- Блогтар
- Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
Жазықбай Д.М.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы
1976 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай заң институтын бітірген. Мамандығы бойынша философ, философия пәнінің оқытушысы, заңгер. Философия ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Алматы заң институтында, содан кейін Ішкі істер министрлігінің академиясында оқытушы болып бастаған. Ішкі істер министрлігінің аппаратында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Парламент Сенаты Аппаратының Әкімшілік бөлім меңгерушісінің орынбасары, Кадр жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі болған. Парламент Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалған.
2019 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
2022 жылғы 11 қантарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы болып тағайындалды.