- Блогтар
- Сатылганов Ж. К.
Сатылганов Ж. К.
«Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің» директоры
Құрметті Талғар агробизнес және менеджмент колледжі сайтының қолданушылары!
Бұл алаңда әр тұлғаның Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің қызметіне қатысты пікірі мен ұсынысын білдіруге мүмкіндігі бар. Сіздердің интеллектуалды көрсеткіштеріңіз тек білім деңгейімен ғана емес, сонымен бірге ұлттық тәрбиелеріңізбен, рухани жаңғыруыңызбен тікелей байланысты болғандықтан, мамандарды даярлауға байланысты қалыптасқан ойларыңызбен бөлісіп, туындаған сауалдарын қоя алады.
Колледж миссиясы- қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сай көшбасшылық қасиеттері бар, өз қызметінде құзіреттілікке ие жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау.
Сіздердің біздің колледжден сапалы білім алып, іскерлік қабілеттілігі мен кәсіби деңгейі жоғары, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре алатын, еңбек нарығының сұранысына сай білікті маман болатындарыңызға сенемін.
Директор блогы азаматтық ұстаным қалыптастыратын еркін диалог алаңы ретінде, Сіз бен біздің арамыздағы таным көкжиегін кеңейтетін, ынтымақтастық ортасы болады деп ойлаймын.
Колледждің тыныс-тіршілігімен тынысып, өзекті сұрақтарыңызды жолдаңыздар!