- Блогтар
- Алимбаева К.Р.
Алимбаева К.Р.
КМҚК Ер Төстік бөбекжай-балабақша директоры
Алимбаева К.Р.
КМҚК Ер Төстік бөбекжай-балабақша директоры
Алимбаева Кулпан Рысжанқызы 15.08.1961 жылы Көксу ауданы Еңбекшіқазақ ауылында дүниеге келген.
Ұлты: қазақ.
Білімі
1968 жылы Еңбекшіқазақ мектебінің бірінші сыныбына барып,1978 жылы Ленин атындағы орта мектепті аяқтады.
1978жылы Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы педагогикалық институтына түсіп,мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы, мектепке дейінгі тәрбие жұмысының методисі мамандығы бойынша 1982 жылы бітіріп шықты.
Еңбек өтілі
1982-1983 жылы аралығында Талдықорған қаласының №3 балабақшасында тәрбиеші болып, еңбек өтілін бастады.
1983 жылы Еңбекшіқазақ орталау мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып, ауысады.Мектепте комсомол, партия және қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасады.
2000 жылы екінші рет Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетіне түсіп,бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша 2001жылы тәмамдады.
2002 жылдан 2005 жылдары аралығында Еңбекшіқазақ орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,2005 жылдан-2011жылға дейін Еңбекшіқазақ орта мектебінің директоры,2011-2012 жылдары Ж. Егінбаев атындағы орта мектебінің директоры, 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін
КМҚК «Ер Төстік»бөбекжай-балабақшасында қызмет етуде. Марапаттары:
2005 жылы Алматы облыстық Білім департаментінің «Құрмет грамотасымен»,Аудандық Білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен»,
2012 жылы Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Құрмет грамотасымен»
2013, 2016 жылдарыКөксу ауданының Білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен»,
2015 жылы Көксу ауданы әкімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
2019 жылы Көксу ауданы әкімінің «Құрмет граммотасы»
2020 жылы «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ «Құрмет граммотасы».
Отбасы
Отбасылық жағдайы – үйленген
Қосымша ақпарат
Сотталмаған