- Блогтар
- Әлназарова А.Ш.
Әлназарова А.Ш.
ҚР Денсаулық сақтау министрі
Киреева Анжела
- Ажар Ғиният
- 04.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 176
- № 738182
Добрый день! Согласно п. 6 и п.7 Приказа «Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления": п.6. Определение классов опасности отходов осуществляется территориальными подразделениями государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения в соответствии с подпунктом 12) статьи 9 Кодекса. п.7. Определение класса опасности отхода, вывозимого за пределы объекта, производится для каждого вида отходов в течение трех месяцев с момента его образования и подлежит пересмотру и обновлению в случае изменения технологии или при переходе на иные сырьевые ресурсы, а также в случаях, когда меняется химический состав отходов. Определению класса опасности подлежат также отходы объектов, складируемые на собственных полигонах. Вопрос: в какую определенно структуру нужно обращаться по определению классов опасности отходов, что для этого нужно предоставить? На основании каких данных определяется класс опасности отходов? Где и как работают заключения по определению класса опасности отходов, если при оформлении паспортов опасных отходов необходимо руководствоваться Классификатором отходов, который определяет группу, подгруппу и код по видам отходов? Будем благодарны за предоставленные ответы! ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Киреева Анжела! Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – Комитет) рассмотрев Ваше обращение, в пределах компетенции, сообщает следующее. В соответствии с п.6 приказа и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-331/2020 Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования к сбору, использованию, применению, обезвреживанию, транспортировке, хранению и захоронению отходов производства и потребления» (далее – Санитарные правила) определение классов опасности отходов осуществляется территориальными подразделениями Комитета. В соответствии с п. 5 статьи 338 Экологического Кодекса Республики Казахстан от 2 января 2021 года отнесение отходов к опасным или неопасным и к определенному коду классификатора отходов производится владельцем отходов самостоятельно. В связи с чем, образователи и владельцы отходов в соответствии с требованиями Постановления Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2010 года № 1219 «Об утверждении технического регламента «Требования к безопасности токсичных и высокотоксичных веществ» (далее – Технический регламент) предоставляет протокол испытания образцов отхода по химическому и компонентному составу, проведенный в аккредитованной лабораторий (п.6, п.20) и результат идентификации опасных отходов на основе оценки степени риска, проведенной расчетным методом по требованиям гармонизированных стандартов или по данным экспресс - экспериментальных методов прогноза токсичности аналогичных объектов (п.12). Касательно второго вопроса. Установление класса опасности проводится на основании критериев и основных показателей токсичных и высокотоксичных веществ, указанных в приложениях Технического регламента. Также, при определении уровня опасности и кодировки отходов используется приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 6 августа 2021 года «Об утверждении Классификатора отходов» (п. 30 Технического регламента). Кроме того, в приложениях 2 и 3 Санитарных правил представлен перечень отходов производства, относящиеся к 3 и 4 классу опасности. Касательно третьего вопроса. Материалы по определению класса опасности используются для проведения классификации опасных продукции, в т.ч. отходов, связанных с воздействием на человека и природную среду и для принятия соответствующих управленческих решений по минимизации их влияния (п. 21 - 23 Технического регламента).
Ажар Ғиният 16.05.2022, 06:25Имашева Айгерим
- Ажар Ғиният
- 04.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 111
- № 738151
Саламатсызба Денсаулық сақтау министірі Ажар ханым.Сізге 29.04.2022 жылы №737765 санды және 26.04.2022 жылы №737085 санды өтініш тіркелген болатын.Атамызды Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасына жатқызу барысында аудандық аурухананың дәрігерлерінің инсулть алған атамызды ауруханадан шығарып жібергені туралы Арыз түсірген болатынбыз. Алайда осы арызымыздың - жауабын әлі алған жоқпыз. Алмақ түгілі әлі атамызды ауруханаға жатқыза алмай жатырмыз.Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасының және Меркі ауданы Ақтоған ауылдық дәрігерлік амбулаториясының білікті мамандарының жұмысына салғырт қарауының нәтижесінде ауруханаға жатқыза алмай жатырмыз.Сізден атамызды ауруханаға жатқызуға көмектесуіңізді сұраймыз. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Имашева Айгерим! Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес Т. Қауынбаев 2022 жылғы 11 мамыр күні Меркі аудандық орталық аурухананың неврология бөліміне жоспарлы түрде жатқызылды.
Ажар Ғиният 16.05.2022, 06:23Кудайбергенова Айгуль
- Ажар Ғиният
- 04.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 110
- № 738102
Добрый день уважаемый министр! Я Кудайбергенова Айгуль Койшибаевна, хочу обратиться к вам. Моего сына Нурызбай Курмана Талгатулы ИИН 000317501609, он инвалид 3 группы, нуждается в постоянной медицинской помощи. Уже 3-ую неделю не могут прикрепить к поликлинике №3 города Алматы, ссылаясь на проблему технического отдела электронного здравоохранения города Нур-Султан. Прошу Вас как то повлиять на эту проблему. ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Айгуль Койшибаевна! Министерство здравоохранения Республики Казахстан (далее-Министерство), рассмотрев обращение, касательно прикрепления к медицинской организации Вашего ребенка (ИИН 000317501609), сообщает следующее. Согласно информации информационной системы «Регистр прикрпленного населения» Министерства, Ваш ребенок прикреплен к КГП на ПХВ «Городская поликлиника №3» управления общественного здоровья г.Алматы, дата прикрепления- 13 апреля 2022 года. На сегодняшний день, Вы можете получить медицинские услуги в полном объеме в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и в системе обязательного социального медицинского страхования.
Ажар Ғиният 12.05.2022, 11:23Марданов Унгарсин
- Ажар Ғиният
- 04.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 132
- № 738081
Мен, 08.04.2022 жылғы, 734404 нөмірлі өтінішіме жауап болмағасын, 28.04.2022 жылы, тағы да 737467 нөмірлі өтініш жазғанмын, өтініш қабылданды, бір апта уақыт өтті, бірақ "Баяғы жартас, сол жартас" дегендей ешқандай сыбыс жоқ. Айтыңызшы, министр ханым, егер сырқат адамдарға сіздің көзқарасыңыз осындай болса және олардың сұрақтарына осылай немқұрайлы қарап, уақытында жауап бермесеңіз, енді денсаулық сақтау саласында, сізден жоғары кімге сұрақ қоя аламын? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Унгарсин! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Сіздің өтінішіңізді құзыреті шегінде қарап, мынаны хабарлайды. а) жыл сайын сауықтыру мекемесіне тегін жолдамаға қатысты: Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеу «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығы негізінде қарастырылған. Осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес қатерлі ісіктер «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге медициналық қарсы көрсетілімдер» ретінде көрсетілген. Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар үшін түбегейлі емдеудің аяқталу мерзіміне қарамастан абсолюттік қарсы көрсетілімдер бар, олар курорттардың кейбір физикалық факторлары: емдік балшық, ыстық ванналар, радон және сульфид суларымен бальнеотерапия, Оңтүстік курорттарда көктем-жаз мезгілінде гелиотерапия. ә) жыл сайын ақшалай жәрдемақыға қатысты: Атырау облысының әкімдігі ақпаратына сәйкес біржолғы жәрдемақы жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына беріледі. Атырау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Сәтпаев көшесі 23 (Академия аялдамасы) мекенжайы бойынша отбасын қолдау бөліміне жүгіну қажет. Негіздеме: Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы №126 шешімі (2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы), жәрдемақы сомасын комиссия айқындайды. Қосымша ақпарат алу үшін +7-7122-51-23-69 телефонына хабарласуы қажет. б) диеталық тағамдарға арналған тегін азық-түлікке қатысты: Сонымен қатар, Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сұраныс бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік (азық-түлік себеті) ұсынатын еріктілермен (волонтер) бірлескен жұмыс жүргізуде. Өтініштің қаралу мерзіміне қатысты: Сіздің өтінішіңізде көрсетілген кейбір сұрақтар денсаулық сақтау жүйесінің құзыретіне кірмейді. Сол себептен құзырлы огандардан ақпарат сұрау қосымша уақытты талап етті.
Ажар Ғиният 06.05.2022, 10:26Старовойтова Светлана
- Ажар Ғиният
- 04.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 90
- № 738068
Здравствуйте. Мною было подано 07 апреля 2022 года обращение на блог Министра здравоохранения за № 734160. Сегодня 4 мая, ответ я до сих пор не получила. Прошу вас дать ответ на мое обращение № 734160 ...
ТолығырақЖауаптар
Уважаемая Светлана! Департамент лекарственной политики Министерства здравоохранения Республики Казахстан, рассмотрев Ваше обращение касательно обеспечения лекарственными средствами в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, сообщает следующее. Лекарственное обеспечение амбулаторных больных в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи осуществляется в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 5 августа 2021 года № ҚР ДСМ - 75 «Об утверждении Перечня лекарственных средств и медицинских изделий для бесплатного и (или) льготного амбулаторного обеспечения отдельных категорий граждан Республики Казахстан с определенными заболеваниями (состояниями)» (далее – Перечень). В соответствии с Перечнем лекарственные средства отпускаются по видам заболеваний. По данным информационной системы «Лекарственное обеспечение» Вы обеспечены в аптеке «КГП на ПХВ «Центр ядерной медицины и онкологии города Семей» препаратами: Аримидекс®, таблетка (МНН - Анастразол) в количестве 1 упаковки (рецепт № 128313550 от 25.01.2022г.), Летродэй, таблетка (МНН – Летрозол) в количестве 1 упаковки (рецепт №133368717 от 18.04.2022г.) и 2 упаковки (рецепт №134833646 от 26.05.2022г.). В случае несогласия с решением административного органа Вы вправе обжаловать его в вышестоящий орган (вышестоящему должностному лицу) соответствии со статьей 91 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.
Ажар Ғиният 06.06.2022, 11:14Мейрова Кадиша
- Ажар Ғиният
- 03.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 98
- № 738016
ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 127 бабында «Кеңейтілген практика мейіргері - мейіргер ісі саласында орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, мейіргерлік күтім шеңберінде кеңейтілген функцияларды жүзеге асыратын маман» деп көрсетілген. Аталған бапта кеңейтілген функцияларды қалай және қай жерлерде атқаратыныда анық аталған. Сұрағым: Емханада яғни бастапқы медициналық санитарлық қызмет көрсету ұйымдарында, кеңейтілген функция атқаратын мейірбикенің міндеттері бекітілмеген болсада, орта білімнен кейінгі білімі бар, кез келген мамандықты атқаратын мейірбикелердің жалақылары «В-3 блогымен» төленеме ? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Мейрова Кадиша! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Сіздің өтінішіңізді қарап,келесіні хабарлайды. 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 1-бабының 38-2-тармақшасына сәйкес № 319-III «Білім туралы» қолданбалы бакалавр-орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын (қолданбалы бакалавриат) меңгерген тұлғаларға берілетін біліктілік. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы кодексінің 127-бабы негізінде 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кеңейтілген практикадағы мейіргер – Мейіргер ісі саласындағы мейірбике күтімі шеңберінде кеңейтілген функцияларды жүзеге асыратын орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар маман. Кеңейтілген практикадағы мейіргерлердің клиникалық хаттамаларға және клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтарға сәйкес пациенттің (клиенттің) жай-күйін мейіргерлік бағалауды, мейіргерлік диагноз қоюды, мейіргерлік араласулар жоспарын тағайындауды және тиімділік мониторингін қамтитын тәуелсіз кәсіби мейіргерлік күтімді жүзеге асыруға құқығы бар. Мейірбике күтімінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады. Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-параграфының 6-тарауына сәйкес» (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы) медициналық кеңейтілген практиканың мейіргері немесе мейіргері мейіргерлік тексеруді жүзеге асырады, пациент үшін мейіргерлік араласулар жоспарын жасайды, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлік іс-шаралардың іске асырылуын бақылайды, жалпы практикада, терапияда, хирургияда, акушерия мен гинекологияда, психиатрияда, гериатрияда, оңалтуда, паллиативтік күтімде және денсаулық сақтаудың басқа да мамандандырылған салаларында мейіргерлік араласулардың тағайындалған жоспарының тиімділігін алғашқы медициналық-медициналық - санитарлық және стационарлық деңгейде.Өз құзыреті шегінде аса кең таралған инфекциялық емес аурулары және жіті респираторлық вирустық инфекциялары бар пациенттерді жеке қабылдауды жүргізеді.Пациент пен отбасы мүшелерінің жалпы күтім және ауруды басқару рәсімдеріне оқытуын ұйымдастырады, тиімділігін мониторингтейді және бақылайды. Жүкті әйелдерге, босанғаннан кейінгі әйелдерге, бір жасқа дейінгі балаларға, диспансерлік науқастар мен қарттарға патронаж жасайды. Денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу жөніндегі қызметті, мейіргерлердің дәрігерлік тағайындауларды тиісінше орындауын ұйымдастырады, техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мейіргерлердің профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуын бақылайды, іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелілігін бағалайды. Емдік-профилактикалық мекемеде дәрілік заттарды, қан препараттарын және қан алмастырғыштарды есепке алуды және сақтауды, есептік-есептік мейіргерлік құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.Азаматтарға алғашқы медициналық көмек, оның ішінде төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі және паллиативтік медициналық көмек көрсетеді.Қауіпсіз аурухана ортасының ұйымдастырылуын және инфекциялық бақылауды қамтамасыз етеді. Медициналық этиканы, өртке қарсы қауіпсіздіктің ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды. Медбикелердің, дәрігерлердің және басқа да денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби аралық жұмысын ұйымдастыруға қатысады. Біліктілікке қойылатын талаптар: «Мейіргер ісі» (академиялық бакалавриат) мамандығы бойынша жоғары медициналық білім немесе «Мейіргер ісі» (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша орта білімнен кейінгі білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды, Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының болуы. «Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығы негізінде «Қолданбалы бакалавриат» біліктілігі бойынша мамандар техникалық және кәсіптік білім беру деңгейіндегі мамандармен салыстырғанда біліктілігі жоғары деңгейдегі және тиісінше бір саты жоғары 3 маманның В блогына жатады. Бұл ретте, функционалдық міндеттерді орындау № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына сәйкес келуі тиіс. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 107-бабына сәйкес жұмыскерге жалақы жұмыс берушідегі қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйелеріне сәйкес еңбек шартында белгіленетіндігін атап өту қажет. Еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 138-бабына сәйкес жыл сайын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін – тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді. Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 «Өңірлерді медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» бұйрық жобасына «Мейіргер ісі» (қолданбалы бакалавриат) мамандығы бойынша өзгерістер енгізіліп жатқанын қосымша хабарлаймыз. Бұл ретте, өңірлердегі денсаулық сақтау басқармалары жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн айқындайды.
Ажар Ғиният 16.05.2022, 06:20Исатаев Жарас
- Ажар Ғиният
- 03.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 110
- № 738012
Саламатсыз ба құрметті Ажар Ғиниятқызы!!! Жаңа қызметіңізде сәттілік тілеймін. Менің сізге қояр сұрағым: Мен 10-жасымнан бері астма ауруының ауыр түрімен ауырамын және есепте тұрамын. Осы ауруыма байланысты 2015 жылдан бері ІІІ-топ мүгедектігім бар. Маған осы мүгедектік жыл сайын тек 1 жылға беріледі. Жыл сайын қаншама анықтама, құжат жинаймын, тексерістен өтемін, қаражат жұмсаймын. Жасым 22-ден асты. Менің бұл аураудан енді жазылмайтыным белгілі. Осыған байланысты, Сізден сұрайтыным маған ІІІ-топ мүгедектігін өмір бойына берсе деймін. Мен жыл сайын соза бергеннен шаршадым. Осы мәселенің оңынан шешілуіне ықпал етсеңіз алғысым шексіз.болар еді. Алдын-ала рахмет. ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Исатаев Жарас! Сіздің өтінішіңіз Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қайта жолданды, себебі Сіз көтерген сұрақ осы мемлекеттік органның құзыретіне кіреді.
Ажар Ғиният 04.05.2022, 04:56Молжанова Майрагуль
- Ажар Ғиният
- 03.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 107
- № 738006
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиниятқа ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға Жамбыл облысы Шу қаласы, Сейтімбетов көшесі 24/2 үй тұрғыны Байланыс тел. +7 7472756064 Сартаева Нуркуль Отарбековнадан арыз Мен, Сартаева Нуркуль Отарбековна 11.08.1956 ж.т. зейнеттегі ұстазбын. Ұзақ жылдардан бері (Е.10.8) Анықталмаған асқынулары бар инсулинге тәуелді қант диабетімен ауырамын. 2021 ж. желтоқсан айында жамбас сүйегім сынып қиын хәлге түстім. 2022 жылдың наурыз айында Кеңейтілген кардиомиопатия диагнозы тағы қосылып, Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы кардиология орталығына 16.03.2022 ж. ем қабылдауға жатып, ота жасалып, жүрегіме кардиостимулятор қойылды. Отадан кейін реанимацияда жатқанымда, сол жердегі медбикелердің өзара әңгімесінен түсінгенім, мемлекеттің біз сияқтылардың отасы үшін аз ақша бөлінейтінді екен. Сонда «Жүректің» дәрігерлеріне бөлінген қаражат жеткіліксіз болғаны ма? Қолма қол ақша бере алмаған ауруларға осындай жауыздықпен қарауы, мемлекет бөлген ақшаны місе тұтпай, бізден ақша дәметкендігі жауыздық. Мемлекет соншама қаражатты ауруларға жақсы, сапалы қызмет көрсетсін деп бөліп отыр емес пе ? 24.03.2022 күні таңертең мені шығарады деп санитарларға дәрігерлер айтыпты, дәрігерлерді мен көрмедім. Палатада жалғыз өзім қалған болатынмын. Сағат 11 лерде санитарлар келіп, тұрыңыз, шығыңыз, біз палатаны жинаймыз деді. Мен выпискамды әлі алмағандығымды айтып, дәлізде түске дейін отырыппын. Түскі ас таратылып жатқанын естіп, маған түскі ас беруін өтіндім. Олардың берген сізге тамақ жоқ деген жауабы менің ашу-ызамды шақырып, жүйкемді тоздырып, ауруыма ауру қосты. Мен Шуға жеткенше қантым түсіп, құлап қалсап кім жауап береді, выпискамды да бермедіңдер, не деген жауапсыздық, құдай сендерге бұдан былай күнімді қаратпасын деп, бүкіл дәлізді басыма көтеріп, шағымданатынымды айтып, айқай салуға мәжбүр болдым. Осыдан кейін ғана жарым жартылай тамақ берді. «Тамақтанып» болған соң, санитарлар келіп мені қабылдау бөліміне апарып тастады. Құрметті қауым, көз алдарыңызға елестетіңіздерші, өздігінен жүруге шамасы жоқ, сүйретілген қарт ананы… Суық жерде отырып, әбден жаурадым, содан соң сол жердегі бір жас балаға такси шақыртып беруін өтіндім. Такси келгенде жаурағаннан қалшылдап, сөйлей де алмай қалдым. Автобекетке келіп, Шуға баратын таксиге отырғанымда қолым ұйып, жүрек түсым шанши бастады. Жолды көтере аламын ба деген сұрақ мазалап, қиналып отырғанымда жүргізуші түрімнен қорқып, апа мына түріңізбен жолды көтере алмайсыз, Таразда жақындарыңыз болса хабарласыңыз деп өтінді. Сол бала менің сөйлеуге шамам болмай тұрғанын көріп, сіңлімнің баласын шақыртып берді. Сол барғаннан сол үйде бір ай жатып қалдым. Сәл тұруға жараған соң сіңлімнің баласы ТОО Жашыбаевтың клиникасына апарып, барлық тексеруден өткізді. Тексерудің нәтижесі бойынша «Жүректегі» дәрігерлердің әлде білместігінен бе, әлде жауапсыздығынан ба, әлде ақша бермегендіктен бе, әлде немқұрайлылығынан ба әйтеуір 2-ші рет ота жасау қажет болып отыр. Маған сол кезде-ақ әуелі каранография жасап, содан кейін ИКД қою қажет екендігін білдім. Бұл «Жүрек» дәрігерлерінің жауапсыздығы мен білімсіздігі ме деп ойландым. Олардың ақшаға құныққандықтары соншама мен сияқты ауру адамдар 2-ші рет отаға түсуге мәжбүр етіп отырғандары қатты қынжылтады. Бұл ащы шындықты айтып, арыз жазып отырған себебім менің басымнан өткен жағдай басқа жандармен қайталанбаса екен , өзі науқас адамдар қиналмаса екен деген ой. Сондықтан өз ісіне жауапсыздықпен, салғырттықпен қараған дәрігерлер өз жазасын алсын. Менің қатты жапа шеккенімді, қайта ота жасатуымды енді ешкімнің басына бермесін. Жамбыл облысы Шу қаласы, Сейтімбетов көшесі 24/2 үй тұрғыны Байланыс тел. +7 7472756064 Сартаева Нуркуль Отарбековнадан Сартаева Н.О ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Молжанова Майрагуль! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, Сіздің өтінішіңіз бойынша, келесіні хабарлайды. Комитет "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына сәйкес медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы салаларында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағына сәйкес құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштерін және мемлекеттік органдардың өтініштерін қоспағанда, адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірілгені туралы нақты фактілер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 63 – бабына сәйкес өтініште жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде). Өтініште арыз иесінің немесе оның заңды өкілі қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі. Сонымен қатар, Кодекстің 68-бабына сәйкес әкімшілік рәсімге қатысушы өзінің әкімшілік істерін жеке өзі, өкіл арқылы немесе онымен бірге жүргізуге құқылы. Әкімшілік рәсімде өкілдік ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағына сәйкес нақты фактілері болған жағдайда, медициналық ұйымдарда жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін Сіз жазбаша өтінішпен және жоғарыда көрсетілген талаптардың сақталуымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Сіздің өңіріңіз бойынша аумақтық департаментіне жүгіну қажет.
Ажар Ғиният 16.05.2022, 06:17Ахметова Ардак
- Ажар Ғиният
- 03.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 95
- № 737992
Жәйрем кенті аурухана қызметкерлеріне шағым ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Ахметова Ардак! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті, Сіздің өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының (бұдан әрі-Басқарма) ақпараты бойынша Сіз балаларыңызбен бірге «Жәйрем кентінің ауруханасы» КМК педиатрының қабылдауында болды. Дәрігер-педиатр балаларды тексеріп, Сізге учаскелік терапевтпен жоспарлы флюорографиядан және жатыр мойны обырына скринингтен өту қажеттілігі туралы еске салды. Осы тексерулерден бас тарттыңыз. 16.04.2022 ж. Сіз балаларыңызбен стационарлық ем қабылдадыңыз. 18.04.2022 ж. Сіз балалардың жағдайының жақсаруына байланысты күтім жасау және стационарлық емдеуден бас тарту туралы қолхат жаздыңыз. Инфекциялық бөлімшеде тамақтану мәселесі бойынша: «Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығына сәйкес бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша балаға күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын басқа адамға қосымша анасының (әкесінің) немесе басқа адамның күтімін қажет ететін ауыр жағдайдағы үлкен жастағы балаларды тәулік бойы бақылайтын стационарда емдеу кезінде алып жүретін адамға немесе балаға қосымша күтім жасайтын адамға «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беріліп, онымен медициналық ұйымда, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана бала күтімі бойынша денсаулық сақтау ұйымында болған барлық кезеңге тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Инфекциялық бөлімшеде қышқыл сүт өнімдерімен (йогут, айран және т.б.) сәлемдемелер қабылдауға жол берілмейді, сондай-ақ дәліздермен жүруге, ас үйге және далаға шығуға тыйым салынады, алайда емдеуге жатқызу кезінде өтініш беруші аталған ережелерді сақтаған. Ауруханаға жатқызу кезінде шприцтердің болмау фактісі және дәрігер қабылдау фактісі өзінің растауын таппады. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Сіз Басқармаға хабарласа аласыз.
Ажар Ғиният 08.06.2022, 11:13Жұмабекова Гүлсім
- Ажар Ғиният
- 03.05.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 102
- № 737986
Саламатсызба,"Медико-профилактикалық іс" магистрі атағына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1043 бұйрығына сәйкес еңбек ақы кай категориямен төленеді? ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Гүлсім! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Сіздің өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. «Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығының 10-параграфының 48-тармағына сәйкес «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы қоғамдық денсаулық сақтау маманы санатына жатады. Осыған байланысты бакалавриат, магистратура «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасы клиникалық мамандық емес, сәйкесінше бакалавриат, магистратура бітірген түлектер денсаулық сақтау саласындағы мамандар болып табылады. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша жоғары білімі бар маман «Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1043 бұйрығына сәйкес «В3» буынының 4-сатысының негізгі персоналы - «В» блогына жатады.
Ажар Ғиният 12.05.2022, 11:22