- Блогтар
- Жумабекова Г.М.
Құрметті Ашық үкіметтік порталдың оқырмандары,
Менің парақшама қош келдіңіздер!
Мен еліміздегі ірі көркемсуретті музей – Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейін ұсынамын, ол қазақстандық және әлемдік бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің ғажайып үлгілерінің бірегей коллекциясына ие.
Бұл алаң музей қызметіндегі маңызды әрі өзекті мәселелерді талқылауға, сіздердің ұсыныстарыңызды қабылдауға мүмкіндік береді, біз сұхбаттасуға дайынбыз!
Музей – сұлулық пен өнер әлеміне бастаушы, тарихтың айнасы.
Біз сіздерді күтеміз, құрметті ғажайыпты бағалаушылар!
Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ директоры,
Жумабекова Гулаим Мусагуловна