- Блогтар
- Калиев К. Ж.
Калиев К. Ж.
Облыстық қан орталығы директоры
Калиев К. Ж.
Облыстық қан орталығы директоры
Мен, Калиев Куаныш Жарылғасынұлы, 1966 жылы 03 тамыз күні Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Березовка ауылында дүниеге келдім.
1983 жылы Березов орта мектебін бітірдім. 1983-1984 жылдар аралығында Березов совхозында трактор жүргізушісі болып жұмыс жасадым.
1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының санитарлық – гигиеналық факультетіне оқуға түстім. 1985-1987 жылдар аралығында Свердлов облысында Совет армиясы қатарында өз борышымды өтедім.
1992 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын тамандадым. 1992 – 1993 жылдары Орал қаласында қалалық санэпидемиологиялық қызметінде машықтанудан (интернатурадан) өттім.
1993 жылы Орал қаласында Қалалық СЭС-на еңбек гигиена бөлімшесіне санитарлық дәрігер ретінде қабылдандым. 1994 жылы желтоқсан айында Қалалық СЭС-та санитарлық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалдым. 1997 жылдан Қалалық СЭС-та директордың орынбасары болып тағайындалдым 2004 жылдың наурыз айынан бастап Облыстық СЭС-нің директорының орынбасары ретінде тағайындалдым. 2008 жылдың маусым айынан бастап санитарлық – эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры болып тағайындалдым, сол жерде 2015 жылдың қазан айына дейін қызметімді атқарып келдім. 2016 жылдың сәуір айынан бастап, Облыстық қан орталығы директоры болып тағайындалды.
Денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші біліктілік санатым бар. Іскерлік әкімшілік магистрі.
Жолдасым, Муканова Райса Болгалиевна, жеке кәсіпкер болып жұмыс жасайды. Қызым, Калиева Радмила Алматы қаласында «Делойт» компаниясында қаржылық аудитор болып жұмыс жасайды.
Мекен жайым: Орал қаласы, Хусаинова көшесі, 112.