- Блогтар
- Шалекенов С.Б.
Шалекенов С.Б.
«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы
Шалекенов С.Б.
«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы
ӨМІРБАЯН
С.Б. Шалекенов
«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
Санжар Болатұлы Шалекенов - медицина ғылымдарының кандидаты, PhD - Doctor der Medizin (Германия), Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің урология және андрология кафедрасының доценті (ҚазМҮББУ), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ урология кафедрасының доценті. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. «Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты» РМҚК; «Хирургия» мамандығы бойынша интернатура, клиникалық ординатура, біліктілігі – «Дәрігер уролог»; «ҚДСЖМ» қазақстандық медициналық университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратура бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласының №12 орталық қалалық клиникалық ауруханасында уроандрология бөлімінде бастады. Кейінен Алматы қалалық Дәрігерлерді жетілдіру институтында урология кафедрасында клиникалық ординаторы болып жұмыс істеді. 2009 жылдың қаңтар - қазан айларында – Алматы қалалық Дәрігерлерді жетілдіру институтының урология кафедрасының медицина ғылымдары кандидатының ассистенті, Астана қаласы «Респбуликалық ғылыми жедел медициналық жәрдем орталығы» АҚ урология бөлімшесінің дәрігері. 2010 жылдың тамызынан 2011 жылға дейін Астана қаласының № 2 Қалалық клиникалық ауруханасында урология бөлімшесінің эндоскопист-дәрігері, 2011-2015 жылдары – «Астана қаласының ҚР ПІБ ауруханасы» РМК консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің дәрігері, 2016 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы «Қалалық жедел жәрдем ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқарды. 2017-2019 жылдары - Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің (ҚазМҮББУ) урология және андрология кафедрасының, 2019-2021 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ урология кафедрасының доценті. 2021 жылғы сәуірде Астана қаласы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС-де ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі Басқарушы директор лауазымын атқарады. Астана қаласы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының ғылыми және білім беру қызметі жөніндегі орынбасары лауазымын дәйекті түрде атқарады.
2023 жылдың наурыз айынан тамыз айына дейін Астана қаласы «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарған.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ғинияттың 2023 жылғы 24 тамыздағы №48 ж/в бұйрығының 1-тармағына сәйкес Астана қаласы "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалды.