- Блогтар
- Тоқмамбетов С. Ә.
Тоқмамбетов С. Ә.
“Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Мәдени-ағарту бірлестігі” МКҚК директоры
Тоқмамбетов С. Ә.
“Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Мәдени-ағарту бірлестігі” МКҚК директоры
Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы - Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылында 1989 жылы 13 наурызында дүниеге келген.
1995-1998 жылдар аралығында Қособа орта мектебі, 1998-2006 жылдар аралығында Қ.Мырзалиев атындағы Жымпиты жалпы білім беретін орта мектебінен білім алады.
Алғашқы еңбек жолын 2006 жылдың қыркүйек айынан «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінен бастады.
2010 жылы Орал қаласында Құрманғазы атындағы саз колледжін, 2013 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мәдени демалыс жұмысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқып тәмамдаған.
2008-2014 жылдары аралығында «Батыс Қазақстан облыстық жастар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, төраға орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарады.
2010-2011 жылдары аралығында Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК мекемесінде көркемдік жетекші қызметін атқарған.
2014 жылдың қаңтар–желтоқсан айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарады.
2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Сырым аудандык «Демалыс орталығы» МКҚК мекемесі директорының уақытша міндетін атқарушы болып қызмет етеді.
2017 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін аудандық «Жас туристер станциясы» КММ директоры болды.
2017 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК директоры болып қызмет етеді.
2020 жылдың 7 ақпанынан “Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Мәдени-ағарту бірлестігі” МКҚК директоры болып тағайындалды
2006-2019 жылдар аралығында атқарған, атқарып келе жатырған қызметтерімнің нәтижесінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, облыс, қала, аудан әкімдерінің, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаттары мен дипломдармен марапатталды.