• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
  • Портал туралы
    • Талдау
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

МО басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бүркітбаев Ж.Қ.
Бүркітбаев Ж.Қ.

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

Сәлеметсіздер ме, құрметті блог қолданушылары!

Осы алаңда біз Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамыту және біздің орталықтың жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелеріңізді конструктивті түрде талқылай аламыз. Сіздердің жауаптарыңыз, ескертпелеріңіз бен ұсыныстарыңызды мен әрқашан естіп және біз бірігіп онкологиялық науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға тырысамыз.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек пен жоғары технологиялық қызметтер ұсынады, сонымен қатар клиника көп бейінді медициналық қызметте көп жылдық тәжірибеге ие.

Біздің дәрігерлердің кәсіби тобы күрделі операциялар кезінде пациенттердің қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ операциядан кейінгі асқынулар мен мүгедектік ықтималдығын төмендету үшін ең жаңа медициналық технологияларды сәтті енгізеді. Біздің мамандар емдеудің ең жақсы әдістерін іздеуде әлемнің жетекші клиникаларында тәжірибеден өтеді. Жыл сайын рецензияланған, халықаралық, жоғары дәйексөзделген журналдарда жарияланады.

ҰҒОО органдар трансплантацияның барлық түрлері жасалынатын ірі клиникасы болып табылады. Сонымен қатар, ҰҒОО онкематологиялық науқастарға сүйек майын трансплантациялау  бойынша және қажетті жоғары білікті көмек көрсетілетін Қазақстандағы жалғыз онкогематология орталығы орналасқан.

2019 жылы клиникада Қазақстандағы асқазан-ішек жолдары және бауыр аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіретін жалғыз бөлімше - Онкогепатология және гастроэнтерология орталығы ашылды.

2019 жылы ҰҒОО жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беруді институционалды аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне (үзіліссіз кәсіби даму) аккредитациядан өтті. Клиника негізінде жас мамандар да, тәжірибелі қазақстандық дәрігерлер де жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтан өтіп, қосымша кәсіби білім алады.

Сол жылы ҰҒОО зияткерлік қызметтің нәтижелерін практикада қолдануға мүмкіндік беретін ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырманы орындау аясында жаңа онкологиялық орталық салынуда, кезеңдері жаңа медициналық-диагностикалық ғимараттың құрылысы және қолданыстағы ғимаратты қайта құру (бұрын Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы).

Бұл стратегиялық маңызды және әлеуметтік маңызы бар жоба, оның мақсаты Қазақстан халқына жоғары технологиялық медициналық көмектің қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық ғылыми онкология орталығы өз саласындағы жетекші халықаралық орталыққа айналады деп жоспарлануда, оған ғылыми-зерттеу зертханалары, оқу және клиникалық мекемелер кіреді.

ҰҒОО ең алдыңғы қатарлы технологияларды, сәулелену, лазер, протон және ядролық медицина бөлімдерін ұсынады, бұл пациенттерге шетелде жүрмей-ақ, Қазақстанда ерте диагностикадан бастап жоғары технологиялық емделуге және оңалтуға дейінгі медициналық көмектің барлық түрін алуға мүмкіндік береді.

Жетекші медициналық және ғылыми орталықтар - Батыс Германияның онкологиялық орталығы (Эссен, Германия), Шарите онкогематология клиникасы (Берлин, Германия), В.И. Березин атындағы медицина институты (Санкт-Петербург, Ресей), Дания протон орталығы (Орхус, Дания), Ұлттық онкология орталығы (Токио, Жапония), Ұлттық онкология орталығы (Коян, Оңтүстік Корея), Сеул ұлттық университеті (Сеул, Оңтүстік Корея), Манчестер Университеті (Манчестер, Ұлыбритания), Минск ғылыми-практикалық хирургия, трансплантология және гематология орталығы (Минск, Беларусь), Ядролық медицина объектілерін жобалау және дамыту федералды орталығы (Мәскеу, Ресей), сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

Еуропалық онкология институтын (Италия), Кюри институтын (Франция), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігін (МАГАТЭ), MD Anderson онкология орталығын (АҚШ), Германия, Австрия, Израиль, Жапония университеттік клиникаларын және басқа да халықаралық ұйымдар мен клиникаларды стратегиялық серіктестікке тарту туралы келіссөздер жүргізілуде.  

Бүркітбаев Ж.Қ.

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы

Бүркітбаев Ж.Қ.

«Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

  • Қазіргі уақытта қабылдау кестесінде бос күндердің болмауына байланысты қабылдау жүргізілмейді. Кейінірек тіркеліп көріңіз.
  • Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы (СІО)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • МО басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Өтініш беру ұялы байланыс операторларға
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Қазақстан Республикасы, Астана
    Министрліктер үйі, 16В кіреберіс

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777

    E-mail: sd@nitec.kz

    Бізбен байланысу

    Яндекс.Метрика