардың ғылыми-ағарту және мәдени Орталығының» директоры (1995-1998 жж.), университет аға ғылыми қызметкері (2000-2001 жж.), Қостанай әлеуметтік академиясы әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің деканы (2001-2003 жж.)  қызметтерін атқара жүріп, 2002 жылы өндірістен қол үзбестен Алматы қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Диссертациялық кеңесінде «Қазақстанның батыс өңіріндегі қоғамдық-саяси өмір (XVIII ғ. ІІ жартысы – ХІХ ғ. бірінші ширегі)» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғайды.

2003 жылы Атырау қаласына оралып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде экономика факультетінің деканы, 2004 жылы әлеуметтік-экономикалық мәселелер және тәрбие жұмыстары жөнінідегі проректоры,  2005-2008 жылдың тамыз айына дейін ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарды. Бұл кезеңде университет ғылыми аккредиттеуден өтті, оқу орны «Хабаршысы» ҚР Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитеті тізіміне енгізіледі, 8 ғылыми жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландыруға ие болды, жаңадан магистратура мамандықтары ашылады.

Ә.Мұқтар 2008 жылы шілде айында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті шақыртуымен ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалады. Осында жүріп 2008 жылы ҚР Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің бұйрығымен 07.00.02 – Отан тарихы мамандығы бойынша БД 14.61.26 Диссертациялық кеңестің төрағасы, ал 2010 жылғы 7 шілдесінен бастап кеңес төрағасының орынбасары міндетін ойдағыдай атқарады. Диссертациялық Кеңеске ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан ешқандай сын ескертпе болмады. Бұл кезеңде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Ә.Мұқтардың ұйымдастыруымен ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру жобаларынан 7 жоба ұтып, оларды сәтті орындайды. Ғылыми жобалар ірі өндіріс орындарымен, соның ішінде Қарашығанақ кен орындарымен коммерцияландыруға бағыт алады. Нәтижесінде университет 100 млн. жуық қаржы табады. Бұл кезеңде оқу орнында магистратура мен докторантураның жаңа мамандықтары ашылады, халықаралық байланыстары дамыды, академиялық оралымдылық Польша, АҚШ, Германия университеттерімен жүзеге асырылады.

Әбілсейіт Қапизұлы 2015 жылы маусым айында Атырау мұнай және газ институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорлығына жарияланған конкурсқа құжатын ұсынып, 7 шілдеде ҚР Білім және ғылым министрі бұйрығымен  проректор болып тағайындалады. Аталған оқу орнында басталған қайта құрулар кезеңінде ғылыми ізденістер өндіріспен байланыстырылады, өндіріс өкілдері тартылған Ғылыми-техникалық Кеңес құрылады, алғаш рет коммерцияландыруға жобалар ұсынылады. Институт ғалымдары Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кәсіпкерлерімен ғылыми жобалар туралы байланыс орнатып, екі жақты келісімдерге қол жеткізіледі. Оның басшылығымен институт ғалымдары Франция Мұнай институтында ізденушіліктен өтеді.

Ә.Мұқтар 2017 жылы 27 маусым айында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне қызметке ауысып,  «Атырау өлкесінің тарихы, этнографиясы және археологиясы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ал 2018 жылы облыс әкімі ұсынысы бойынша Атырау облысы мемлекеттік архивінің директоры болып тағайындалады. Ол аталған қызметтерді да абыроймен атқарады.

Ә.Мұқтар 2018 жылы 27 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының бұйрығымен жаңадан құрылған РМҚК «Сарайшық» мемлкеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры міндетін атқарушы, 2019 жылы 30 мамырда конкурстық негізде директоры болып тағайындалады.

 Ә.Қ. Мұқтар тарих ғылымдарының докторы, профессор. Бүгінге дейін оның 5 монографиясы - «Азаттық таңы жолында» (Алматы: Ғылым, 2001), «Сырым батыр және Нұралы хан» (Қостанай, 2001), «Қазақ мұнайы тарихы» (Алматы: Өлке,  2006),  белгілі тарихшы Е.Б. Сыдықовпен бірлесе «ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ Хандығы» (Алматы: Мерекенің баспалар үйі, 2015), Ж.Дияровамен бірлесе «Сарайшық музей-қорығы тарихы(1963-2019 жж.)(Алматы: «Арыс» баспасы, 2019), 2 мақалалар жинағы - «Тарих тұңғиығындағы тұлғалар» (Алматы: «Арыс», 2008), «Тарих айдынындағы тұлғалар». 2-ші кітап. (Алматы, Арыс, 2013), 3 оқу құралы – «Алаш қозғалысы» (Мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған оқу-әдістемелік кітап, Атырау, 1995), «Қазақ халқының азаттық үшін күресі тарихы»(Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті баспаханасы, 2017), «Тұлғатану(ХҮІІІ-ХІХ  ғасырлар материалдары бойынша)» (Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті баспаханасы, 2017) жарық көрді. Ол 300-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.

Әбілсейіт Қапизұлы ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялайтын іргелі және қолданбалы зерттеулерге арналған ғылыми жобалардың авторы.

-   2006-2008 жылдары  «Қазақстандық Каспий: тарихы, орны, саяси маңызы»;

-   2008-2010 жылдары  «Батыс Қазақстан өлкесіндегі миграция мәселелері»;

- 2018-2020 жылдары «Қазақ Хандығы құрылымындағы билер, батырлар, тархандар, жасауылдар, қожалар институттары: олардың қызметі және жойылуы (ХV-XIX ғ.)».

Ә.Мұқтар 3 авторлық куәліктің иегері

-   2015 жыл 4 наурыз  №389  «ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ хандығы. Монография»

-   2019 жыл 9 желтоқсан №6881 «Біріншілер (1938-2018 жылдардағы Атырау облысы тарихынан). Монография»

-   2019 жыл 13 желтоқсан №7078 «Сарайшық музей-қорығы тарихы (1963-2019 жж.). Монография»

         Профессор Ә.Мұқтар өз ғылыми мектебін қалыптастырған ғалым. Оның жетекшілігімен 7 ғылым кандидаты, 10 магистр даярланды. Олар Атырау, Орал, Қостанай қалаларындағы жоғары оқу орындарында еңбек етуде.

          Ә.Мұқтар республикалық ғылыми журналдардың редколлегия мүшесі.              

-   Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының «Отан тарихы» журналы;

- «Қазақ тарихы» ғылыми және ғылыми-әдістемелік журналы.

- «DANA.kaz» журналы

           Ә.Мұқтар марапаттары.

  • ҚазССР Жоғары Кеңесі Президиумының Грамотасы (1985);
  • «За трудовую доблесть» медалі (1986);
  • Білім мен ғылым министрінің мақтау қағазы(2007);
  • Ресей Федерациясының университеттерімен тығыз ғылыми-мәдени байланыстары үшін Ресей Федерациясы Қалмақ Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазы(2012);
  • Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2013);
  • «Ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия» иегері (2017);
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Грамотасы (2018);

Әбілсейіт Қапизұлы отбасылы.

Жұбайы Ахметова Ұлжан Төлегенқызы - тарих ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры.  Отбасында бес бала тәрбиеленуде.

Әбілсейіт М.Қ.

РМҚК «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры

Әбілсейіт М.Қ.
(Мұрағат)

РМҚК «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика