- Блогтар
- Шаяхметов Б.Т.
Шаяхметов Б.Т.
«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Т. Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК директоры
Шаяхметов Б.Т.
«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Т. Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйі» МКҚК директоры
Шаяхметов Бауыржан Тұрлығазұлы, 1968 жылы 23 қыркүйегінде дүниеге келген, ұлты – қазақ, жоғары білімді. 1988 жылы Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы дарындылар мектебінің баян сыныбын тәмамдаған. 2008 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық университетін «педагогика, методика, музыка» мамандығы бойынша бітірген.
Шаяхметов Бауыржан Тұрлығазұлы алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының музыка мектебінде мұғалім болып бастаған.
2000 – 2005 жылдары Маңғыстау облысы Ақтауық қаласында облыстық филармонияда оркестр сүйемелдеушісі болып қызмет атқарды. 2005-2007 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылдық мәдениет үйінің директоры, 2007-2016 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды. 2016-2018 жылдары Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде музыка кафедрасының мұғалімі болды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Т. Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқаруда.
Б.Т. Шаяхметов жұмыс барысында өзін кәсіби біліктілігін тұрақты арттыратын жауапты маман ретінде көрсете білді.
Атқарып жүрген қызметінде тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды. Ұжымда сыйлы, әріптестерінің арасында беделге ие.
Б.Т. Шаяхметовтың елеулі жұмыс тәжірибесін, кәсіби деңгейін ескере отырып, лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Наурыз мерекесіне мерекелеріне орай «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттауға ұсынамын.