- Блогтар
- Байдеуов А. Н.
Байдеуов А. Н.
ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК директоры
Байдеуов А. Н.
ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК директоры
Мен, Байдеуов Арман Нұрқайрұлы БҚО Орал қаласында 1985 жылы 9-сәуірде қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. Білімім-жоғары, медициналық.
Тілдерді меңгеруім: Ана тілі- қазақ тілі, орыс тілі-жетік, ағылшын тілі-Pre-intermediate, әрі қарай оқып үйренудемін.
1992 жылдан 2003 жылға дейін Орал қаласының №21 жалпы орта білім беретін мектебінде оқыдым.
Орта мектепті бітіргеннен кейін 2003 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясына оқуға түсіп, 2009 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, дәрігер біліктілігімен бітірдім.
Оқу кезеңінде университеттің ғылыми өміріне белсенді қатыстым. Госпитальдық хирургия бойынша студенттік ғылыми үйірменің төрағасы болдым.
Бірнеше дүркін республикалық және халықаралық ғылыми конференциялардың жүлдегері және қатысушысы болдым:
- «Вариант отхождения лучевой артерии»Ақтөбе қаласы, 2004 ж.
- Влияние постоянного электрического тока при грануляционных язвах» Казань қаласы, 2006 ж.
-«Гендерные различия по вегетативному тонусу у студентов в период экзаменационной сессии» Иваново-Франковск қаласы, 2007 ж.
-«Применение эмбриональных тканей в неврологии» Ақтөбе қаласы. 2006 ж.
-«Ронколейкин и системная энзимотерапия в лечении абдоминального сепсиса» Винница қаласы, 2008 ж. Украина.
-«Клинико-иммунологическая эффективность цитокинотерапии Ронколейкином в сочетании с системной энзимотерапией в комплексном лечении распространенного перитонита, осложненного абдоминальным сепсисом» Волгоград қаласы, 2009 ж. РФ.
ОҚУЛАР:
2009 жылдан 2010 жылға дейін«Емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатурадан өтіп, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде хирург - дәрігер біліктілігін алдым.
2010 жылдан 2012 жылға дейін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша А.Н.Бакулев атындағы жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми орталығы жанындағы клиникалық ординатурада РАМН (Мәскеу қ.) жүрек клапандары мен коронарлық артериялардың реконструктивті хирургиясы бөлімшесінде оқып, «Жүрек-қантамыр хирургиясы» мамандығы бойынша толық курсты аяқтадым.
2015 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Алматы қаласындағы Халықаралық инновациялық ғылыми-білім беру орталығында «Сәулелік диагностика (Ультрадыбыстық диагностика)» мамандығы бойынша 864 сағат қайта даярлаудан өттім.
2018 жылдың 23-28 қыркүйек аралығында ГФР-да 16 академиялық сағат көлемінде «Денсаулық сақтаудың әлемдік үрдістері: Германия тәжірибесі» атты шетелдік семинар шеңберінде оқудан өттім. Берлин, Потсдам, Эберсвальде, Дрезден.
2016 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін «Республикалық медицина академиясы» Батыс Қазақстан облыстық филиалында 1080 сағат көлемінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өттім.
07.05.2018ж. - 10.03.2020 ж. – «Алматы Менеджмент Университеті» ББ-да оқу. Іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша Іскерлік әкімшілендіру магистрі біліктілігі берілді.
«Кардиохирургия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатым және «Сәулелік диагностика (Ультрадыбыстық диагностика)» мамандығы бойынша маман сертификатым бар.
ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІМ:
10.09.2012ж. - 02.05.2016ж. -Орал қ. ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК кардиохирургия бөлімшесінің дәрігер-кардиохирургі.
03.05.2016 ж. - 26.03.2018 ж. - директордың сапа жөніндегі орынбасары. Директордың сапа жөніндегі орынбасарының негізгі жұмысымен қатар мен кардиохирург болып жұмыс істедім және оталар жасадым.
2018 жылғы 27 наурыз-13.06.2018 ж. - ШЖҚ «Облыстық клиникалық аурухана» МКК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалдым.
14.06.2018ж. -16.09.2018 ж. - ШЖҚ «Облыстық клиникалық аурухана» МКК директоры болып тағайындалдым.
17.09.2018ж. - 12.03.2019 ж. - ШЖҚ «Облыстық көп бейінді аурухана» МКК директорының міндетін атқарушы болып тағайындалдым.
13.03.2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК директорымын.
2016 жылы А. Н.Бакулев атындағы жүрек-қантамыр хирургиясы ғылыми орталығының жанындағы аспирантураның сырттай бөліміне «Жүрек-қантамыр хирургиясы" мамандығы бойынша оқуға түсіп, қазіргі уақытта профессор И.И.Скопиннің жетекшілігімен «70 жастан асқан пациенттерде жүрек-қантамыр клапандарын ЖИА-мен үйлестіре отырып, қолқа және митральды қақпақшаларды хирургиялық емдеудегі операция алды және операциялық қауіп факторлары» тақырыбы бойынша оқудамын.
2018 жылдың 09-13 сәуір аралығында «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша «Үнемді өндіріс негіздері» циклі бойынша 54 сағат біліктілік арттырудан өттім. ҚР ДСМ «ДСДРО» ШЖҚ РМК.
2018 жылдың 23-28 қыркүйек аралығында 16 академиялық сағат көлемінде «Денсаулық сақтаудың әлемдік үрдістері: Германия тәжірибесі» атты шетелдік семинар шеңберінде оқудан өттім.
2018 жылдың 28-29 қараша аралығында «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» тақырыбы бойынша 17 сағаттық семинарға қатыстым. ҚР ДСМ көшпелі циклы Орал қаласы.
2019 жылғы 25 ақпан мен 01 наурыз аралығында «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» циклі бойынша «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша біліктілігімді арттырдым.
2019 жылдың 22 сәуірінен 21 мамырына дейін «Республикалық медицина академиясы» Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Кардиохирургияның өзекті мәселелері» циклі бойынша «Кардиохирургия (ересектер)» мамандығы бойынша 216 сағат біліктілігімді арттырдым.
2019 жылдың 29 мамыры мен 11 маусымы аралығында «Республикалық медицина академиясы» Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Кардиологиядағы Ультрадыбыстық диагностика» -108 сағат циклі бойынша «Сәулелік диагностика» мамандығы бойынша біліктілігімді арттырдым.
2019 жылдың 02 қыркүйегінен 06 қыркүйегіне дейін заманауи HR-технологияларды қолдана отырып, адам ресурстарын басқару мәселелері бойынша денсаулық сақтау мамандарына арналған 54 сағаттық аймақтық семинарға қатыстым.
01.10-02.10.2020 жылы «Көшбасшылық туралы теория негіздері» тақырыбында семинар-тренингте оқыдым.
Қаланың қоғамдық-саяси өміріне қатысамын. «Нұр Отан» партиясының мүшесімін.
Отбасылық жағдайым: Үйленгенмін, екі қызым және ұлым бар.