- Блогтар
- Ахметова Э.А.
Ахметова Э.А.
ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК директоры
Ахметова Э.А.
ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК директоры
Ахметова Эльмира Ақылбекқызы 1965 жылы 6 қарашада Ресейде, Троицк қаласында қызметкерлердің отбасында дүниеге келген.
1984 жылы медицина институтына оқуға түсердің алдында Арқалық аудандық ауруханасында санитар болып істеді.
Екі жоғары білімі бар. 1990 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін «Акушер-гинеколог» мамандығымен тәмамдаған. Институт қабырғасында оқып жүргенде біліктілігін арттыру және тәжірибес жинақтау мақсатында қосымша Қарағанды қ. жедел медициналық жәрдем қызметінде санитар, медбике болып жұмыс істеді.
1996 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын аяқтап, медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін (PhD) алу үшін «Хромды биогеохимиялық өңірде тұратын жасөспірім қыздардың жыныстық жетілуінің ерекшеліктері» тақырыбында диссертациясын қорғады.
2019 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1990 жылы Арқалық қаласының перзентханасында акушер-гинеколог ретінде бастаған.
1998 жылы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау Басқармасының бас акушер-гинекологы қызметіне тағайындалды. Екі жыл С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде акушерлік және гинекология кафедрасында ассистент болып еңбек етті.
2000-2006 жылдар аралығында Алматы қ. №1 перзентханасында және Алматы қ. теміржолшылар ауруханасында бөлім меңгерушісі, Астана қ. №1 қалалық перзентханасында бас дәрігердің емдеу-профилактика жұмыстары жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2007 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымды қызметте болды. емдеу-профилактика Департаментінің, медицина және фармацевтика қызметін бақылау Комитетінің, медицина қызметтерін төлеу Комитетінің бас маманынан бастап, ана мен баланы қорғау басқармасының жетекшісі, медициналық көмекті ұйымдастыру Департаменті директорының орынбасары дәрежесінде жауапты қызмет атқарды.
2017 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау Басқармасында басшының босандыру және балалар бойынша орынбасары болды.
2018 жылдан бастап екі жыл «Қазақ үздіксіз медициналық білім беру университеті» АҚ-да клиникалық қызмет Департаментінің директоры және клиникалық қызмет бойынша проректор болды.
2020 жылдан бастап ШЖҚ «Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы» МКК директоры болып тағайындалды.
Акушерлік және гинекологиялық отаны толық меңгерген. Акушерлік және гинекология және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша жоғары білік санатына ие.
2 әдістемелік ұсынымы бар, патент және 15-тен астам мақала авторы.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақтау қағазымен, ҚР денсаулық сақтау министрлігі және медицина ұйымдары басшыларының мадақтамасымен марапатталған.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерінің иегері.