- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Сулейменов Абзал
- Шөкеев Ө. Е.
- 07.01.2020
- · Өтініш қабылданды·
- · Қаржы ·
- 724
- № 588527
Қайырлы күн, құрметті Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы! Сізден өз құзіреттілігіңіз шеңберінде қосымшада жүктелген құжатта баяандалған жағдай бойынша тиісті сұрау-тергеу жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылық пен заңбұзыушылықтар орын алмайтында ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті, Сулейменов Абзал!
Шөкеев Ө. Е. 21.01.2020, 07:56Абдразахов Ерлан
- Шөкеев Ө. Е.
- 31.10.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 583
- № 578339
Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы-тәртіптік комиссия төрағасы Г.Амантайдың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы ...
ТолығырақЖауаптар
Шағымда Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының бірыңғай тәртіптік комиссиясының төрағасы Г.Амантайдың атынан Шардара аудандық құрылыс бөлімінің басшысы У.Бейсенбиевтің 2019 жылғы 4 мамырдағы №40 және 22 мамырдағы №43 бұйрықтарымен тағайындалған қызметтік тексерулердің қорытындылары бойынша қызметтік тергеп-тексерудің іс-құжаттарымен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының бірыңғай тәртіптік комиссиясының отырысы 01.11.2019 жылғы сағат 12:00-де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында қаралатындығын хабарлап және қатысуыңызды сұрап №7 санды хат жолдаған көрсеткен. Ал, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарылығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының» (бұдан әрі-Қағида) 62 тармағында отырыс өткiзiлетiн күндi төраға айқындайды, ол туралы персоналды басқару қызметi (кадр қызметі) Комиссия мүшелері мен мемлекеттік әкімшілік қызметшiні хабардар етеді деп нақты көрсетілген. Сондай-ақ, шағымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – Заң) Заңының 45-бабының 3-тармағының 5) тармақшасында мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның сот тәртібімен шағым жасауы кезеңінде қолдануға болмайтынын көрсеткен. Е.Абдразаховтың Шардара аудандық сотына жолдаған «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 15.04.2019 жылғы Е.Абдразаховтың үш сағаттан астам уақыт жұмыста болмады деп толтырылған актінің күшін жою, «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 29.04.2019 жылғы Е.Абдразаховтың түсініктеме беруден бас тартты деп толтырған актініңкүшін жою, «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы У.Бейсенбиевтің қызметтік тексеру тағайындау туралы туралы 04.05.2019 жылғы №40 бұйрығының күшін жою туралы және «Шардара аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы У.Бейсенбиевтің қызметтік тексеру тағайындау туралы туралы 22.05.2019 жылғы №43 бұйрығының күшін жою туралы талап арызы бойынша 18.10.2019 жылғы Шардара аудандық сотымен қаралып, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыру жөнінде шешім қабылдаған. Яғни сот тәртібімен шағым қаралып қойған. Алайда, шағымда Е.Абдразаховтың сілтеме жасаған Заңының 45-бабының 4-тармағында тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің өтуі осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ қылмыстық іс тоқтатылғанға не сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады деп, тәртіптік жазаларды қолдану мерзімінің тоқтап тұратыны жөнінде көрсетілген. Бұған қоса, Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының бірыңғай тәртіптік комиссиясының төрағасы Г.Амантайдың 01.11.2019 жылғы №7 санды хатында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының бірыңғай тәртіптік комиссиясының отырысы өтетінін хабарлап, қатысуын сұраған. Алайда, Е.Абдразаховқа тәртіптік жаза қолданатыны жөнінде көрсетілмеген. Жоғарыдағылардың негізінде Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы Г.Амантайдың жауапкершілігін қарауға негіз жоқ деп санаймыз.
Шөкеев Ө. Е. 06.11.2019, 07:05Буранбаева Бакыткул
- Шөкеев Ө. Е.
- 29.10.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 596
- № 577998
24.06.2019 жылы Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты тұрғын үйлерге жөндеу жүмыстарын жүргізіп, қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ...
ТолығырақЖауаптар
Арыс қаласы, Оразалиева көшесі, №10 тұрғын үйі 6-секторда орналасқан. Қызылорда облысы әкімдігіне бекітілген. Жер телімінде тиісті құжаттары рәсімделген (12м х 4м) ескі үй орналасқан. Сонымен қатар, осы жер телімінде жарылысқа дейін жаңадан салынған (13м х 15м) құжаттары рәсімделмеген үй орналасқан. Екі жақты келісім бойынша ескі үйге қажетті жөндеу жұмыстарының орнына жаңа үйге ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілген (фотосуреттер қоса тігіледі). Алайда, жұмыстар жүргізіліп болғаннан кейін үй иесі ескі үйге де жөндеу жұмыстарын жүргізуді жәнесонымен қатар, жаңа үйдің сыртқы әрлеу жұмыстарын жүргізілуін талап етуде. Алайда, ақау актісінде бұл жұмыстар көрсетілмеген.
Шөкеев Ө. Е. 06.11.2019, 11:57Мұстанов Фазылбек
- Шөкеев Ө. Е.
- 17.03.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Спорт ·
- 841
- № 541108
Өзіңіз білетіндей, Қазақстанда әлемдік деңгейдегі футболистер дайындау қиын. Осы мәселені Қазақстан шеше алмағандықтан, жыл өткен сайын легионерлер көбейіп жатыр. Бұл Қазақстан футболын кері тартып, экономикамыздан қаржылардың шетелге ағылуын көбейтуде. Осы мәселелерді шешу үшін ...
ТолығырақЖауаптар
Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сәйкес жас футболшыларды Еуропалық клубтарда, оның ішінде Португалияда мемлекетінде облыстық бюджет есебінен оқытуға қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүмкіндік жоқ.
Шөкеев Ө. Е. 26.03.2019, 07:58Ережепов Ахан
- Шөкеев Ө. Е
- 02.03.2019
- · Өтініш қабылданды·
- · Тұрғындарды жұмыспен қамту ·
- 759
- № 538527
Cұраныс хат ...
ТолығырақЖауаптар
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 2018 жылдан бастап мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және проактивті қызметтерді енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ: - аудан, қалалық жұмыспен трансформациялау жүргізілді (күту залы, әңгімелесу, кеңес алу залы, өзіне өзі қызмет көрсету залы, электронды кезек). Нәтижесінде, жұмыспен қамту орталықтарында штат санының кеңеюі, жұмыс берушілерді қолдау, жұмыс іздеушілермен жұмыс жүргізу, жоспарлау және мониторинг, оқуды ұйымдастыру, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері қосымша ашылды. - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы – «Электрондық еңбек биржасы» (бұдан әрі – ЭЕБ) арқылы жұмыс берушілерге жұмыспен қамту орталықтарына жүгінбестен бос жұмыс орындарын ұсынуды және жұмыс іздеушілердің жұмысқа орналасуына ауқымды қолжетімділіктер енгізілген. Бүгінгі күнге «Электронды еңбек биржасы» порталына: - 16993 жұмыс іздеушілердің түйіндемесі; - 5371 бос жұмыс орындары енгізілген. Соның ішінде «Цифрлы Қазақстан» Бағдарламасы шеңберінде «Түркістан облысында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жөніндегі Жол картасы» картасы қалыптасып, ЭЕБ порталына: - 4283 жұмыс берушілер - 2577 адам жұмыс іздеушілер тіркелген - 2994 адам тұрақты жұмысқа орналасқан - азаматтарға цифрлық сауаттылыққа оқыту және интернет- ресурсты пайдалану бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету зоналары ашылды. Нәтижесінде: - 6012 адам базалық цифрлық дағдыларға оқытудан өтті; - 5322 адам «Еңбек биржасы» интернет-ресурсын пайдаланды. Аудан, қалалық жұмыспен қамту орталықтарында 21407 адам жұмыссыз ретінде есепте тұрады.
Шөкеев Ө. Е. 20.03.2019, 10:26Қозиев Саят
- Түймебаев Ж.Қ.
- 31.12.2017
- · Өтініш қабылданды·
- · Әлеуметтік қамсыздандыру ·
- 933
- № 480837
Құрметті Туймебаев Жансейіт Қансейітұлы! Мен Қозиев Саят Жасұзақұлы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық Әділет басқармасында бас маман қызметін атқарамын /С-R-4 санатында/. Жасым 24 те. 2015 жылдан бері осы салады қызмет етіп келемін. Негізгі айлық 74 000 - 75000 көлемінде, алайда қо ...
ТолығырақЖауаптар
Жергілікті атқарушы орган тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-74 баптарына сәйкес жүргізеді. Азамат С.Қозиев тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері және әскери қызметшілер тізімінде 16.01.2017 жылдан бастап, қазіргі таңда№15151 кезекте тіркелген. Аталған Заңның 74 бабына сәйкес осы тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды делінген. Сондықтан жоғарыда көрсетілген Заң талаптарына сәйкес тұрғын үй мәселесі тек кезек ретімен шешімін табады. Одан бөлек, азамат С.Қозиев тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары шегінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек-Девелопмент» АҚ-дары арқылы тұрғын үймен қамтылу бағыттары бойынша ниет білдіруге құқылы. Аталған бағыттардың біріне тіркелу үшін азаматтардан құжаттар қабылдау туралы хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында берілген күннен бастап, төлем қабілеттілігі жеткілікті болған жағдайда өтінішін «электронды үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға болады.
Түймебаев Ж.Қ. 15.01.2018, 09:38БОТАНОВ ЖАН КАСЫМУЛЫ
- Түймебаев Ж.Қ.
- 19.07.2017
- · Өтініш қабылданды·
- · Құқық қорғау органдары ·
- 1034
- № 468482
Довожу до вашего сведения, что 15.07.2017 года Южно-Казахстанская область Туркестан,по ул. Жарылкапова рядом с АЗС "МИГ" произошло ДТП с участием сотрудника полиции на служебной автомашине гос. номер Y 208 KP. Протаранив легковую гражданскую автомашину 070 AVB 13 сотрудники полиц ...
ТолығырақЖауаптар
Здравствуйте, Ботанов Жан Касымулы! На Ваше обращение адресованное на блог-платформу Акима Южно-Казахстанской области (№ 468482) о неправомерных действиях сотрудников дорожно-патрульной полиции сообщаем следующее: 16.07.2017 года в УСБ ДВД ЮКО с заявлением обратился гр.А.Мададов по факту ДТП имевшее место в г.Туркестан по ул. Жарылкапова с участием автомашины марки «BMW-735» за ГРНЗ 070 AVB/13 и неоказания первой медицинской помощи сотрудниками полиции. Данное заявление зарегистрировано в ЕРДР № 175100031001128 от 16.07.2017 по признакам части 1 статьи 362 УК Республики Казахстан. В настоящее время проводится досудебное расследование.
Түймебаев Ж.Қ. 08.08.2017, 05:56Жуманов Жанибек
- Түймебаев Ж.Қ.
- 26.06.2017
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 1026
- № 466941
ҚҰРМЕТІ ПРЕЗИДЕНТ Н.НАЗАРБАЕВ МЫРЗА АТА-АНА ПАТШАБЕКОВ ЕРЖАН ЖӘНЕ САПАРОВА АЛИЯ ОТІНІШ ЖАЗЫП ОТЫРҒАН СЕБЕБІМІЗ, БІЗДІҢ ҚЫЗЫМЫЗ ӨТЕ ҚЙЫН ЖАҒДАЙДА ЖӘНЕ ТӨСЕКТЕ АУЫРЫП ЖАТЫР, МЫНА ДИАГНОЗБЕН(ОПУХОЛЬ ГОЛОВЫЙ). АЛ АУДАН ЖӘНЕ ОБЛЫС ДӘРІГЕРЛЕРІ ТӨРТ АЙДАН БЕРІ БІЗДІ КАБИНЕТТЕРГЕ ЖУГІРТІ ...
ТолығырақЖауаптар
Науқас Пердебай Айғаным 05.07.2007 ж туылған. 2017 жылдың 20 мамырында бала ойнап жүріп, аяқ астынан елермесі ұстап, жедел жәрдем көмегімен аудандық аурухананың қабылдау бөлімінде көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. 296 мамыр күні осы жағдай қайталанып, жедел жәрдем көмегімен аурухананың балалар бөліміне жатқызылды. Диагнозы. Резидуально органическое состояние, судорожный синдром. 08.06.2017 ж денсаулық жағдайыынң жақсаруымен ауруханадан шығарылды. Аудандық емхананың балалар невропотологы көрігінде болып, емін жалғастырған. МРТ тексеруіне жіберілді. 16.06.2017 ж МРТ қорытындысы: МРТ-признаки объемного образования теменной области слева . Облыс мамандарына қосымша тексерілуге ұсыныс берілген. 20 маусым күні басы ауырғаны күшейеді, 23 маусымда аудандық аурухананың балалар бөліміне шұғыл түрде жатқызылады. Диагнозы: Поражение ЦНС неуточненная. 26.06.2017 ж ауруханадан шығарылып, облыстық балалар ауруханасының нейрохирург мамандарымен кеңес алып, стационарлық ем алуға жолданады. Ол жерде 08.08.2017 ж дейін ем алған. Науқас 09.08.2017 ж -05.09.2017 ж «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ стационарлық ем алып, 2017 ж 6 қыркүйегінде республикалық «Ана мен бала» оңалту орталығында емін жалғастыруда.
Түймебаев Ж.Қ. 13.10.2017, 03:35Абдраймов Акжол
- Түймебаев Ж.Қ.
- 09.06.2017
- · Өтініш қабылданды·
- · Денсаулық сақтау ·
- 939
- № 465675
Сәлеметсіз бе! Құрметті ТУЙМЕБАЕВ ЖАНСЕИТ КАНСЕИТОВИЧ! Мен Абдраймов Акжол Құрбанбайұлы, 30 жастамын. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Алпамыс батыр ауылды мекенінде туып өстім. Қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғынымын. 2010 жылы медицина саласы бойынша жоғары оқу орнын ...
ТолығырақЖауаптар
Құрметті Абдраймов Ақжол Құрбанбайұлы, Сіз 2011 жылдан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасында дәрігерлік қызметін атқардыңыз. Педиатр сертификатымен жұмысқа қабылданғансыз. Аурухана жолдауымен 2012 жылы Алматы қаласында «Анестезиология және реанимация» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтіп, реанимация бөлімшесіне дәрігер реаниматолог ретінде ауыстырылдыңыз (аурухана бюджет есебінен іс-сапар шығыны 590 868 теңге). Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Шымкент қалалық №1 балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Сізді 2011 жылдан жас маман болып келген уақыттан біліміңізді жетілдіріп, біліктілігіңізді арттырып маманданған дәрігер болуыңызға және жұмысқа ынталандыру үшін үстеме ақылар төленуге жағдай жасалынды. Сізге 2017 жылдың 16 ақпанынан бастап, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49 бабының 5 бөлігінің талаптарына сәйкес, жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзылуына байланысты Еңбек кодексі, еңбек шартына және ұжымдық шартқа сәйкес, жұмыскер өзін оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу бойынша жұмыс істелмеген мерзіміне толық мөлшерде жұмыс берушіге өтеу қажет, сондықтан аурухана есебінен оқуларға жұмсалған қаражаттарды төмендегі тізім бойынша кері қайтаруын талап етілген: 1) «Сәулелік диагностикасы» мамандығы бойынша қайта дайындықтан өту оқуы 258 100 (екі жүз елу сегіз мың жүз) теңге. 2) «Қарқынды терапия және неонатологиядағы реанимация» тақырыбы бойынша білімін жетілдіру оқуы 295 000 (екі жүз тоқсан бес мың) теңге. Барлығы 553 100 (бес жүз елу үш мың жүз) теңге кері қайтару жайлы хабарлама хат берілген. Сіз сол күні танысып қарсы еместігіңізді білдіріп, көшірмесін алғансыз. Алайда 2017 жылдың 16 мамырға дейін төлем ақыны қайтару туралы Сізден ешқандай хабар болмаған. Аурухана алдында өз міндеттеріңізді орындамағаныңыз үшін, аурухана әкімшілігі 2017 жылдың 16 мамырдағы №414, Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау аудандық сотына оқу шығынын өндіру туралы талап-арыз өткізілген. 2017 жылға14 шілдедегі Іс №2-2855 бойынша сот шешіміне сәйкес, Сізден «№1 Шымкент қалалық балалар ауруханасы» МКҚК-ның пайдасына 379 285 (үш жүз жетпіс тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге оқу шығыны өндірілсін делінген. Сіздің мәселеңіз бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетіне 2017 жылғы 01 шілдедегі №24-09-05/5789 хатымен жауап жолдаған.
Түймебаев Ж.Қ. 13.10.2017, 03:39Жуманов Жанибек
- Түймебаев Ж.Қ.
- 27.02.2017
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 731
- № 457781
Письмо-Ұсыныс хат!!!!! Уважаемый аким ЮКО Ж.К.Туймебав, я Жуманов Жанибек обращаюсь к вам по поводу дренажей на территорий Мактааральского района, пос.Атакента. В школе Комарова и во круг его находящие дома не затоплялись ДОЖДЕВОЙ ВОДОЙ, когда работали два дренаже, один находится ...
ТолығырақЖауаптар
Қазіргі таңда, Атакент кенті аумағында іске жарамды төрт дана тік дренаж бар. Аталған тік дренаждар қажеттілігіне қарай іске қосылып, жұмыс істеуде. Алайда, кент аумағына жер асты суының жақын орналасуына байланысты қосымша екі дана тік дренаж қазу жұмыстары бойынша ауданда арнайы құрылған мекеме «Мақтарал тік дренажды ұңғымадарды пайдалану өндірістік бөлімшесі»-нің жетекшілігімен зерттеу жұмыстары жүргізіліп 2017-2018 жылдарға арналған «Ирригациялық дренажды жүйелерді жаңаша жетілдіру-2» (ПУИИД-2) жобасымен Атакент кенті аумағына 2 дана тік дренажды ұңғымаларды қазу жұмыстары жоспарға еңгізілген.
Түймебаев Ж.Қ. 13.10.2017, 03:58