- Блогтар
- Қарымсақов Д.Н.
Қарымсақов Д.Н.
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы
Құрметті келушілер!
Менің Ашық үкімет блогындағы парақшама қош келдіңіздер!
«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ тікелей инвестицияларды тарту және негізгі салалардың жаңғыртылуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін жобаларды қолдау арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне жәрдемдесу үшін құрылды. Корпорация Қазақстанда тікелей инвестициялардың заманауи нарығын қалыптастыратын және елдің жаһандық инвестициялық үдерістерге интеграциялануын күшейтетін, капиталды басқарудың көп деңгейлі инвестициялық платформасы болып табылады.
Тікелей инвестициялар нарығын дамыту, перспективалы бизнес-жобаларды қолдау, инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру, шетел капиталын тарту және ұлттық экономиканы әртараптандыру - біздің қызметіміздің басты бағыттары. Тікелей инвестициялар қорлары арқылы өңдеуші өнеркәсіпке, агроөнеркәсіптік кешенге, тұрақты инфрақұрылымға және технологиялық жобаларға инвестиция сала отырып, біз ұлттық экономиканы әртараптандыруға және ұзақ мерзімді өсудің тұрақты көздерін қалыптастыруға үлес қосамыз.
Егер Сізде осы салада қызықты идеялар, нақты ұсыныстар мен тиімді әзірлемелеріңіз болса, мен әрқашан диалогқа ашықпын, оны тыңдауға және ой бөлісіп пікірлесуге дайынмын.


