- Блогтар
- Куздибаев А.Ш.
Куздибаев А.Ш.
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы
Құрметті клиенттер мен серіктестер!
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ парақшасына қош келдіңіздер!
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ – тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы құрылыс саласын қолдау, ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді өсуіне жағдай жасау арқылы халқымызды сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шараларды іске асырады.
Қазіргі уақытта «ҚТК» АҚ зейіні ұзақмерзімді перспективада мүдделі тараптардың кең ауқымы үшін құндылық құру мен тұрақты даму мәселесіне бағытталған. Компания өз қызметінің қоршаған ортаға, экономикаға және қоғамға әсерін тиімді басқаруға ұмтылады.
Цифрлық экожүйені дамыту – Компания жұмысының маңызды бағыты. Біз азаматтармен өзара іс-қимылды ыңғайлы әрі ашық ететін цифрлық құралдарды белсенді дамытудамыз. Олардың ішінде - Тұрғын үй порталы, Үлескерлерді онлайн қолдау орталығы, Qazreestr 2.0.
Бүгінде Тұрғын үй порталында әрбір азамат үлестік құрылыс объектілерінде ҚТК кепілдігі немесе ЖАО рұқсатының бар-жоғын тексере алады, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы саласындағы пайдалы және аналитикалық ақпаратпен таныса алады. Ibota чат-ботының көмегімен үлескерлер ҚР заңнамасы негізінде Қазақстан аумағында салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға байланысты сұрақтарға жауап ала алады. Бұл адамдарды салынып жатқан объектіге қаражаттарын заңсыз тартудан тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
Біздің компания ұсыныстар мен ашық, конструктивті диалог құруға, әріптестік орнатуға әрдайым дайын!