• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Айтбек Нұрдаулет
  • Саясат Нұрбек
  • 12.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 37
  • № 753911

Құрметті министр мырза! 1.Қазақстан республикасында бір уақытта екі университетте білім алуға заң шектеу қоя ма, нақтырақ айтқанда магистратурада күндізгі бөлімде оқып жүріп, басқа оқу орнында қашықтықтан оқыту түрімен екінші жоғары білім алуға бола ма? 2.Бакалавр ауыл шаруашылығы бағытындағы мамандықты аяқтап, магистратура педагогикалық бағыттағы мамандықты бітіргеннен кейін орта білім беру ұйымдарына(мектептерге) мұғалім болып орналасуға бола ма? Егер болған жағдайда маман "Педагог мәртебесі туралы" қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистр дәрежесі үшін еңбекақыға қосылатын қосымша 10 АЕК алуға құқығы бар ма? Осы екі сұраққа жауап беруіңізді сұраймын! Рахмет! ...

Толығырақ

Жауаптар


Құрметті Айтбек!

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының[1](бұдан әрі- Заң) 8-бабы, 1-тармағына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке еңбекақы төлеу жүйесі, лауазымдық айлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады, яғни қолданыстағы азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жүйесіне[2](бұдан әрі-Еңбекақы төлеу жүйесі) сәйкес айқындалады.

Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі АЕК) мөлшерінде қосымша ақы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, сондай-ақ, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) педагогтеріне белгіленеді.

Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді.

Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларының[3] (бұдан әрі - Қағида) 39-тармағына сәйкес магистр дәрежесі үшін қосымша ақы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқу мерзімі екі жылдан кем емес ғылыми-педагогикалық бағыттағы(7M011 Педагогика және психология,7M012 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы, 7M013 Пәндік мамандануынсыз мұғалімдер дайындау, 7M014 Жалпы дамудың пәндік мамандандыруымен мұғалімдерді дайындау, 7M015 Ғылыми-жаратылыстану пәндер бойынша мұғалімдер дайындау, 7M016 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер дайындау, 7M017 Тілдер мен әдебиет бойыншамұғалімдерді дайындау, 7M018 Әлеуметтік педагогика мен өзін-өзі тану бойынша мамандар дайындау, 7M019 Арнайы педагогика бойынша мамандар дайындау, 7M021 Өнер, 7M022 Гуманитарлық ғылымдар, 7M023 Тілдер мен әдебиет, 7M031 Әлеуметтік ғылымдар, 7M032 Журналистика және ақпарат, 7M041Бизнес және басқару, 7M042 Құқық, 7M051 Биологиялық және аралас ғылымдар, 7M052 Қоршаған орта, 7M053 Физикалық ғылымдар, 7M054 Математика және статистика, 7M061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 7M121 Әскери іс, 7M122 Ұлттық қауіпсіздік, 7M123 Қоғамдық қауіпсіздік)дайындау бағдарламалары бойынша магистратура дипломы болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мамандықтар жіктеуішіне сәйкес жоғарыда аталған даярлау бағыттарына баламалы мамандықтары бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте қосымша ақы жүргізіледі.

Сондай-ақ аталған қосымша ақы бейінді магистратураны аяқтаған магистрге педагогикалық бейіндегі магистратураның бағдарламасын қосымша меңгеруден кейін белгіленеді.

Осыған орай, егер Сіз мемлекеттік орта білім беру ұйымында мұғалімі болып немесе әдістемелік кабинетте (орталықта) педагог болып негізгі жұмыс орыныңыз бойынша жұмыс істесеңіз, сондай-ақ Сіздің магистратура дипломыңыз Қағиданың 39-тармағына сәйкес келсе, онда Сізге 10 АЕК мөлшеріндегі аталған қосымша ақы заңнамада белгіленген тәртіпте төленуі тиіс.

Сонымен қатар, Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының[4] 66- тармағына сәйкес орта білім беру ұйымында барлық мамандықтардың пән мұғалімі лауазымында қызмет атқару үшін біліктілікке төмендегідей талаптар қойылады:

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде орта білім беру ұйымында мұғалім лауазымында қызмет атқару үшін тиісті бейін бойынша мамандықтың болуы талап етілетінін атап өтеміз.

Саясат Нұрбек 21.10.2022, 10:14
Құрман Сұлушаш
  • Саясат Нұрбек
  • 12.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 60
  • № 753752/1

Сәлеметсіз бе! Есімім Сұлушаш. Сізге өтініш жазып отырған себебім: 2016 жылы "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша техникалық мамандық бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне оқуға түскен едім. Құжаттар тапсыратын кезде өздері жұмыс тауап беретіндігі жайлы айтқан болатын. 2020 жылы оқуды бітіріп дипломды алдық. Бірақ бізге ешкім ешқандай жұмыс ұсынған жоқ, оның үсіне ол кезде карантин енді басылып жатқан еді. Енді біз осы Қарағанды қаласында жұмыс істеуге міндеттіміз ба? деп сұрағанда, Жоқ деп жауап берген еді. Ең бастысы қай жақта болсаңдарда зейнетақы жинағы жүріп тұрса болды деген болатын. Енді маған арада 2 жыл уақыт өткен соң қаржы центрінен хабарласып: Сізге 10 күн уақыт береміз Қарағандыдан жұмыс табыңыз немесе ісіңізді сотқа өткіземіз деп хабарласты. Қарағанды қаласында оқуған соң, сол жақта 3 жыл жұмыс істеу керексіз, оның барлығы шартта жазылған деді, бірақ мен шартта оқыған қалада, ауданда жұмыс өтеу керексіңдер деп жазылған сөзді таппадым. Ол жерде тек Заңда белгіленген тәртіп бойынша өтеу керексіңдер деп жазылған. Білім заңында ҚР Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша жұмыс өтеу керек делінген. Бірақ оқыған қалада өтеуге міндеттісіңдер деген сөзді мен таппадым. Ол қайда жазылған, заңның қай бабында? Неге маған тек 2 жыл уақыт өткеннен соң ғана Қарағанды қаласында жұмыс өтеу керексің деп хабарласты? 2 жылдан бері қайда қарап жүрді? Бағдарламаның негізгі мақсаты оңтүстік жастарын солтүстікке алып келіп, жұмыспен қамту емес па? Мен қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс атқарамын. Оңтүстіктің тұрғынымын. Меінің көзқарасым бойынша бағдарламаның мақсатына сай жұмыс істеп жатырмын деп ойлаймын. Оңтүстіктен солтүстікке келіп жұмыс атқарып жатырмын. Менің өтінішіме толыққанды жауап берерсіздер деп үміттенемін. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Сіздің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша жұмысты өтеу жөніндегі өтінішіңізді қарап, өз құзыреті шеңберінде төмендегіні хабарлайды. 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 17-тармағына сәйкес «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын аяқтағаннан кейін оқыған жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы – жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге жұмысқа орналастыруға бағытталған жоба (бұдан әрі-Жоба).

Сонымен қатар, қазіргі таңда Министрлік «Серпін» жобасы түлектерінің оқуын жұмыспен өтеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша тиісті шаралар жүргізуде. 

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жұмыспен өтеу мерзімін үш жылдан екі жылға дейін қысқарту және барлық жұмыс күші тапшы өңірлерде жұмысты өтеу мүмкіндігін беруге байланысты.  

Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен оған шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға саламыз.

Саясат Нұрбек 04.10.2022, 11:59
Байтилеуова Алия
  • Саясат Нұрбек
  • 12.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 45
  • № 753736/1

Құрметті Асхат Қанатұлы! Мен Алматы облысының тұрғыны, 2022-2023 оқу жылының мектеп түлегінінің ата анасымын. Сұрағым: B057 "Ақпараттық жүйелер" факультетіне түскісі келетін 2022-2023 оқу жылының мектеп түлектері үшін ҰБТ бейіндік пәндері қандай? Нақты түрде Информатика және Математика пәндері бекітілген бе? Оқу жылының ішінде Информатика орнына Физика пәні болып өзгеру қауіпі жоқ па? Информатика пәні бойынш ҰБТ ға арналған тесттер әлі дайындалмаған деп естіп жатырмыз. Осы жағдай бізге ата-аналарға және балаларға алаңдаушылық туғызуда. Балаларымыз қай пәнге (Физика немесе Информатика) терең дайындық жасау керектігін анықтай алмай отыр. Осы мәселені нақты анықтап беруіңізді сұраймын. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 “Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы” бұйрығының Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес "В057 - Ақпараттық технологиялар" мемлекеттік білім беру бағдарламасының бейіндік пәндері: 1- Математика, 2-Физика/Математика.

Саясат Нұрбек 10.10.2022, 01:57
Дуйсенбекова Айгерим
  • Саясат Нұрбек
  • 12.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 85
  • № 753401/1

Здравствуйте! Прошу законодательно разъяснить ситуацию. В данный момент я трудоустраиваюсь в университет для прохождения отработки, как лицу окончившему докторантуру PhD. Защита диссертации предстоит в течении настоящего учебного года. Меня принимают на должность старшего преподавателя через конкурс. Сейчас выяснилось, что мне запрещено проводить лекционные занятия, так как у меня нет стажа научно-педагогической работы, ссылаюсь на слова руководства университета. Теперь по поводу моего стажа работы, за время обучения на бакалавриате в течении целого года, я работала младшим научным сотрудником в грантовом проекте. После окончания бакалавриата я работала экономистом на производстве 3,5 года, параллельно обувшись на научно-педагогической магистратуре. Затем уволилась и начала учебу на докторантуре. Прошу объяснить будет ли засчитана докторантура в мой научно-педагогический стаж, так как его начало берет еще из работы младшим научным сотрудником? Согласно п.п. 4) п. 8 раздела 3 Правил исчисления стажа работы по специальности работникам организаций образования и научных организаций, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 июня 2010 года № 302 (рег. № в МЮ 6340) педагогическим работникам и приравненным к ним лицам в стаж педагогической работы засчитываются следующие периоды времени при условии, если этим периодам, взятым как в отдельности, так и в совокупности, непосредственно предшествовала и за ним непосредственно следовала педагогическая деятельность по основному месту работы в стаж засчитывается время обучения в аспирантуре и докторантуре, а также в магистратуре. ...

Толығырақ

Жауаптар


Здравствуйте! Департамент высшего и послевузовского образования, рассмотрев Ваше обращение, сообщает следующее.

В Правилах исчисления стажа работы по специальности работникам организаций образования и научных организаций, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 июня 2010 года №302, научно-педагогическим работникам в стаж научно-педагогической работы входит время руководящей работы в Академии наук Союза Советских Социалистических Республик, академиях наук бывших союзных республик и стран Содружества Независимых Государств, Академии наук Казахской Советской Социалистической Республики, Национальной академии наук Республики Казахстан, специализированных и общественных академиях, если научная деятельность является основной (далее - Академии), в должностях президента, вице-президента, главного ученого секретаря президиума Академии, председателя президиума Академии, заместителя руководителя филиала или заместителя председателя президиума Академии, члена президиума Академии, академика-секретаря отделения наук Академии, ученого секретаря отделения наук или президиума Академии, заместителя главного ученого секретаря президиума Академии и руководителя филиала, главного научного сотрудника, ведущего научного сотрудника, старшего научного сотрудника, научного сотрудника, младшего научного сотрудника.

Так как Вы работали младшим научным сотрудником не в вышеуказанных научных организациях (академиях и филиалах академий), соответственно, Ваше время работы в должности младшего научного сотрудника в грантовом проекте вуза, не может быть включено в научно-педагогический стаж.

Также информируем, что согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 октября 2018 года № 595 «Об утверждении Типовых правил деятельности организаций образования соответствующих типов» ОВПО устанавливает и обеспечивает соблюдение требований к кандидатурам работников при приеме на работу путем определения квалификационных характеристик должностей работников в соответствии с подпунктом 2 пункта 2 статьи 43-1 Закона «Об образовании».

При этом ОВПО обеспечивает чтение лекций преподавателями, имеющими ученую степень «кандидат наук» или «доктор наук», или степени «доктор философии (PhD)», или «доктор по профилю», или академической степени «доктор философии (PhD)», или «доктор по профилю», или степени «доктор философии (PhD)», или «доктор по профилю», и/или ученого звания «ассоциированный профессор (доцент)», или «профессор» (при наличии), а также со степенями магистра соответствующих наук и (или) старшими преподавателями, имеющих стаж не менее трех лет в должности преподавателя или стаж практической работы по профилю не менее пяти лет.

Саясат Нұрбек 21.09.2022, 07:05
Каибжанова Баян
  • Саясат Нұрбек
  • 12.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 68
  • № 753816

Салеметсизба. Мен Каибжанова Баян Кайраткызы, Костанай каласынан сизге хат жолдап отырмын. Озим кукык коргау саласынын кызметкеримин. Менин сизден сурайын деген сурагым, неге бизде ПС КНБ РК да 28 жастан кейн, оку мумкин емес? Куйеуим Пс КНБ РК да жумыс аткарады, мамандыгы бойынша магистр сельского хозяйства, осы пограничник жумысына киргели, озинде ари карай билимин арттыруга деген шабыты артты , бирак ол мумкин емес деп жауап берипти отдел кадр. Неге адам окыгысы келсе, окуга болмайды. Рядовой болып омир бойы Бир орында туру, адилетсиздик деп ойлаймын. Осы шешимин таппаган маселеге, Бир шешимин айтарсыз деген умитпен сизге хат жолдап отырмыз. Биз окып, жетилгимиз келеди, отдел кадрдын айтуы бойынша, армияга бармагандар 6 айлык первоначалкага бара алмайды, бирак неге 40 кун служить еткен военный билет, армияга 1жыл барган билетпен бирдей деп жазылган? Окыгы келген жастар 28 ден кейн кайда барса болады? ...

Толығырақ

Жауаптар


Сәлеметсіз бе! Сіздің өтінішіңіздегі мәселе ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзыретіне кірмейді. Рахмет!

Саясат Нұрбек 04.10.2022, 02:25
Асыл Ерболбек
  • Саясат Нұрбек
  • 12.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Денсаулық сақтау ·
  • 71
  • № 753783

Уважаемый Министр. В августе 2020 года я принял участие в конкурсе грантов Первого руководителя ТОО «ННОЦ» или АО «ННЦОТ» со стипендией и поступил на учебу в резидентуру по специальности лучевая диагностика. После заключения договора с ТОО «ННОЦ» или АО «ННЦОТ» я приступил к учебе (я так и не понял, в итоге в какой организации я учился). В октябре 2020г. состоялась встреча резидентов с руководителем ННОЦ Буркитбаевым Ж.К., на которой он пообещал нам ежемесячную стипендию в размере 80 тыс.тг.(как и получают все резиденты). В ННОЦ не было организовано обучение: а именно, не было расписания занятий, не давалось вообще теоретических знаний, не проводились лекции, за резидентами не были закреплены наставники, мы обучались самостоятельно, в общем учеба пущена на самотёк. Главное было присутствие, а чем мы занимаемся неважно. В ноябре 2020 года мы обратились к руководителю с просьбой о выплате стипендии, на что он опять нам пообещал до конца ноября начать выплату. Но обещания так и не были выполнены. В декабре я начал задумываться о том, что сложно будет продолжать учебу без стипендии. В феврале 2021 года руководство ННЦОТ пообещало всех резидентов трудоустроить в качестве медбратов в ответ на наши просьбы платить стипендию. Однако, многие резиденты не согласились с условиями труда и ставок было мало, ничего из этого не вышло. Учитывая, что нет финансовой поддержки со стороны ННОЦ, я начал искать возможности заработка. В апреле 2021г. я поставил в известность руководство, что я уйду в июне месяце. В июле 2021 года в связи со сложной эпидситуацией многим резидентам предложили 0,5 ставки врачей. Так как меня не устраивала организация обучения, отсутствие стипендии, я принял решение уйти. В отделе образования также обещали стипендии, стажировки за рубежом. В итоге только 1 из 50 резидентов поехал на стажировку. В июне месяце ННОЦ выставил мне счёт за учебу в размере 815000 (восемьсот пятнадцать тысяч) тг. По этому случаю я заходил к исполняющему обязанности Председателя АО «ННЦОТ» Құлқаевой Г.Ө., просил снизить размер долга и дать возможность оплатить в рассрочку, но не встретил понимания, нарвался на грубость, в итоге разговор не состоялся. Несколько резидентов, также как и я, покинули стены ННОЦ. Также отдел образования с первого дня говорил о том, что гранты первого руководителя в количестве 50 мест, были созданы за счёт платных услуг, а стипендию должен был выплатить неизвестный спонсор. Было выделено 100 грантов на 2 года обучения, в итоге набрали всего 50 человек. Тут возникает вопрос, а на самом ли деле, гранты взяты из средств собственного бюджета. Не выделялось ли бюджетом государства денег на наши гранты и стипендию. Во первых, никто нам не читал лекции, не проводил индивидуальные занятия, не проводились практические занятия, следовательно, кому и за что платить? Уважаемый Министр, прошу вас разобраться в данном вопросе, куда была направлена наша стипендия в размере 80 миллионов тенге за два года обучения. Резидент Асыл Ерболбек Жумабекұлы ...

Толығырақ

Жауаптар


Здравствуйте! Ваше обращение не входит в компетенцию Министерства науки и высшего образования РК. Спасибо!

Саясат Нұрбек 04.10.2022, 02:22
Еркинбекова Ботакоз
  • Саясат Нұрбек
  • 12.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 39
  • № 753773

Құрметті Саясат Нұрбек мырза! Мен, Сіздерге осымен екінші рет хат жолдап отырмын. Менің № 752052 ашық хатыма әлі күнге дейін сіздердің тараптарыңыздан және университет қабылдау комиссиясы тарапынан жауап ала алмай отырмын. Ешқандай нәтиже жоқ. Құрметті Саясат Нұрбек мырза! Мен, Еркинбекова Ботакоз Абдиманаповна 16.08.2022ж. докторантураға түсу үшін тест тапсырдым. Тест қорытындысы бойынша 74 балл жинадым. Тест қорытындысына қанағаттанбай, апелляцияға бердім. Апелляция 18.08.2022ж. өтті. Апелляция Шымкент қаласы Жандосов 40/1 мекенжайы бойынша орналасқан тест орталығында өтті және аталған орталық қызметкерлері маған аппеляция бойынша түсіндірме жұмыстарын дұрыс жүргізбеді және сұраған жауаптарыма дұрыс сілтеме бермеді. Сол кісілердің нұсқауының нәтижесінде қанағаттанбаған сұрағымның баллына қосып 1 балл қосып беруіңізді сұранамын деп жаздым, бірақ нақты дәлелдер көрсетілмеген болатын. Мұндай фактілер бірнеше. Бірақ аталған тест орталығы түскен шағымды қарастырып, құжаттар тапсырылған университет Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-ға жіберген. Түскен апелляциялық шағым бойынша Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің апелляциялық комиссиясы менің шағымымды қарап, 1 балл қосып беруді ұйғарып, тест орталығына жауабыма негіздемеге 1 балл қосуға болады деп жазып жіберген, бірақ сол баллды қоюды ұмытып кеткен. Екінші рет Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ апелляциялық комиссиясына түсініктеме жазып, ректордың хаты негізінде қайта балл қосып жіберген. Бірақ балл базада неге екені белгісіз сақталмаған. Нәтижесінде менің 1 баллым қосылмады. Апелляциялық кеңестің өз міндетіне салғырт қарағаны ма немесе тест орталығының қызметкерлерінің селқос қарағаны ма, білмедім, бірақ маған 1 балл қосылмады. Мен осы 1 балл қосылғанда, мемлекеттік гранқа үміткер болатын едім. Себебі менің мамандығыма менен басқа ешкім тапсырмаған. Менің мәселемді қарап оң шешім шығарып береді деген ойдамын. ...

Толығырақ

Жауаптар


Сәлеметсіз бе! Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ақпараты бойынша Сіз, Еркинбекова Ботакөз Абдиманаповна апелляцияға өтініш беру барысында аппеляцияға беру нысанын көрсетпегендіктен, Сіздің өтінішіңіз қанағаттандырылмаған және сәйкесінше балл қосылмаған. 

Сонымен қатар, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес докторантураға түсу емтиханының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарастыру үшін ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдарда апелляциялық комиссиялар құрылады. ЖЖОКБҰ-дағы апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі. Сондықтан, Сіздің мәселеңіз бойынша ЖЖОКБҰ-дағы апелляциялық комиссияға жүгінуіңіз қажет.

Саясат Нұрбек 27.10.2022, 07:40
Дүйімбаева Ақжүніс
  • Саясат Нұрбек
  • 10.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Жастар саясаты ·
  • 12
  • № 753724

Саламатсыз ба,ағай.Мен сізге бұл мәселе бойынша екінші рет жазып отырм. Жаңа ғана сіздің "Жедел желі" бағдарламасына "Қазақстан" арнасына сұхбат бергенінізді үзбей толық қарап шықтым.Мен Абай университетінің 1 студентімін. 1)Сұхбатта сіз универлермен бірлесіп общага,хостелдер жалға алып жатырмыз, бағасы 20-25 мың арасында деген едіңіз.Бірақта Абай университеттің бізге ұсынып жатқандары 35-50 мың айына.Астына дәлел ретінде көрсеңіз болады фотоны.20-25 мың общага жоқ вавще сұрасақ?Фото қарасаныз 45 мың дейді. Мен өзім алдында универ общага бермей жаткасын өздерінің догорга отырған жеткен общагалырын ең арзаны сұраған едім 35 мың екен айына.Тіпті сол общага орын біткен 2)Сіз сұхбатта енді жеке университеттер ашылғанда лицензия бергенде 500 студент қабылдаса,500 төсек орын дайын болу керек десеңіз.Бұл тек новыйдан университеттерге ғана байланыстырма? Бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан мемлекеттік ,жеке , ұлттық әсіресе Абай университетіне универлерге осындай шаралар қолданса күшті болар еді. 3)7,5 мың осал топтағы студентке 50-60 мың көлемінде тұрғын үйге ақша береді депсіз. Қалған студенттерге бермейтіндігіз белгілі. Тым болмаса общаганың ақшаның өзіміз төлейміз.Арзан бағада студенттерге общага беруді шешімін табыныздаршы . ...

Толығырақ

Жауаптар


Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Сіздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұдан әрі-Университет) жатақханасынан орын беруге қатысты өтінішіңізді қарап төмендегіні хабарлайды.  

Жатақханалардағы орындарды бөлуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына сәйкес жоғары оқу орындары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік оқу орындарының студенттік жатақханаларында орын санының шектеулі болуына байланысты оларды бөлу кезінде грант бойынша оқитын азаматтардың жеңілдікті санатынан студенттерге басымдық беріледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ініңіз тиісті өтініш беруі керек.

Толық ақпарат алу үшін университет қызметкері Ш. Нұрлановқа 8 747 804 04 70 телефон нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Сонымен қатар, студенттер жатақханаларына тапшылықты төмендету мақсатында 2018 жылдан 2022 жылдың 1 тамызға дейін 32 310 орындық 131 жатақхана пайдалануға берілді, оның ішінде ЖОО студенттеріне 15 482 орындық 50 жатақхана және студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу аясында, ЖОО жатақхана мен қонақ үйлер жалға алынды. 2022 жылдың басынан бастап шамамен 14 309 орын жалға алынған.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шенберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарының студенттеріне тұру шығындарын субсидиялау мәселесі пысықталуда.

Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен оған шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға саламыз.

Саясат Нұрбек 09.11.2022, 05:31
Әділ Руслан
  • Саясат Нұрбек
  • 10.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 47
  • № 753713

Уважаемый Саясат Нурбек! Мы, языковая школа "PRАTІCАMЕNTE", (ИП Prаtіcаmеntе, ИИН 860807301589) занимаемся обучением итальянского языка для взрослых и школьников в городе Алматы, а также продвижением итальянской культуры. Ежегодно мы приглашаем молодых специалистов и стажеров из Италии, которые хотят делиться своими знаниями с нашими студентами. В связи с вышеизложенными обстоятельствами, просим вас дать разрешение на прохождение стажировки на срок 9 месяцев (с 1 октября 2022 года по 01 июля 2023 года) нижеследующему гражданину Италии: 1. MACRI’ DONATO GIORGIO (04.11.1995) Номер паспорта: ҮB8927602 Просим принять во внимание, что наш проект очень важен для развития нашей молодежи, так как вышеуказанные стажеры будут проводить разговорные и культурные мероприятия для наших абитуриентов которые планируют поступать в Итальянские ВУЗы. Заранее благодарим Вас. ...

Толығырақ

Жауаптар


Здравствуйте! Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан (далее – Министерство), рассмотрев Ваше обращение касательно предоставления ходатайства для прохождения стажировки, сообщает следующее.

В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан «Об образовании» деятельность Вашей организации относится к дополнительному образованию.

Согласно Закону Республики Казахстан «О разрешениях и уведомлениях» деятельность в области дополнительного образования лицензированию не подлежит.

В этой связи, Министерством не представляется возможность в представлении Вам ходатайства для прохождении стажировки гражданина Италии Macri’ Donato Giorgio в языковой школе «PRATICAMENTE».

Саясат Нұрбек 26.10.2022, 04:12
Дүйімбаева Ақжүніс
  • Саясат Нұрбек
  • 09.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Жастар саясаты ·
  • 14
  • № 753708

Сәлеметсіз бе! Мен Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1 курс студентімін.Ағай жауап беріңізші,жағдай нашар,шынымен айтқанда,общаганың зар дегенде алдық. Қағазбастылық көп.Цифрлы Қазақстан деймізау.Универдің қасындағы қағаз шығаратын жерді байытып жатырк. Қазіргі кезде Универіміз бүкіл өзінің студенттерін общагамен қамти алмай отыр.Олардан не үшін десек?Біз оған кінәлі емеспіз дейді.10 жылдан бері келі жатқан проблема әлі шешілген жоқ.Білесіздерғо ол проблеманың бар екенің..... Мен бұл универдегі общаганы зар дегенде алдым темболее 1 курс болсамда алыс аймақпын және грант, ерекше аттестатым бар., Мен общага бойынша универдегі общагамен студентерді қамту бойынша факультетіт қызметкерімен сөйлескенде.Бір қыз жылап келіп жатыр екен .Ол қыз 2ші курс общага сұрау үшін келген.Ол қызда көпбалалы,алыс аймақ,малобоспеченный льготалары бар екен.Бірақ жаңағы қызметкер бізде общага жоқ.1 курсты қамтып,2-4 курстардан тек жетім балаларды ғана общага береміз дейді. Мен ойладым,Келесі курста менде осылай жылаймын ба? Дедім.Жылаймын ба? Жәнеде Абай универі жабылып қалған универлердің общагаларын жалға алып жатыр. Алдында барсақ ол общагаларда бітіп қамты.Бағалары студенттің қалтасы көтермейді.Сізге бұл арзан болып көрінер бірақ 38-50 мың айына.Мысалы менің стипендияам, 36 мың. Ойлаңыз неге жетет? Мен оқим ба?Ақша табам ба? Осыдан кейін білім қайдан болсын ойымыздың бәрі жататын жер табу! Сеңбесеңіз астына дәлел фото салып қойдым. Мына общага бар екен айына 45 мың. БҰЛ БАҒА СТУДЕНТТЕРГЕ ЖӘНЕ МАҒАН ҚЫМБАТ. Мысалға, Назарбаев университетін алсам,олардың өздерің общагасын люкс жәнеде оларда студенттерге 1 семестрге 26 мың теңге😀😱.Темболее бұл универде общага ала алмай зар қақсап жүрген студентті көрмедім. Бұл универ мемлекет бюджетінен қаржыландырады емес пе?Абайда солай? Общаганың өзін бизнес қылып жіберген.Білімнен гөрі ақша керек ау. Неге бұлай! Неге Абай университетінде бұлай,Сіздердің қолданыңыздар келедіғо.Общагының бағасын тұрақтандыру. Бірдеме істеніздерші өтінем 😭😭😭.Мен студентпін.Үй жай менің проблемам болсада.Полюбому ақша төлейміз ғой. Жарайды оны қоя берейік,студенттерге общага салыныздаршы өтінемін😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭тиімді бағада. Абай универінің өзінің общагасын 12800 айына.Бұл баға студенттерге орташа жақсы баға. Мен өзім қазір общагадамын. Келесі жылы Нестим? Деген сұрақ.Но бұл общага бүкіл студенттер жетпид.1 курстарға жетсе рахмет айтасын. Менің айтарым, 1)Универге студенттерге ыңғайлы бағада общагалар салынсын немесе беріліп жатқан общагалардың бағасы дұрысталсын. 10-15 мың арасында айына максимум. 2)Немесе общагаларды тиімді бағада қояалмасаныздар стипендияны студенттің квартирасына жететіндей өсірініздер!Тым болмаса грантта оқитындар қиналмасын. 😭😭Далада қоңып жүрген студенттерді көріп.Менде сондай күн кешем бе? Ағай сауалым жөн шешімін табар деген ойдамын.Осы проблеманың өз күн тәртібінізге алынызшы.Шешілсе біраз студенттің ақ тілегін аласыз! ...

Толығырақ

Жауаптар


Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Сіздің Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (бұдан әрі-Университет) жатақханасынан орын беруге қатысты өтінішіңізді қарап төмендегіні хабарлайды.  

Жатақханалардағы орындарды бөлуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларына сәйкес жоғары оқу орындары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға белгіленген нысан бойынша өтініш негізінде тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік оқу орындарының студенттік жатақханаларында орын санының шектеулі болуына байланысты оларды бөлу кезінде грант бойынша оқитын азаматтардың жеңілдікті санатынан студенттерге басымдық беріледі.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ініңіз тиісті өтініш беруі керек.

Толық ақпарат алу үшін университет қызметкері Ш. Нұрлановқа 8 747 804 04 70 телефон нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Сонымен қатар, студенттер жатақханаларына тапшылықты төмендету мақсатында 2018 жылдан 2022 жылдың 1 тамызға дейін 32 310 орындық 131 жатақхана пайдалануға берілді, оның ішінде ЖОО студенттеріне 15 482 орындық 50 жатақхана және студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу аясында, ЖОО жатақхана мен қонақ үйлер жалға алынды. 2022 жылдың басынан бастап шамамен 14 309 орын жалға алынған.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру шенберінде халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарының студенттеріне тұру шығындарын субсидиялау мәселесі пысықталуда.

Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіз Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен оған шағым жасауға құқылы екендігіңізді назарыңызға саламыз.

Саясат Нұрбек 09.11.2022, 05:23
    Саясат Нұрбек

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

    Саясат Нұрбек
    (Мұрағат)

    ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика