- Блогтар
- Доланғаранов Е.Ә.
Доланғаранов Е.Ә.
Алматы облысының мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасы ММ-нің Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы МКҚК директоры
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның 2016 жылғы 08 маусым №391 қаулысымен бекітілген жарғысына сәйкес: облыс бойынша мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру мен ғылыми-әдіскерлік орталығы болып халыққа қызмет көрсетеді.
Орталықтың негізгі бағыттары:
- облыс бойынша мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын 247 мәдениет үйлерi мен клубтарға, ұлттық-мәдени орталықтарға, оның ішіндегі 88 халықтық ұжымның және 1501 көркемөнерпаздар үйiрмелерiне ғылыми-әдістемелік жетекшілік етіп, ондағы мәдениет қызметкерлерінің білімін жетілдіруге бағытталған курстар, практикумдар, семинарлар, тренингтар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық лабораториялар, тағылымдамалар мен кеңестерді жоспарға сәйкес ұйымдастырады;
- облыс турғындарына түрлі мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып қызмет көрсетіп отырады (мемлекеттік және ұлттық мерекелер, мерейтойлар, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар, айтыстар, фестивальдер);
- қазақ және басқа халықтардың мәдени және рухани мұрасын насихаттау, ұлттық әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, халық шығармашылығын дамыту бағытында алдыңғы қатарлы тәжірибелік мектептер мен шеберлік кластарды, мәдени-демалыс индустриясын, ойын-сауықты, шоу-бизнесті дамыту және жетілдіру, ақылы қызметтер көрсету арқылы халықтың бос уақытын ұйымдастырудың инновациялық және ерекше түрлерін енгізу бағытында, шығармашылықпен айналысып отырған 12 білікті мамандар жұмыс атқарады.
Орталықтың материалдық-техникалық базасы жақсы жабдықталған. Түрлі мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру үшін жылжымалы сахна, лед-экран, дыбыс, жарық құралдарымен және оларды тасымалдайтын жүк автокөлітермен толық қамтылған.
Орталықтың директоры Доланғаранов Ермек Әбілқасымұлы.