- Блогтар
- Файзуллина Б.В.
Файзуллина Б.В.
«Бөбек» Республикалық Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры
Файзуллина Б.В.
«Бөбек» Республикалық Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры
Файзуллина Баян Викторовна, 1974 жылы Алматы қаласында туған, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін химия-биология мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – химия және биология пәнінің мұғалімі (1992-1997).
Еңбек қызметі:
- 1997 ж. Алматы қаласы №16 орта мектепте химия пәнінің мұғалімі.
- 1998 ж. №16 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
- 2008-2014 жж. Алматы қаласы №3 орта мектеп директоры.
- 2014-2018 жж. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» МКҚК балабақша директоры.
- 2018 ж. қазан айы – 2021 ж. «Бөбек» ҰҒПББСО МКҚК бас директорының орынбасары.
2021 жылдың қазан айында «Бөбек» ҰҒПББСО мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып тағайындалды.
2018-2021 жж. «Өзін-өзі тану-kz» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы болды.
Файзуллина Баян Викторовна С.А. Назарбаеваның Алғыс хатымен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің мадақтамасымен, еңбегі үшін алғыс хаттармен, басқа да Құрмет грамоталарымен марапатталды.