- Блогтар
- Сабри Хизметли
Сабри Хизметли
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры
Сабри Хизметли
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры
Сабри Хизметли 1951 жылы 11 ақпанда Түркия Республикасы, Сивас қаласынын Ескікарахисар ауылында дүниеге келген. Алғашқы мектепті ауылында окып, орта және лицейді Сивас және Коня қалаларында аяқтаған (екі гимназияда қатар оқып бітірген).
1969-1974 жылдары Коня қаласындағы Селжук университетінде «Теология» факультетін үздік бітіріп, бакалавр дәрежесін алған.
1974 жылы Түркия Республикасының мемлекеттік грантын ұтып алып, жоғары оқудан кейінгі білім алу үшін Франция мемлекетіне сапарға аттанған.
1974-1976 жылдары Сорбонна университетінде тіл үйрену курсы мен магистратура бағдарламасы бойынша білім алып, «La Vie ef les Oeuvres d’Ismail Haqqi» тақырыбында диссертация қорғады.
Алғашқы тереңдетілген докторантура (DEA) диплом жұмысын «Эндалузия-Омаят/ Еспан ойшылдарының заман түсініктері» тақырыбында сәтті қорғады.
1976-1979 жылдары Сорбонна-Париж-ІІІ университетінде докторантура бағдарламасы бойынша оқып, 1979 жылы философия саласында «Les Idees Philosophiques-Theologipues d’Ismail Haqqi Izmirli» тақырыбында диссертация қорғап, doctora 3ecycle атағын алды.
Докторантура бағдарламасы бойынша білім алуымен қатар, Сорбонна-Париж университеті Ғылыми Кеңесінің шешімімен 1977 жылы «Араб тілін» жетілдіру және ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу мақсатымен Солтүстік Африкадағы Тунис еліне жіберілді, сол елде Х.Бургиба атындағы шетел тілдері институтында Араб тілін терең жетілдіріп, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.
1980 жылы білім сапарын сәтті аяқтап, Түркия Республикасына оралды.
Қызмет жолы
- 1980 ж. - Анкара университеті, Теология факультетіне ассистент оқытушысы болып қабылданды.
- 1980-1981 жж. - Анкара университеті, Теология факультетінде оқытушы.
- 1982-1983 жж. - Анкара университеті, Теология факультетінің доцент міндетін атқарушы.
- 1984-1989 жж.- Анкара университеті, Теология факультетінің доценті (ВАК доценті).
- 1986-1999 жж. - «Әлеуметтік білімдер және ислам өркениеті» кафедрасының меңгерушісі.
- 1989 ж. -Анкара университетінің профессоры.
- 1999-2000 жж. - Қазақстан Республикасы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры.
- 2000-2003 жж. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкенттегі филиалының басшысы.
- 2003-2005 жж. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті.
- 2005 жылыдың 01 шілдесінен -«ОртаАзия Мәдениет Қоры» қоғамдық қорының шақыртуымен Шет тілдер және іскерлік карьера институтының ректоры.
- 2005 жылдың 25 желтоқсанынан бүгінге дейін Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры.
Сабри Хизметли басшылық қызмет пен оқытушылық қызметті бірге атқара жүріп, көптеген магистратура және докторантура білім алушыларына ғылыми жетекшілік жасады. «Жалпы мәдениет энциклопедиясы», «Түрік-ислам энциклопедиясы», «Ислам энциклопедиясы» сынды белгілі энциклопедиялардың бірнеше баптарын жазған.
Ғылыми еңбектері
Сабри Хизметлидің 67 биографиялық, библиографиялық, оқулық, оқу құралы, тарихи және философиялық, әдеби және мәдени мазмұндардағы еңбектерімен қоса 300-ден аса ғылыми мақалалары баспадан жарық көрген. Олардың басым бөлігі түрік, қазақ тілдерінде болуымен қатар, арабша, ағылшынша, орысша және француз тілдерінде басылып шыққан.
Кітаптары
- «La Vie ef les Oeuvres d’Ismail Haqqi»(Izmirli, 1976)
- «Les Idees Philosophiques-Theologipues d’Ismail Haqqi Izmirli» (Paris, 1980)
- «Тарихи аңыздар бойынша Әз Османның өлтірілуі» (Анкара, 1986)
- «Ислам тарихы» (Анкара, 1995)
- «Ismail HabluIzmirli»(Анкара, 1996)
- «Ibn Badis»(Анкара, 1995)
- «Орта Азия түрік республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік» (Алматы, 2006)
- «Ислам тарихы (алғашқы кезең)» (Алматы, 2014)
- «Орта ғасырлар тарихы және өркениеті» (Алматы, 2015)
- «Ғылым тарихы және философиясы» (Алматы, 2020)
- «Mustafa Çokay ve Muhtar Türkistan Devleti» (Алматы, 2020)
- «Filozof Riza Tevfık¢in Ürdün¢deki Yılları(1923-1931)» (Almatı, 2020)
- «Différentes Perspectives de L¢homme (une vue Philosophique») (Алматы, 2020)
- «Жоғары оқу орнындағы діни білім беру» (Алматы, 2021)
- т.б.
Атақтары және марапаттары
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиясының академигі.
- Дүниежүзі ЖОО бірлігінің мүшесі.
- Халықаралық университеттер ұйымының мүшесі.
- Карадениз және Еуразия университеттер ұйымының құрылтайшы мүшесі.
- Халықаралық Жібек Жолы университеттер ұйымының мүшесі.
- Халықаралық түркі акадамиясының мүшесі.
- Қазақстан Республикасы университеттер ұйымының мүшесі.
- Алматы облысы ЖОО ректорлар кенесінің мүшесі.
- Түркия жазушылар және авторлар одағының мүшесі.
- Анкара университетінің ғылыми қорының Президенті.
- Анкара университетінің ректоры Гүнал Акбайдын «Құрмет грамотасы» (1986).
- Анкара университеті ректоры Гүнал Акбайдын «Алғыс хаты» (1986).
- Алжир мемлекеті, Оран университетінің «Құрмет грамотасы» (1988).
- Алжир мемлекеті Оран университетінің Араб тілі және мәдениеті факультетінің деканы Ахмет Мәнхучтің «Құрмет грамотасы» (1988).
- Алжир мемлекетінің «Құрмет медалі» (1989).
- Анкара қаласының әкімі Мелих Гөкчектің «Құрмет грамотасы» (1994).
- Қырғызстан Республикасы Ош мемлекеттік университетінің «Алғыс хаты» (1998).
- Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Президенті Серік Пралиевтің «Құрмет грамотасы» (2002).
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Сапарбаевтың «Құрмет грамотасы» (2002).
- Шымкент әкімі Г. Жұмабаевтың «Құрмет грамотасы» (2003).
- Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Президенті Оразалы Сабденнің «Құрмет грамотасы» (2003).
- Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Жылқышиевтің «Құрмет грамотасы» (2004).
- Ана тілі қорының оңтүстік Қазақстан филиалының төрағасы С.Б. Қуаттың «Құрмет грамотасы» (2004).
- Алматы қ., Алмалы ауданы әкімі М. Пірімбетовтың «Құрмет грамотасы» (2006).
- Алматы қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың «Құрмет грамотасы» (2007).
- Қазақстан Республикасы Сапаны дамыту институтының директоры А.Е.Сауатбаеваның «Құрмет грамотасы» (2008).
- Түркия Республикасы Астана төтенше және өкілетті елшілігінің «Алғыс хаты» (2009).
- Түркия Республикасы Алматы төтенше және өкілетті елшілігінің Білім беру кенесшісі доктор Кадир Четиннің «Алғыс хаты» (2009).
- Ана тілі қорының президенті академик Ө. Айтбайұлының «Құрмет грамотасы» (2009).
- Мысыр Республикасының Алматыдағы төтенше және өкілетті елшісі доктор Джамалдың «Құрмет грамотасы» (2010).
- Түркия республикасы Сапа Менеджменті Институтының (ТSЕ) Президенті Тахир Биикхалуашының «Құрмет грамотасы» (2010).
- Алматы қаласының әкімі А.Есімовтың «Құрмет грамотасы»(2010).
- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрілігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісі (2010).
- Франциядағы халықаралық іскерлік кеңесінің «Мінсіз іскерлік беделі үшін алтын медаль» атты халықаралық марапаты (2010)
- Сократ атындағы халықаралық марапат (Оксфорд,Ұлыбритания, 2010)
- «The Name in Science» атты жоғары ғылыми еңбектері үшін халықаралық марапат (GAU, Girne Amerikan Universiti, Кипр, 2010)
- Эксклюзивті Виктория ханшайымы атындағы «The International Award «QUEEN VICTORIA COMMEMORATIVE MEDAL» атты еуропалық марапат (2011)
- Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Сейдумановтың «Құрмет грамотасы» (2011).
- Б.Саттархан атындағы «Намыс қорының» «Алғыс хаты» (2011).
- Таланттар Академиясының Президенті А.М.Мылтықбаевтың «Алтын Адам» дипломы (2012).
- Петропавл қаласы әкімінің сапаны дамытуға арналған «Құрмет грамотасы» (2012).
- Түркия Республикасы, Ескішахер қаласынын әкімінің «Алғыс хаты» (2013).
- Қазақстан Республикасы университеттер ұйымының төрағасы Р. Алшановтың «А.Байтұрсынұлы атындағы медалі» және марапаттамасы (2013).
- Қазақстан Республикасы ұлттық Академиясының Президентінің «Құрмет грамотасы» (2014).
- Жібек Жолы халықаралық университеттер ұйымының Президенті Хикмет Явуздың «Құрмет грамотасы».
- Қытай Іле мемлекеттік университетінің «Құрмет грамотасы».
- Қытай Или-Нормал мемлекеттік университетінің «Құрмет грамотасы».
- Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің «Құрмет грамотасы» (2016).
- «Қазақстан Ұстаздары» қоғамының мүшесі, «Қазақстан ғалымы» медалі (02.12.2016).
- ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай тәуелсіздікке қосқан үлесі үшін медалі, «Спорт жұлдыздары» республикалық ғылыми-әдістемелік патриоттық журналы (2017).
- «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчествалық бірлестігі, Президент Нұрманов А.А., «Алтын қыран» медалі (22.12.2018).
Тәжірибе алмасу
- 1986-1988 жылдарында Алжирдің Вахран қаласындағы Ал-Сания университетінде лектор.
- 1993 жылы Австралияда Сидней университетінде лектор.
- 1994 жылы Италияда, Бологна университетінде лектор.
- 1998 жылы Қырғызстанда, Ош мемлекеттік университетінде жарты жыл лектор.
Меңгерген тілдері
Қазақ, түрік, орыс, ағылшын, француз, араб, парсы тілдерін меңгерген.