- Блогтар
- Кубаев Б. У.
Кубаев Б. У.
ШЖҚ «Теректі ауданының 2-ауруханасы» МКК-ның директоры
Кубаев Б. У.
ШЖҚ «Теректі ауданының 2-ауруханасы» МКК-ның директоры
Мен Кубаев Бекзат Утегенович 18.11.1980 жылы БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында дүниеге келдім. 1987 жылы Жәнібек №1 орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 1998 жылы бітіріп шықтым. 1999 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясына түсіп, 2005 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының емдеу ісі мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықтым. 2005-2006 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының емдеу ісі мамандығы бойынша интернатураны бітіріп шығып, хирург мамандығы бойынша дәрігер біліктілігін алдым. 2004 жылы отбасын құрдым. Жанұямда бір ер бала, екі қыз бала тәрбиелеп келе жатырмыз.
2006 жылдың тамыз айынан бастап БҚО, Теректі ауданы, Еңбек аумақтық медициналық бірлестігіне дәрігер хирург маманы бойынша жұмысқа тіркелдім.
2007 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының ПФ жанында Эндоскопия циклы бойынша «Эндоскопист мамандығы» білімімді жетілдірдім.
2009 жылы М.Оспанов атындағы БҚММА ҚМ және ФББФ жанында «Қатерлі ісіктерді емдеу мен диагностика жасаудың кәзіргі әдістері» циклы бойынша білімімді жетілдірдім.
2011 жылы Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты «Іш қуысы ағзалары хирургия» циклы бойынша біліктілігімді арттырудан өттім. 2017 жылы жоғары санатты дәрігер-хирург категориясын қорғадым. 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап аурухана директорының емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.2014 жылы қыркүйек айынан бастап желтоқсан айына дейін М.Оспанов атындағы БҚММУ-да «Денсаулық сақтау менеджменті» циклі бойынша қайта даярлаудан өтіп, 2016 жылы денсаулық сақтау менеджменті мамандығы бойынша екінші біліктілік санатын қорғадым.
2013 жылдан бастап ШЖҚ «Теректі аудандық аурухана» МКК директоры болып тағайындалдым. Қазіргі таңда 2018 жылдың мамыр айынан бастап «әкімшілендіру бизнесі» бойынша магистратурада оқып жатырмын және ШЖҚ «Теректі ауданының 2-ауруханасы» МКК-ның директоры болып жұмыс атқарудамын.