- Блогтар
- Идрисов С.Н.
Идрисов С.Н.
«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы–ректор
Идрисов Саламат Нұрмұханұлы
«Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы–ректор
Туған күні: 09.02.1974.
Туған жері: ҚазССР, Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылы
Тілдерді меңгеруі:
қазақ, орыс, ағылшын
Білімі, мамандығы (квалификация), лицензиялары:
Жоғары. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Математика және информатика» мамандығы бойынша, 1996 ж.
Қайта даярлау, біліктілік арттыру курстары:
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша Монтрё бизнес мектебінде (Montreux School of Business) (Швейцария) стратегиялық менеджмент бойынша тағылымдама.
- «Білім берудегі көшбасшылық» қауымдастығының «ҚР жоғары оқу орындарында әлемдік тәжірибе мазмұнында корпоративтік басқаруды енгізу»
- «International Conference Eurasian Higher Education Leaders Forum», Astana, Nazarbayev University.
- «Жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар мен жоғары оқу орындары қызметкерлерін білім беру процестерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану бойынша оқыту», Алматы, ҚР БҒМ, Қазақстандағы ЭРАЗМУС+ бағдарламасының ұлттық офисі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
- «Қашықтан оқыту технологияларының проблемалары», ҚР Білім және ғылым министрлігі.
- «Оқу процесіне «Platonus» автоматтандырылған жүйесін енгізу», Астана қ.
- Thomson Reuters компаниясының «Web of Knowlegde: ғылыми зерттеулеріңіздегі жолбасшыңыз».
- «Корпоративтік басқаруды енгізу тәжірибесі» семинарының сертификаты, Al-Farabi Kazakh National University (2020 ж. );
- Қазақстан Республикасы ЖОО Қауымдастығының «Білім мекемелері басшыларына арналған білім берудегі менеджмент» семинары сертификаты, 13-30.10.2021 ж.
- «Университетті басқару: педагогикадағы көшбасшылық» тақырыбындағы «Ұлттық Ustaz-онлайн Академиясы» семинары сертификаты, 24 сағат, ақпан 2021
Ғылыми атағы, дәрежесі, қызметі:
- Педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор. 3 оқу-әдістемелік оқулықтың, 1 монографияның, 50-ден аса ғылыми мақаланың авторы.
- Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академигі) Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының жалпы жиналысының 2020 жылғы 27 қарашадағы шешімі (№7 хаттама)
Еңбек өкілі:
- «Информатика және ИНжЕТ» кафедрасының оқытушысы, ЭЕМ зертханасының меңгерушісі, 1996 ж.
- Жаңа ақпараттық технологиялар орталығының директоры, 2000 ж.
- Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, 2009 ж.
- Қашықтан оқыту факультетінің деканы, 2012 ж.
- Әкімшілік-шаруашылық департаментінің директоры, қашықтан оқыту факультетінің деканы, 2013 ж.
- Ғылым жөніндегі проректор, 2016 ж.
- «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» ШЖҚБ РМК ректоры (31.12.19), «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректорының м.а. (маусым-желтоқсан 2020) Атырау қ.
Қоғамдық-саяси қызметі
- «Nur Otan» партиясының мүшесі (2006 жылдан бері)
- «Nur Otan» партиясының Х.досмұхамедов университетіндегі «Бірлік» БПҰ төрағасы
- Атырау облыстық сайлау комиссиясының мүшесі (2015 жылдан бері)
- Атырау облыстық Прокуратурасының жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету бойынша консультативтік кеңес төрағасы (2020 жылғы қаңтардан бері)
- «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің мүшесі (2020 ж.)
- Атырау облыстық Полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның төрағасы
- 2021 жылғы қаңтардан VIІ шақырылымдағы Атырау облысы Мәслихатының «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаты
- Білім және ғылым саласындағы аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары, сыйлықтары, құрметті атағы:
- Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаты (2005 ж, 2007 ж., 2011 ж.);
- Атырау облыстық Мәслихатының Құрмет грамотасы (2005 ж.);
- Облыс әкімінің Алғыс хаты (2007 ж., 2011 ж., 2019 ж.),
- «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі ҚР БҒМ (2010 ж);
- ҚР ЖОО қауымдастығының Ахмет Байтұрсынов атындағы қола медалі (2014 ж.).
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2019 ж.)