- Блогтар
- Ахметбаева Қ.Ұ.
Ахметбаева Қ.Ұ.
Іле ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі МКҚК директоры
Ахметбаева Қ.Ұ.
Іле ауданы әкімінің аудандық мәдениет үйі МКҚК директоры
Ахметбаева Қарлығаш Ұланқызы 02.05.1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын 1986 – 1996 жж (бұрынғы Күрті ауданы) қазіргі Іле ауданы Ақши ауылдық Т.Бокин атындағы орта мектепті қызыл аттестатпен аяқтап, сол жылы Күрті аудандық мәдениет үйіне әдіскер болып еңбек жолын бастады..
2000-2004 жж Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Музыкалық театр және кино» факультеті бойынша «Музыкалық театр актері» мамандығын алып шықты.
2004 жылдың 1 маусымынан еңбек жолын Іле ауданы Ақши ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі қызметімен жалғастырды. 05.01.2005 жылы сол Ақши ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметіне тағайындалды. Өз мамандығына жауапкершілікпен қарап, жұмысын жетік білетін ізденімпаз маман 2010 жылы 13 шілдеден, Іле аудандық мәдениет үйінің директоры қызметіне ауыстырылып, бүгінгі күнге дейін осы лауазымды атқарып келеді.
2014-2016жж Алматы қаласы Тұран университетінен «Заңгер» білімін меңгерген. Мәдениет саласындағы еңбек өтілі – 23 жыл.