- Блогтар
- Төкежанов Б.Т.
Төкежанов Б.Т.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқармасының төрағасы
Құрметті достар!
Менің жеке блогыма қош келдіңіздер! Бұл алаң Сізді толғандыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік беретін тағы бір тиімді байланыс арнасына айналатынына сенімдімін.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының негізгі міндеттерінің бірі-пациенттердің құқықтарын қорғау. Сондықтан азаматтардан кері байланыс алу және шешімдер мен жетілдіруді қажет ететін мәселелер мен сұрақтар жайлы білу маңызды.
Қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын іске асыру МӘМС жүйесі арқылы денсаулық сақтауды жеткілікті қаржыландыруға қол жеткізумен, медициналық қызметтер нарығында бәсекелестікті дамыту арқылы сапалы және қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз етумен және өз денсаулығын нығайту ісінде азаматтардың ортақ жауапкершілігіне байланысты. Бұл біздің дені сау ұлтты құру және дамыту жөніндегі ортақ мақсаттарымыз, жүргізіліп жатқан барлық өзгерістердің негізінде азаматтарды тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің кепілдігі.
Өз тарапымнан әр өтінішке мұқият болуға және отандастарымның сұрақтары мен тілектеріне жауап беруге уәде беремін.
Құрметпен,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Басқарма Төрағасы
Төкежанов Болат