- Блогтар
- Қажғалиев А. Т.
Қажғалиев А. Т.
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК-ның директоры
Қажғалиев А. Т.
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК-ның директоры
Қажғалиев Асхат Тарасұлы 23 ақпан 1985 жылы Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Құрманғазы ауылында дүниеге келген.
2006 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжін «Дәстүрлі әндер» класын , 2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетін «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі – 13 жыл. Саладағы еңбек өтілі – 13 жыл. Осы еңбек ұжымындағы еңбек өтілі – 5 жыл.
Еңбек жолын 2007 жылы Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәдени демалыс орталығы, Володар ауылдық клубында сүйемелдеуші болып бастаған.
2011-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәдени демалыс орталығы, Мичурин ауылдық клуб меңгерушісі, үйірме жетекшісі.
2015-2017 жылдары «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК директорының орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК-ның директоры қызметін атқарып келеді.
Облыс мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімі (2017, 2020), мәдениет басқармасы (2018) алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының «Өнер саласының үздігі» (2019) төсбелгісімен марапатталды.