- Блогтар
- Жұбатов М. Ө
Жұбатов М. Ө
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры
Жұбатов М. Ө
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры
Жұбатов Мәулет Өтемісұлы 17 наурыз 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.
2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек өтілі-15 жыл. Саладағы еңбек өтілі- 9 жыл. Орталық директоры лауазымында- 3 жыл.
Еңбек жолын 2006 жылы Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып бастаған. 2012 жылы Теректі аудандық мәдени-демалыс орталығының әдістеме бөлімінің меңгерушісі, 2012-2018 жылдары аралығында Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Теректі аудандық мәдени демалыс орталығы» МКҚК-ның директоры қызметін атқарған.
2018 жылдың сәуір айынан бастап күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры қызметін атқарады.
М.Жұбатов республикалық Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының жеңімпазы (2002), халықаралық “Шабыт” фестивалінің дипломанты (2004).
Мәдениет және өнер саласының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Өнер саласының үздігі» /2019/, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек Даңқы» /2019/ төсбелгілері және «Жайық айтысына- 60 жыл» мерейтойлық медалімен (2018), сонымен бірге Қазақстан РеспубликасыныңМәдениет және спорт министрі, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Отбасында жолдасы, бір ұл, екі қызы бар.