- Блогтар
- Рахматуллин А.Т.
Рахматуллин А.Т.
«Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК директоры
Жаксылыков Сагыныш
- Нұршабеков Р.Р.
- 10.09.2021
- · Өтініш қабылданды·
- · Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ·
- 230
- № 704993
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған Тасбастау ауылдарында ұялы байланыс операторларының мачталы антенналары орнатылмаған, осы екі ауылда 1200 жуық жергілікті тұрғыны бар 1 орта мектеп 1 бастауыш мектеп орналасқан, алайда интернетке кіру былай тұрсын ұялы телефонмен сөйлесудің өзі қиын, антенна әр жерден бір ұстайды, үйде отырып сөлесу мүмкүндігі жоқ. Осы күнге дейін ауыл әкімінің қолдауымен Билайн және Теле-2 операторларына хат жолдаған болатынбыз алайда жауап жоқ. Сол себепті мына дамыған заманда 4 ЖИ интернет сұрамаймыз тым болмаса байланысты дұрыстап беруіңізді сұранамын. Жалуемся на связь! Прошу провести проверку связи! Почему у нас так? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті, Жақсылықов Сағыныш! Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Сіздің Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округінің Қариқорған және Тазбастау ауылдарындағы ұялы байланыс сапасына қатысты өтінішіңізді қарастырып келесіні хабарлайды. «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-7) тармақшасына сәйкес байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру байланыс саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитеті). «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабында көзделген мемлекеттік монополияға сәйкес Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №327 бұйрығымен бекітілген Байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу әдістемесіне 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептерді ұсына отырып, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің техникалық тапсырмалары негізінде байланыс қызметтері сапасының параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Осыған байланысты, байланыс саласындағы уәкілетті органнан немесе оның аумақтық бөлімшесінен тиісті техникалық тапсырма келіп түскен жағдайда Кәсіпорын байланыс қызметтері сапасының техникалық параметрлерін өлшеу бойынша жұмыстар жүргізуге дайын екендігі туралы хабарлайды.
Нұршабеков Р.Р. 14.09.2021, 10:51