- Блогтар
- Шөкеев Ө. Е.
Мәдиев Дәурен
- Шөкеев Ө. Е.
- 23.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ауыл шаруашылығы ·
- 4
- № 744838/1
Сәлеметсізбе, мен Мәдиев Дәурен Күмісбекұлы Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар аулының тұрғыны боламын. Менің өтінішім келесідей біздің ауылға қателеспесем 2015-2016 жылдары ауыз су жүргізілді щған алғысымыз шексіз алайда 2020 жылдан бастап ауылдағы құдықшалардың шойын қақпақтарын ауданнанбыз деп келіп бір кісілер жинап кеткен (қайтып әкеліп қоямыз деп содан жоқ, бір жердің тендер объектісін жабу керек болдыма мен білмедім оны)содан бері құдықшалар ашық шашық жатыр. Біз жаңа Қазақстан деп жатырмыз ескіше біреудің бір жері майып болмай тұрып түзесек болатын шығар. Сізге екінші сұрағым осы ауылда емхана бар сол емханамых 1,5-2 жылдан бері Күрделі жөндеуден өткен болатын ал қазір ішіне кіріп қарасаң соншама уақыт алатындай жөндеу жұмыстары көрінбейді былайша айтқанда әктеу, сырлау (текущий ремонт). Осы 2 мәселенің оң шешімін табуға өз жағыңыздан заң жүзінде ықпал етуіңізді сұраймын. ...
ТолығырақХалматов Билол
- Шөкеев Ө. Е.
- 22.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 3
- № 744357/1
Құрметті Өскенбаев Қ.А! Мен бұл арызды Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек ауылы: 1. Қуаныш көшесі 2. И.Атажанов көшесі 3. Яссауи көшесі 4. Достық көшесі тұрғындары атынан жазып отырмын. Осы уақытқа дейін көшемізге үздіксіз ауыз су келіп тұратын. Барлығымыз сол суды ішімдік су ретінде пайдаланамыз. Соңғы кездері тұрғындар су тапшылығынан зардап шегуде. Бұл туралы облыс және аудан әкімшілігіне арыздандық еш нәтиже жоқ. Тұрғындар судың келмеу себебін өз бетінше ізденіп анықтады. Яғни судың келмеуіне себеп, біздің көшемізге тиесілі ұңғымаға И.Усманова көшесін қосқан. Соның салдарынан жоғарыда аты аталған төрт көшеде су келуі тұрақсызданған. Біз И.Усманова көшесі тұрғындарымен сұхбат жүргіздік. Олар әр қайсысы 20000(жиырма мың) теңгеден жинап, біздің көшеге тиесілі су ұңғымасына қосылғанын растады. Бұл заңсыз әрекет. Себебі олардың өздеріне тиесілі басқа су ұңғымасы бар. Осы мәселені жеке бақылауыңызға алуыңызды өтінеміз. Суға жауапты «Сауран -Су» ММК басшысы келіп, тұрғындармен кездессе екен. Біз мән-жайды түсіндірер едік. Алдағы уақытта көшемізге баяғыдай тұрақты су келеді деген үміттеміз! ...
ТолығырақИгенбек Жанғабыл
- Шөкеев Ө. Е.
- 20.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Жер мәселелері ·
- 32
- № 744446
Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Естайұлына, ТО, Бәйдібек ауданы Көктерек ауыл әкімшілігі Кеңестөбе елді мекені, Қостөбек 2 тұрғыны Игенбек Жанқабыл Игенбекұлынан, ЖСН 730120300966 Арыз. Менің арыз жазу себебім, 2021 жылы 31 мамыр күні ауданда өткен ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысып,Көктерек ауыл әкімшілігі аумағынан жалпы аумағы 10,8 гектар суармалы жерді алуға жеңімпаз болып табылдым.Хаттама саны №06, 31 мамыр 2021 жылдан. Осы аталған 10,8 гектар жерден, 2020 жылдары «Ырысым» ЖШС төрағасы Д.Диханбаев ауылдағы өзінің ағайындарын яғни Күмісбек Жапабаев, Полат Егенов, Мұрат Егенов, Рысбек Жапабаевтарды аталған ЖШС-ға мүше етіп қабылдап, осыларға тиісті жерге берілген көк қағаздары негізінде (пай үлесіне бөлінеген) жерлері болмауына байланысты деп, аталған 10,8 га жердің қақ ортасынан сол кездегі аудандық жер комитеті басшысы Нұралы Оразовпен заңсыз келісіп 3,5 га жерді екінші рет аудан әкімінің заңсыз шешімін шығартып, жерді мемлекеттік акт жасатып құжаттандырған.Менің бұл жағдайға тоқталып отырған себебім, бұрын 1997-2000 жылдары аралығында Көктерек ауыл әкімшілігіне қарасты Кеңестөбе елді мекенінде орналасқан Ақмешіт өндірістік кооперативінен «Еген» шаруа қожалығы мүшелерімен, атап айтар болсақ Күмісбек Жапабаев, Полат Егенов, Мұрат Егенов және шаруа қожалығы төрағасы Ақылбек Жапабаевтар «Ақмешіт» өндірістік кооперативінен өздеріне тиісті пай үлестік жерлерін, (жайылым, егістік, суармалы жерлерін) кооператив төрағасы Есенхан Бүркітбаевтың келісімімен және жалпы жиналыс хаттамасымен бөліп алған.Хаттамада бөлініп берілген жайылымдық, суармалы,егістік жерлердің орналасқан жері мен бөлінген шекаралары көрсетілген.Осыдан кейін, «Еген» шаруашылығы төрағасы Ақылбек Егенов аудан әкімінен осы отбасылардың пай үлестік жерлеріне қаулы шығартып, картасын сыздыртып бекітіп алған.Бірақ аталған жерлерге мемлекеттік акт жасалынбаған.Бұл жағдайға көз жеткізу үшін аудандық жер комитеті мұрағатында осы жерлерге тиісті барлық құжаттарды көтеріп танысуға болады. «Ырысым» ЖШС төрағасы Д.Диханбаев, аталған азаматтарды өзі құрған «Ырысым» ЖШС-на мүшелікке қабылдап, осы азаматтар өздеріне тиісті пай үлесіне суармалы жерлер алмаған деп көрсетіп, мемлекеттік қорға тиісті жоғарыдағы мен жеңіп алған 10,8 га жердің қақ ортасынан, заңсыз аудан басшыларымен және аудандық жер комитеті басшысы болған Нұралы Оразовпен ауыз жаласып 3,5 га жерді құжаттандырып алған.Аталған 3,5 га жерді қәзіргі таңда «Едіге» өндірістік кооперативі төрағасы Ерғали Мырзақұловқа суб арендаға беріп, заңсыз пайда тауып отыр.Өз кезегінде жалға алған Ерғали Мырзақұлов аталған жерге арпа мен жоңышқа өнімдерін сеуіп қойған. Д.Диханбаевтың мемлекеттен өзіне алған 3,5 га жерді суб арендаға беріп отырғандығын Кеңестөбе ауылы тұрғыны механизатор Асқан Дөңбаев және сушы Бексұлтан Жандаралиевтар растайды.Себебі осы кісілер осы жерге ақылы түрде Ерғали Мырзақұловпен келісіп қызмет көрсеткен. 2021 жылы 31 мамыр күні ауданда өткен ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысып,Көктерек ауыл әкімшілігі аумағынан жалпы аумағы 10,8 гектар суармалы жерді алуға жеңімпаз болып табылдым.Бірақ осы аталған 10,8 га жерге «Ырысым» ЖШС төрағасы Д.Диханбаевтың туған ағасы Нұрғали Диханбаев өзіне қарасты «Дәулет» шаруа қожалығының атынан аталған конкурсқа қатысып, маған тиесілі 10,8 га жерден «Ырысым» ЖШС төрағасы Д.Диханбаев заңсыз 3,5 га жерді құжаттакндырып алса, ағасы осы жердің сол жақ бетінен 2,9 га, оң жақ бетінен 3,2 га жерді конкурстан ұтып отыр. Аудандық жер қатынастар комитеті бұрынғы бастығы Нұралы Оразов 2021 жылы 31 мамыр күні өткен конкурсқа мені де Диханбаев Нұрғалиды да осы жалпы 10,8 га жерді мені ұтты деп танып, осы жердің ішінен жалпы 6,1 га жерді Н.Диханбаев ұтты деп танып отыр.Жалпы екеуміздің таласып отырғанымыз аталған 10,8 га.Ағайынды Диханбаевтар мен Нұралы Оразов ауыз жаласып, қолданыстағы жер туралы заң талаптарын өрескел бұзып, Диханбаевтарға заңда көрсетілмеген артықшылықтар жасап, сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс әректтерін жасап маған тиісті жерімді игеруіме және иеленуіме тосқауыл жасап отыр. Менің жазған арызым негізінде, аталған конкурс талаптарын, осы жерге қатысты берілген барлық құжаттарды тиянақты зерттеп зерделеп, заң бұзушылықтарға жол берілсе қатысты азаматтарды жауапқа тартқызуға және конкурс негізінде ұтқан жерімді заңдастырып алуға ықпал жасауыңызды сұраймын. Арыз иесі: Игенбек Жанқабыл. ...
ТолығырақЖауаптар
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес 2021 жылы Бәйдібек аудандық жер қатынастары бөлімінің тарапынан өткізілген, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа (фермер) қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру жөніндегі конкурста Көктерек ауылдық округі бойынша 10,8 га суармалы жер учаскесі Иманбек Жанғабыл, 2,9 га суармалы жер учаскесі «Дәулет» шаруа қожалығы (төрағасы Диханбаев Нұрғали), 3,2 га суармалы «Дәулет» шаруа қожалығы (төрағасы Диханбаев Нұрғали) жеңімпаз деп танылған. Алайда, аталған жер телімдері бір жерде орналасқан, яғни, 3,2 га және 2,9 га суармалы жер учаскелері 10,8 га суармалы жер телімінің ішінен сызылып, конкурсқа қойылған. Сонымен қатар, Көктерек ауылдық округіне қарасты «Ырысым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 6 отбасының (36 жан) бірігуіне байланысты 14.03.2018 жылғы Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Жер телімдерін біріктіріп беру туралы» № 76 санды қаулысының негізінде 108,0 га егістік, 3,6 га суармалы, 216,0 га жайылым, барлығы 376,6 га жер телімдері «Ырысым» ЖШС-не біріктіріліп ұзақ мерзімге пайдалану құқығымен жалға 10 жылға берілген. Осы «Ырысым» ЖШС-не берілген 3,6 га суармалы жер учаскесі де жоғарыда аталған 10,8 га суармалы жер телімінің ішінен сызылып, 22.09.2020 жылы кадастрлық №19-186-033-398 мемлекеттік актісі рәсімделген. Алайда, конкурс бойынша жеңімпаз атанған тұлғаларға аталған жер учаскелеріне аудан әкімдігінің қаулылары шығып, мемлекеттік актісі алынбаған. Сіздің арызыңыз бойынша анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне Аудан әкімдігінен 2022 жылғы 28 маусымдағы №471 санды хаты жолданды. Тексеру нәтижесі бойынша қосымша хабарланатын болады.
Шөкеев Ө. Е. 01.07.2022, 05:46Жолшиев Мурат
- Шөкеев Ө. Е.
- 14.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 30
- № 743667
Ж О Л Д А Н Ы М «Бау-Кен 777 »ЖШС-тің 15.12.2021-ші жылғы асыл тұқымды аналық саулықтарға субсидия алу жөніндегі жолданымына толық жауап беру жайлы. ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! «Бау-Кен 777» ЖШС-гі 2021 жылдың 15 желтоқсан күні қойдың асыл тұқымды аналық мал бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу бағытында субсидиялауға өтінім тапсырды. Серіктестіктің орналасқан орны Отырар ауданы, Маяқұм елдімекені. Серіктестіктің меншігінде 18 мыңнан аса қой тіркелген. Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру базасында қойлар Маяқұм елдімекенінде тіркелген. Түркістан облысы бойынша 18 мың бас қойы бар шаруашылықтың болуына күмән туып, Отырар ауданының «Ветеринариялық қызмет» МКК директоры, Маяқұм ауылдық округ ветеринариялық бекет меңгерушісі және мамандарынан серіктестіктің 18 мың басына қатысты жауап алдырылды. Нәтижесінде, жоғарыда аталған қызметкерлердің айтуы бойынша Отырар ауданында «Бау-Кен 777» ЖШС-не тиесілі қойларын ешкім көрмегені анықталды. Нәтижесі бойынша «Бау-Кен 777» ЖШС-нің субсидиялауға берілген өтінімі кері қайтарылды.
Шөкеев Ө. Е. 22.06.2022, 09:28Алдасугиров Кыран
- Шөкеев Ө. Е.
- 13.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Туризм ·
- 30
- № 743636
Уважаемый Умирзак Естаевич! Я турист из г. Актобе, мне и моей семье очень понравился Туркестан и его достопримечательности, но сегодня в последний день пребывания в вашем городе 13 июня примерно в 12:00 после посещения выставочного центра «Ұлы Дала Елі», Я на автомобиле нарушил правило ПДД "движение по встречной полосе на дороге с односторонним движением". Я оставил им на лапу приличную сумму. Также при мне задержали ещё одного туриста на личном автомобиле. Я предполагаю что запутанными дорогами вокруг туристических мест пользуются гаишники, используется их как кормушки. Было бы хорошо исключить возможности возникновения кормушок с использованием законов РК, так как эта ситуация омрачила все впечатления от вашего прекрасного региона и оставила без средств на дальнейшую поездку через Шымкент в Алмату и обратно в Актобе. Намерено не прописываю гос номер, номер жетонов гаишников, так как считаю что это система а не произвол отдельных сотрудников. ...
ТолығырақВапаев Бобомурод
- Шөкеев Ө. Е.
- 12.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Өңірлері ·
- 31
- № 743491
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев мырзаға Сауран ауданы, Жүйнек ауылы, Қуаныш көшесі тұрғындары атынан Арыз Біздің арыз жазу себебіміз, көшемізге үздіксіз ауыз су келіп тұратын. Барлығымыз сол суды ішімдік су ретінде пайдаланамыз. Соңғы кездері су келуі нашарлап қалды. Жауапты тұлғалардан себебін сұрасақ, түрлі сылтаулар айтуда. Барлығымыз судың төлем ақысын уақытылы төлеп тұрамыз. Біздің ойымызша судың тұрақсыздығына себеп, жаупты мекеме немесе жауапты тұлға өз міндетін сезінбейді немесе жауапкершілікпен атқармайды. Суға жауапты мекеме ГКП «Сауран-Су». Егер техникалық жөндеу қажет болса неге тиісті қаражат бөлініп, жөндеу жүргізілмейді? Тұрғындар уақытылы төлеген қаражат қайда жұмсалуда? Осы мәселені шешіп беруіңізді өтінеміз! Арызданушы тұрғындардың аты-жөні және қолы төмендегі PDF құжатта көрсетілген. ...
ТолығырақЖауаптар
Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек елді мекеніде қазіргі таңда, су жүйесінде орын алған ақаулар қалпына келтірілді. Сонымен қатар, су ұңғымасына жаңа ЭЦВ-8 су насосы салынып, машинный залдағы 2 көтерілім К-50-40 насосы да ауыстырылды. Бүгінгі таңда, аталған елді мекенде бір ғана су ұңғымасы жұмыс істеп тұруына байланысты, жаңадан су мұнарасын орнатуға жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сараптаманың оң қорытындысын алған соң, обылыстық және жергілікті бюджетке қаржы бөлуге өтінім ұсынылады. Сонымен қатар, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Сауран-Су»МКК-ны жаңадан құрылуына байланысты, мекеме заңды және жеке тұлғалардан түсетін төлемдердің түсуіне қарай мекеме шығыстары мен кірістері айқындалатындығын және «Сауран-Су» МКК-ны мемлекет тарапынан қаржыланбайды.
Шөкеев Ө. Е. 21.06.2022, 05:06- Шөкеев Ө. Е.
- 10.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 38
- № 742971/1
Құрметті Марат Мұратұлы! Түркістан облыс орталығы болғалы біраз өзгерістерге куә болып келеміз. Қала керемет прогрестерді бастан өткізуде. Жұмыссыздық азайып, тұрақтылық орнауда. Қаланың барлық дерлік аумағына көгілдір отын (газ) құбырлары орнатылды. Тұрғындар да пайдалануда. Десек те, кейбір нюанстарды да көріп жүрміз. Түркістанның тумасы, қаламыздың жанашыры ретінде келесідей жағдайды жеткізгім келеді. Бейнероликте газ құбырының көшедегі нүктесінің жолдың бойына орналастырылуы біраз автокөлік пен үй иелерінің мазасын алуда. Автокөлікпен үйге кіріп шығу тұрғындарды біраз әбігерге салуда. Ақан Сері көшесінде (Қызылорда тас жолында орналасқан ГазПром Нефть авто жанармай бекетінің артындағы көше) орналасқан бұл газ құбырының жанында негізінен жаздық үй орналасқан еді. Алайда 1 жарым жыл бұрын жаздық үйді алып тастап, газ құбырының нүктесінен 1 жарым метр қашықтықта жолға қарай емес ішке қарай үйдің қоршауы жасалса да газ құбырының нүктесі сол күйі орнында қалып қалды. Ал бұл, өз кезегінде, автокөліктердің арасында апаттық жағдайды туғызуы мүмкін. Қала жанашыры ретінде автокөлік қақтығысы мен адам шығыны секілді оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында газ нүктесінің жолдың бойынан алып тасталынып, үйдің қоршауына қарай жақындатуыңызды сұранамыз. Толығырақ мына сілтемеде: https://vk.com/video21622451_456239026 ...
ТолығырақЖауаптар
Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" ММ-нің мамандарымен Қызылорда тас жолының бойында орналасқан Ақан Сері көшесіндегі "ГазПромНефть" ЖБ-нің артындағы газ құбырының орналасуын бақылау жүргізіліп, нәтижесінде газ құбыры 2019 жылы "Қанай" ЖШС-мен толығымен жобаға сәйкес жүргізілгенін анықтады. Осыған байланысты аталған газ құбырының орнын ауыстыру негізсіз.
Шөкеев Ө. Е. 15.06.2022, 05:20Ахметова Наргиза
- Шөкеев Ө. Е.
- 09.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 30
- № 743082/1
Құрметті Асхат Қанатұлы Мен Түркістан қаласының тұрғыны Заниева Гульнара Ирискуловна, 5 баланың (көпбалалы) анасымын. Біздің кезімізде кез-келген оқу орнында орысша бөлімдер болған еді. Соған сәйкес біз орыс бөлімінде бітіріп, білім алғанбыз. Солай отбасымызда балаларымыз орысша білім алған. Үлкен балаларым мектепті орысша бітіріп, медициналық колледж немесе педагогикалық колледждерде орыс бөлімі болмағандықтан, қазақ бөліміне оқуға түсіргенбіз. Бірақ, олар қазақша оқып қиналды. Осы орайда қызым Бабаханова Чарас Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясын" КММ 2022 жылы орыс сыныбында негізгі мектебін бітіріп отыр. Енді осы қызымды Түркістан педагогикалық колледжіне «Бастауыш білім беру» мұғалімі мамандығы бойынша орыс бөліміне оқуға түсірейін десем, аталмыш колледжде орыс бөлімі жоқ екен. Осы орайда Түркістан қаласының тұрғындары атынан жоғарыда аталған колледжден орыс бөлімін ашып беруіңізді сұраймыз. Бала – біздің болашағымыз, ертеңгі үміт артар жалғасымыз! Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін бала өзінің жанына жақын тілде білім алуына жағдай жасалса екен деген ниеттеміз. Осы мәселені дұрыс жағына шешіп береді деген үміттеміз. ...
ТолығырақЖауаптар
Колледждерге 2022-2023 жаңа оқу жылына оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» негізінде жүзеге асырылатынын мәлімдейді. Мемлекеттік білім беру тапсырысы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес өңірдегі еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере және білім беруді басқару органдарының білім беру ұйымының сұранысы негізінде орналастырылады. Сондай ақ, жаңа оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасы 17-20 маусым аралығында қабылданып қойылды. Сіз сұрап отырған, Түркістан педагогикалық колледжі (қазіргі атауы Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі) мемлекеттік білім беру тапсырысына «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша орыс тілінде оқытатын топтарға сұраныс бермегендіктен, орыс тілді оқу топтарын қалыптастыру мүмкін еместігін хабарлаймыз. Ал, ақылы негіздегі топқа талапкер құжаттарын тапсыруға құқыңыз барын түсіндіреді. Таңдаған орыс тілді топтарға саны 15 тен кем емес талапкерлер жинақталған жағдайда топ болады. Талапкерлердің ТжКОББ ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау: мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, қазіргі таңда мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруда комиссия өз жұмысын бастап кеткендіктен, Сіздің ұсынысыңыз келесі жылға ескерілетіндігін мәлімдейміз.
Шөкеев Ө. Е. 27.06.2022, 06:13- Шөкеев Ө. Е.
- 08.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 62
- № 742974
Құрметті Өмірзақ Естайұлы! Түркістан облыс орталығы болғалы біраз өзгерістерге куә болып келеміз. Қала керемет прогрестерді бастан өткізуде. Жұмыссыздық азайып, тұрақтылық орнауда. Қаланың барлық дерлік аумағына көгілдір отын (газ) құбырлары орнатылды. Тұрғындар да пайдалануда. Десек те, кейбір нюанстарды да көріп жүрміз. Түркістанның тумасы, қаламыздың жанашыры ретінде келесідей жағдайды жеткізгім келеді. Бейнероликте газ құбырының көшедегі нүктесінің жолдың бойына орналастырылуы біраз автокөлік пен үй иелерінің мазасын алуда. Автокөлікпен үйге кіріп шығу тұрғындарды біраз әбігерге салуда. Ақан Сері көшесінде (Қызылорда тас жолында орналасқан ГазПром Нефть авто жанармай бекетінің артындағы көше) орналасқан бұл газ құбырының жанында негізінен жаздық үй орналасқан еді. Алайда 1 жарым жыл бұрын жаздық үйді алып тастап, газ құбырының нүктесінен 1 жарым метр қашықтықта жолға қарай емес ішке қарай үйдің қоршауы жасалса да газ құбырының нүктесі сол күйі орнында қалып қалды. Ал бұл, өз кезегінде, автокөліктердің арасында апаттық жағдайды туғызуы мүмкін. Қала жанашыры ретінде автокөлік қақтығысы мен адам шығыны секілді оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында газ нүктесінің жолдың бойынан алып тасталынып, үйдің қоршауына қарай жақындатуыңызды сұранамыз. Толығырақ мына сілтемеде: https://vk.com/video21622451_456239026 ...
ТолығырақЖауаптар
Түркістан қаласы әкімдігінің "Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі" ММ-нің мамандарымен Қызылорда тас жолының бойында орналасқан Ақан Сері көшесіндегі "ГазПромНефть" ЖБ-нің артындағы газ құбырының орналасуын бақылау жүргізіліп, нәтижесінде газ құбыры 2019 жылы "Қанай" ЖШС-мен толығымен жобаға сәйкес жүргізілгенін анықтады. Осыған байланысты аталған газ құбырының орнын ауыстыру негізсіз.
Шөкеев Ө. Е. 15.06.2022, 05:20Нурманов Арсланбек
- Шөкеев Ө. Е.
- 07.06.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 55
- № 742861
Довожу до Вашего сведения, что город Туркестан, мкр.Жаңа қала, 9-ая улица, в домах 32/1 и 32/2 неисправно работают лифты, постоянно выходят из строя. Вчера произошел случай когда маленькие дети застряли в лифте на полчаса и одному ребенку от шока не хватило воздуха чтоб дышать, чудом ребенок выжил. Наши соседи могут подтвердить все здесь написанное. Требую проверить на качество этих лифтов и если будет доказана вина строительных компании, то привлечь их к ответственности. ...
ТолығырақЖауаптар
По факту неисправности лифта (лифта) в жилых домах №32/1, 32/2 по улице 9 Туркестан подрядному учреждению выдается предупреждение по восстановлению, и в дальнейшем недостатки будут устранены. Однако лифты, установленные в данном жилом доме, установлены в соответствии с проектом в количестве 2 штук. Со стороны переселенцев очень тяжелая бытовая техника, вывоз стройматериалов, стабильная работа на срочной стадии. Кроме того, сообщаем, что вводимая в эксплуатацию лифта не входит в гарантии, предоставляемые подрядчиком, повреждение которых связано с отсутствием обслуживания или недостаточным техническим обслуживанием. В связи с этим, просим жителей, переселившихся в данное жилье, связаться с "отделом жилищных отношений и жилищной инспекции" акимата города Туркестан и заключить договор со специализированными учреждениями обслуживания.
Шөкеев Ө. Е. 20.06.2022, 09:20