• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жандарбек Зікірия
  • Сатыбалды Д. А.
  • 18.12.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Руханият және дін ·
  • 70
  • № 761945

Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдыға Түркістан облыстық «Фараб» әмбебаб ғылыми кітапханасының ғылыми қызметкері Зікріия Жандарбектен Ұсыныс хат Құрметті Дархан Амангелдіұлы! Сіздің Түркістан қаласының тарихына, Түркістанды рухани орталық ретіндегі ролін күшейтуге бағытталған іс-әрекетіңізге ризамын. Мысалы, Түркістан қаласында «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасы» атты жобаның өзі неге тұрады. Немесе, «Күлтөбе» қалашығына барып, оның тарихымен танысу Сіздің қаланың өткеніне баса мән беретініңізді көрсетеді. Облыс басшысының бұлай Түркістан тарихына, бұл киелі жердің түркі халықтарының тарихи тағдырына ықпалын білуге деген құштарлығы өте құптарлық қасиет. Мен қалада жоспарланған «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасы» жобасымен танысып шықтым. Ашығын айтқанда, көңлімді көншітпеді. Себебі, бұл баяғы евроцентристік көзқарас негізі мен маркстік тарихты материалистік тұрғыдан тану методологиясы бойынша жасалынған жоба. Егерде осы дүниетанымдық негізде жасалынған жобада Түркістан да, жалпы Қазақсан Республикасының территориясы да қазақтың атамекені болып шықпайды. Себебі, бұл жерлердің барлығы индоевропалықтардың жері. Сібір ормандарынан шыққан жабайы түркілер бұл жерді мекендеген мәдениетті индоевропалықтарды қуып шығып, жерлерін тартып алған. Өкінішке орай, бұл тұжырым біздің белді тарихшыларымыз тарапынан мойындалған концепция. Ондай концепция негізінде қабылданған тұжырымдамада Түркістан қалайша түркі дүниесінің рухани орталығы болмақ. Мысалы, түркі халықтарының орталығы ретінде Алтай таулары мойындалатын болса, онда түркінің рухани орталығы ешқашан Түркістан бола алмайды. Себебі, түркілердің алғашқы отаны Алтай, одан ары Моңғол үстірті мен Сібір ормандары. Егерде біз осы тұжырымдаманы дұрыс деп қабылдайтын болсақ, онда Түркістанды рухани орталық етеміз деп жүргеніміз бос далбаса. Мысалы, жобадағы «Түркі әліппесі» атты бөлімдегі «Алтай дәуірі», «Ғұн дәуірі» т.б. бөлімдер бұл жоба авторларының түркі халықтары тарихының тәуелсіз танымы негіздерінен ешқандай хабары жоқтығын көрсетеді. Сондықтан бұл жобаны бұл күйінде қабылдау мүмкін емес. Егерде қабылданантын болса, онда ертеңгі күні қазақ өзінің елін де, жерін де қорғай алмайтын жағдайға түседі. Өйткені, өз тарихында мына ел мен жердің индоевропалықтардың жері екендігін өзі мойындап отырған халыққа, өздерін осы жерден кеткенбіз деп есептейтін француз, ағылшын, неміс, орыс т.б. халықтар «жерімізді қайтарыңдар»- деп, саяси талап қоюлары әбден ықтимал. Мысалы, осыдан екі мың жылдан аса уақыт қуылған еврейлер Палестина жерін менің отаным деп, арабтардан тартып алған жоқ па? Қазіргі күні климаттың өзгеруіне байланысты Батыс Европа жері де өмір сүруге жарамай қалу ықтималдығы бар. Олай болған жағдайда, олардың қазақ жеріне көз алартары сөзсіз. Сондықтан Түркістанның тарихына ескі тарихи концепциялар негізінде қарауға болмайды. Түркістанның тарихы қайта зерттеліп, тәуелсіз концепция негізінде түркінің Ата жұрты екендігі дәлелденуі керек. Оған жеткілікті тарихи деректер бар. Оны дәлелдеп шығуға арнайы ғылыми жоба да дайындалған болатын. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдарымен барып ақылдасқанда, олар бұл тақырып бір жоба аясына сыймайды, арнайы ғылыми бағдарлама керек. Бұл мәселе министрлік немесе Президент деңгейінде көтерілуі керек деген ұсыныс айтты. Демек, бұл біз ұсынып отырған жобаның ауқымы кең екендігін дәлелдейді. Сондықтан «Түркістан Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын қайта қарау керек деген ұсынысыма бей-жай қарамассыз деген үміттемін. Қосымша дәлелдер мен ғылыми тұжырымдар керек болса, онда мен өз бағытымның дұрыстығын дәлелдеп шығуға дайынмын. Құрметпен Зікірия Жандарбек, тарих ғылымдарының кандидаты, Йасауитанушы. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қазіргі уақытта, Түркістан қаласында құрылысы жоспарланған «Түркі әлемінің орталығы» ғимаратының тұжырымдасына қатысты бірнеше ұсыныстар қарастырылып жатыр. Аталмыш мәселе бойынша облыс әкімінің жеке блогына Өзіңіздің сын-ескертпелеріңізді білдірген екенсіз. Осыған орай, Сіз де осы орталыққа қатысты Өз тарапыңыздан тұжырымдама дайындап, ұсынуға мүмкіндігіңіз бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта аталған тұжырымдаманы бекіту үшін тарихшы-ғалымдардың, арнайы мамандар мен сарапшылардың қатысуымен жұмысшы топ құрылатынын хабарлаймыз.

Сатыбалды Д. А. 23.12.2022, 04:26
Тулевова Замира
  • Сатыбалды Д. А.
  • 07.12.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ипотека ·
  • 75
  • № 761203

Құрметті Дархан мырза осымен сізден қанша рет көмек сұрап отырмын .Түркістан халққы сізге сеніп артып отыргой.Неге қарапайым халыққа көмек бермейсіз.Сізге барлық жағдаймыды жаздым.Құжатқа дейін жібердім.Барлығы заң айтысында дейсіз.Хотьб мугедіктіке бар баланы аясаңшы.Шөкеев мырза кезден тапсырма берді баласының мугедіктіке бар бір бөлме болсада деп ол кісі енді тапсырма берген еді 1аптадан соң ауысып кетті.Одан кейінгі үмітіміз сіз едіңіз.Жетысайда 1396 үй кезігім келгенше менің баламды қалай суық үйде аяққа тұрғызамын.Үкімет қарапайым халыққа көмек беру керекоой.Сіз тапсырма берсеніз Жетысай әкім орындайдыгой.Сал адамгершілік салып көмек берсініз екен.Білмеймін енді елбасына ведо жібреуден басқа амалымыз қалмады. Тулевова Замира Мақсатқызы 87071019136 ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Сіз «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68, 74 баптарына сәйкес, өзіңіз тапсырған құжаттарыңыз негізінде, Жетісай ауданының коммуналдық тұрғын үй тізімінде № 1394 кезекте 03.08.2022 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы санатына «Мүгедек баланы асыраушы» ретінде тіркелгенсіз. Қазіргі таңда Жетісай ауданының тұрғын үй тізімінде санатында реттік нөміріңіз №1389 болып өзгерген. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес «Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды» - деп көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген Заң талаптары азаматтарды тұрғын үймен тек кезек ретімен қамтуды көздейді. Сізді кезектен тыс тұрғын үймен қамтамасыз ету заң талаптарына қайшы келетіндіктен тұрғын жай мәселесі кезек ретімен оң шешімін табады. ҚР қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жеке тұлғаларға тұрғын үй салып беруге бюджеттен қаржы қарастыру көзделмеген. Алдағы уақытта демеушілер тарапынан ұсыныс берілген жағдайда демеуші есебінен тиісті тұрғын үй салуға қолдау жасалады. Жетісай қаласы әкімі аппаратына 2022 жылдың ІV тоқсанынан бастап көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға берілетін әлеуметтік қолдау «Атаулы әлеуметтік көмек» бойынша, 19.10.2022жылы құжатын тапсырып, айына (қазан, қараша, желтоқсан айларына 124401 теңге) 41466 теңге ақшалай көмек тағайындалған.

Сатыбалды Д. А. 19.12.2022, 04:45
Мектеп Сүлеймен
  • Сатыбалды Д. А.
  • 02.12.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ауыл шаруашылығы ·
  • 71
  • № 760862

Хатта көрсетіледі ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Түркістан облысы бойынша "Яссы-құрылыс"ЖШС (шұжық өнімдеріне), "Golden Camel Group LTD" (сүт өнімдеріне), "Қайып-Ата" ЖШС (ет өнімдеріне), "Сайрам сүт" ЖШС (шұжық өнімдеріне), "Қарқын-2030" ЖШС (шұжық өнімдеріне), ЖК "TURKISTAN ET" және "Халжалилов" ЖШС (мал сою алаңдарына) "Халал даму" ЖШС арқылы халал сертификаттарын алған. Кәсіпкерлер Халал сертификатын "Халал Дамудың" сайты арқылы немесе Дін басқармасына жазған өтініші негізінде, талаптарға сәйкес болған жағдайда алады. Осыған ұқсас ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлаңызға қатысты сұрақтарыңыз және өтініште көрсетілген мән-жайлар бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына келіп толыққанды кеңес алуыңызға болады

Сатыбалды Д. А. 13.12.2022, 09:00
Бабашов Максат
  • Сатыбалды Д. А.
  • 30.11.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ауыл шаруашылығы ·
  • 83
  • № 760684

Өтініш Құрметті Сатыбалды Дархан Амангельдиевич мырза. Біз Түркістан облысы Сауран ауданының Шаға ауыл әкімшілігіне қарасты Бершінтөбе елді мекенінің тұрғындары атынан. Сізге жолдап отырған халықтың көкейіндегі коптен қиналып жүрген жол мәселесі аулда көлік жүретін 1 км тас жол бар, ал олда болса апаттық жағдайда. Көлікте,адамда сол жолдан жүреді. Көліктің жүруіне мүмкіншілік болмай қалды. Сол жолға жөндеу жұмысын жүргізіп беруіңізді сұранамыз. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Сауран ауданы, Шаға а/о, Бершінтөбе е/м Жастар көшесіне 10 күн ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін және ағымдағы жөндеу жұмыстарын "Тас-Жол" ЖШС-гі атқаратынын хабарлаймыз.

Сатыбалды Д. А. 02.12.2022, 07:39
Уразбаев Жарылкасын
  • Сатыбалды Д. А.
  • 30.11.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Денсаулық сақтау ·
  • 97
  • № 760647

Прошу рассмотреть мою просьбу ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округінің Абай елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жалпы сметалық құны 445,8 млн. теңге. Жоба құрылысына қаржы бөлдіру үшін құжаттар Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылған. Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Арай ауылындағы №51 «Дәуір» жалпы орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылы 326370219 теңгеге жобалық құжаттары әзірленіп, 19.04.2018 жылы №19-0138/18 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бүгінгі таңда жобалық сметалық құжатқа қайта түзету (корректировка) жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржы қарастырылуда. Құжаттар Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына ұсынылған. Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Абай, Көктөбе және Байтерек ауылдарына жаңа ФАП салу үшін ауылдық округ әкімі тарапынан жер учаскесі шешілген. Жетісай аудандық "Асықата" ауруханасы тарапынан сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленіп, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасына ұсынылған.

Сатыбалды Д. А. 13.12.2022, 08:51
Искандаров Ершат
  • Сатыбалды Д. А.
  • 24.11.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 82
  • № 760237

Құрметті Түркістан Облысының әкімі Дархан Сатыбалды мырза. Біздің "Адам құқықтарын қорғау" ұйымына Түркістан Облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы Теміржол қыеғы 1/Б үй тұрғыны Кошекбаев Арсен Ибрагимович ИИН 920726000149 шағымданды. Ол өз шағымында Шерниязова Гульзат Калдыбековнамен заңды некеде екендігін, отбасылық жағдайларға байланысты арада жан-жал туындап әйелі өзіне тиесілі дүние мүлкін алып, заңды некеден кейін туылған баланы тастап кеткендігін, алайда алимент талап ету мақсатында арада 6-7 күн өткеннен кейін қайта келіп баланы алып кеткендігін айтып шағымданды. Кошекбаев Арсен Ибрагимович заңды некедегі әйелі Шерниязова Гульзат Калдыбековнаның ол баланы асырап баға алмайтынын, баланың қолайлы өмір сүруі үшін өз атында тұрғын үй жоқ екендігін, Шерниязова Гульзат үнемі жұмыста жүретінін, баланың денсаулық жағдайын хабарламайтынын, баланы көрсетпейтінін, сондықтан баланы өз қамқорлығына алғысы келетінін айтып жеткізді. Осыған байланысты Неке және Отбасы туралы кодексіне сәйкес баланы асырап бағуға Әкесі де Анасы да тең құқылы екендігін басшылыққа ала отырып, Шерниязова Гульзаттың үйіне кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлармен және Аудандық білім бөлімі мен Аудандық әкімдікке қарасты қамқоршылық бөлімдерінің мамандарымен барып, баланың мотериялдық және моральдық жағдайын, тұрмыс тіршілігін зерделеп, заңнамалық актілерге сәйкес келмесе, Кәмелетке толмағандарды асырап бағу қағидаларын бұзу фактісі орын алған жағдайда, қатысушы мекемелер тарапынан баланы әкесінің қамқорлығына беру туралы АКТ түзіп, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолдауды сұраймыз. "Адам құқықтарын қорғау" ұйымының директоры Ершат Искандаров телефон 87058540422 БИН 151240008798 ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі (Бұдан әрі-Бөлім) тарпынан азаматша Шерниязова Гульзат Калдибековнаның 01.11.2022 жылғы №ЖТ-Ш-104 өтініші негізінде үй тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі жасалды, актілеу барысында, азаматша Г.Шерниязованың анасы Канибекова Янгигулдің берген нотариаттық келісіміне сәйкес, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Құрылысшы көшесі №2/52 пәтер жекеменшігінде екендігі анықталды. Жоғарыда көрсетілген мекен-жайда азаматша Г.Шерниязованың 12.10.1964 жылы туылған анасы Канибекова Янгигул, 14.06.1990 жылы туылған әпкесі Нуралиева Перизат Сеилхановналармен бірге тұрады. Пәтер: 2 тұрғын бөлмелі, жалпы пайдалы алаңы 42,7 ш.м., тұрғын алаңы 27,9 ш.м., тұрғын емес алаңы 14,8. Пәтер: 1 ас бөлме, 1 жуынатын бөлме, 1 қонақ бөлме, 1 жатын бөлмесінен тұрады. Үй тұрмысқа қажетті жиһаздармен жабдықталған. Жатын бөлмелерінде кілем, киім ілуге арналған шкаф, екі адамдық бір жатын дивандар және ойншықтарымен қамтылғандығы  және үйдің санитарлық жағдайы жақсы. Зерделеу барысында үйде бала тәрбиелеуге кері әсер ететін жағдайлар байқалмайтындығы туралы бөлімнің 08.11.2022 жылғы 11/01-09/1905 хатпен жасалған акт көшірмесі тіркеліп жауап берілген. Қазіргі танда, азаматша Шерниязова Гульзат Калдибековнаның тарпынан Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына кәмелет жасқа толмаған қызы Ибрагим Нұрай Арсенқызының тұрғылықты мекен-жайын анықтау үшін талап арыз келтірілген. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 1 бабы 1 тармағында «Сот ісінің қарау тәртібімен қарауға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзгеде адамдардың қарауына немесе бақылауға алуға болмайды»-деп көрсетілген. Жоғарыдағыларды негізге ала отырып, азамат Кошекбаев Арсен Ибрагимович пен Шерниязова Гульзат Калдибековналардың кәмелет жасқа толмаған қызы Ибрагим Нұрай Арсенқызының тұрғылықты мекен-жайын анықтау сот тәртібімен ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында сот отырысында қабылданатын шешімімен анықталатындығын назарыңызға жеткіземін.

Сатыбалды Д. А. 02.12.2022, 07:47
Бегалина Динара
  • Сатыбалды Д. А.
  • 24.11.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 71
  • № 760188

От жителя г.Шымкент Бегалина Динара Обращение Прошу Вас предпринять меры по решению нашей проблемной ситуации. Моя мама, Жарылкапова Алия 1941 ИИН 410427400420 года рождения (инвалид 2 группы) на портале Госуслуг «ЕГОВ» состоит как замужная женщина за Картбаевым Сейдахметом. Их совместный брак был расторгнут 1965 году. Подверждающим документом в те годы был штамп « разведен» поставленный на красном паспорте Советского Союза. Данный паспорт был заменен на Казахстанский паспорт.1973 году моя мама Жарылкапова Алия вышла замуж за моего отца Турмаганбетов Бегалы. Имеется свидетельство о заключений брака. По словам работников Юстиции туркестанской области в информационной базе Картбаев Сейдахмет состоит в браке с 1971 года. То есть, второй законной женой. Мой отец скончался 1992 году.(имеется свидетельство о смерти). Я родилась 1976 года (имеется свидетельство о рождение). По ответам работников юстиции Я или мама должны писать заявление в Суд по корректировке базы. То есть, за ошибки работников ЗАГСа мы должны обратиться судебные органы. Все что доказуемые оригиналы документов представлены в Департамент Юстиции Туркестанской области и райотдел ЗАГСа Байдибекского района. Но, они не могут ввести в базу. Если существует в базе функция «корректировка», почему мы должны обратиться судебные органы. Все необходимые доказывающие документы предоставлены в органы юстиции. На данный момент в базе Картбаева Сейдахмета 2 брака, т.е. первый с моей мамой, второй брак со второй на данный момент законной женой. На ЕГОВ у него данный момент 2 жены. В связи вышеизложенным, Прошу Вашего содействия для корректировки на информационной базе ЕГОВ, то есть, удалить в базе мою маму как жена Картбаева Сейдахмета, в личном кабинете моей мамы удалить отметку муж – Картбаев Сейдахмет. Прилагаеться: уд. Лич . Жарылкапова А. Свид. о заключение брака Свид о смерти моего отца Свид. о рождение Бегалина Динары 87716463716 Begalina76@mail.ru ...

Толығырақ

Жауаптар


Добрый день! Согласно информационной системы «Регистрационный пункт Загс» актовая запись о заключении брака (супружества) Картбаева Сейдахмета 05.03.1940 года рождения и Жарылкаповой Алии 27.04.1941 года рождения зарегистрирована Чаяновским с/советом Южно-Казахстанской области 07 октября 1961 года за №56-169-14-0391729. 28.11.2022 года Управлением занятости и социальной защиты города Шымкент на основании заключения органа ЗАГС о восстановлении утраченной записи акта гражданского состояния №1 восстановлена актовая запись о расторжении брака (супружества) 28 ноября 2022 года за № 65-732-22-0000001-В.

Сатыбалды Д. А. 06.12.2022, 11:33
Бабашов Максат
  • Сатыбалды Д. А.
  • 22.11.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ауыл шаруашылығы ·
  • 84
  • № 759942

Өтініш Құрметті Сатыбалды Дархан Амангельдиевич мырза. Біз Түркістан облысы Сауран ауданының Шаға ауыл әкімшілігіне қарасты Бершінтөбе елді мекенінің тұрғындары атынан. Сізге жолдап отырған халықтың көкейіндегі коптен қиналып жүрген жол мәселесі аулда көлік жүретін 1 км тас жол бар, ал олда болса апаттық жағдайда. Көлікте,адамда сол жолдан жүреді. Көліктің жүруіне мүмкіншілік болмай қалды. Сол жолға жөндеу жұмысын жүргізіп беруіңізді сұранамыз. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Сауран ауданы, Шаға а/о, Бершінтөбе е/м Жастар көшесіне 10 күн ішінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін және ағымдағы жөндеу жұмыстарын "Тас-Жол" ЖШС-гі атқаратынын хабарлаймыз.

Сатыбалды Д. А. 02.12.2022, 07:38
Искандаров Ершат
  • Сатыбалды Д. А.
  • 14.11.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 77
  • № 759176

(Сайрам ауданы әкімдігінің заңсыз әрекеттірі жөнінде өзіңіздің жақын күндері кез-келген ауданда өтетін жеке қабылдауыңызға қатыстыруыңызды сұраймын) Құрметті Түркістан Облысының әкімі Дархан Сатыбалды мырза. Сайрам ауданы әкімдігінің заңсыз әрекеттірі жөнінде өзіңіздің жақын күндері кез-келген ауданда өтетін жеке қабылдауыңызға қатыстыруыңызды сұраймын. Телефон 87058540422 ...

Толығырақ

Жауаптар


Сіз, Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалдының азаматтарды қабылдау тізіміне енгізілдіңіз. Сонымен қатар, жеке қабылдау күні мен уақыты туралы Сізге қосымша хабарланатын болады.

Сатыбалды Д. А. 17.11.2022, 03:29
Искандаров Ершат
  • Сатыбалды Д. А.
  • 14.11.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
  • 81
  • № 759065

Құрметті Түркістан Облысының Әкімі Дархан Сатыбалды мырза. Біздің "Адам құқықтарын қорғау" ұйымына Түркістан Облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округі Әйтеке би ауылы Жаңа Құрылыс көшесі №225 үй тұрғыны Асем Халикова есімді азаматша ЖСН 790304499127 өтінішпен жүгінді. Ол өз өтінішінде 1-топтағы мүгедек қызға қарап отырғанын және күн көріс мақсатында үйде отырып көрпе жастық тігумен айналысып, оларды сатып ақша тауып жүргенін, осыған байланысты тігіншілікпен айналысатын шағын кәсіпкерлікті бастауды қолға алғысы келетін айтып жеткізді. Жоғарыдағылардың негізінде ҚР Премьер-министрінің кураторлығы мен ҚР Ұлттық Эканомика министрінің жетекшілігімен қолға алынған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес және Президенттің кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту туралы жарлығына сәйкес, өз кәсібін дөңгелетіп отырған Асем Халиковаға шағын бизнес бастауына жан-жақтама қаржылай қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. Бизнес бастау жобасы арқылы 1200.000 (Бір миллион екі жүз мың) теңге қаражатты алуға Асем Халикованың жасы жетпейді және ол бағдарламаға өтініш қабылдау соңғы рет мерзімі 19.09.2022 басталып 30.09.2022 жылы аяқталған. Осыған орай Асем Халиковаға 5000.000 (бес миллион) теңге көлемінде қаржылай қайтарымсыз қаржы берілетін бизнес жобамен қаржыландыруға ықпал етуіңізді сұраймыз.(Қолдау көрсету мақсатында сұралатын кез-келген құжаттарды бере аламыз) "Адам құқықтарын қорғау" ұйымының директоры Ершат Искандаров телефон 87058540422 БИН 151240008798 Түркістан Облысы Сайрам ауданы. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға арналған гранттарды ұсыну (бұдан әрі – Ұлттық жоба) тәртібі Қазақстан Республикас Үкіметінің 2019 жылдың 31 желтоқсанындағы №1060 Қаулысымен (бұдан әрі - Қағида) айқындалады. Қағиданың 16 тармағына сәйкес, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы Ұлттық жобаның өңірлік үйлестірушісі болып табылады (өңірлік үйлестіруші - облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұлттық жобаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі). Қағиданың 18 тармағына сәйкес, өңірлік үйлестіруші 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында (kasipkerlik.gov.kz), сондай-ақ веб-порталда (qoldau.kz) бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялауды жүзеге асырады; Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады. Мемлекеттік гранттар алуға арналған өтінімді қарау мына шарттар сақталған жағдайда беріледі (21 тармаққа сәйкес): 1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім беру (конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімге қосымшаны міндетті түрде толтыра отырып) "электрондық үкімет" веб-порталы (qoldau.kz) арқылы жүзеге асырылады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары (11 тармаққа сәйкес): 1) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде оны іске асыруға арналған шығыстарды кәсіпкердің, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен (талап халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды) қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен); 2) жаңа жұмыс орындарын құру; 3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады. Сонымен қатар, Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді (22 тармаққа сәйкес): 1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса); +H362) Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат (бар болса); 3) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектікті қоспағанда); 4) өтінім берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда); 5) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда). Осыған сәйкес, жоғарыда көрсетілген құжаттар тізбесінің сәйкестігі және толықтығын тексеру нәтижесінде өңірлік үйлестіруші құжаттарды қабылдайды немесе дұрыс емес болған жағдайда себебтерін көрсете отырып «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (qoldau.kz) қайтарады. Қағиданың 32 тармағына сәйкес конкурстық өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшада көрсетілген кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды: 1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы (талап халықтың әлеуметтiк осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды); 2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау); 3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі). Қағиданың 5-қосымшасында көрсетілген кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалау өлшемшарттары: 1) Жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы); 2) маркетингтік стратегия құру, өнімнің материалы/өндіру тәсілі); 3) Жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы); 4) Өндірілетін тауарға/көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы); 5) Бизнесті кеңейту перспективасы (оның ішінде нарыққа өнімді немесе бизнес-процесті ілгерілету стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, жеке капиталды қаржыландыруға тарту перспективасы); 6) Бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы); 7) Бизнес-жобаның өтелу мерзімі; 8) Бір өнім берушіге не сатып алушылардың шағын тобына тәуелділік; 9) Тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізу/қызметтер көрсету/жұмыстарды орындау/технологияларды/ франшизаларды/патентті және т.б. сатып алу шарттарының/келісімшарттарының болуы; 10) Бизнес-жобаны іске асыру үшін мешікті үй-жайдың болуы; 11) Өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі; 12) Білікті мамандар командасының болуы; 13) Жобаларды іске асырудағы тәжірибенің болуы; 14) Бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе); 15) Жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтауға меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау жүргізу); 16) Меншікті инфрақұрылымның болуы; 17) Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруы (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен); 18) Жобаның аналогтармен салыстырғандағы артықшылықтары; 19) Жұмыс орындарын құру; 20) Бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы). 1,2,3,4,5 және 17 өлшемшарттар халықтың әлеуметтік осал топтары, оның ішінде үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін міндетті болып табылмайды және бизнес-жобаны бағалау кезінде қолданылмайды. Сонымен қатар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі (3 тармаққа сәйкес) (1 қосымша қоса тіркеледі). Қағидаға сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант берудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім конкурстық комиссия мүшелерінің жеке әр жоба бойынша дербес (тәуелсіз) бағаланған баллдарының орташа нәтижесі бойынша анықталады. Конкурстық комиссия – гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалы-кеңесші орган; Қағиданың 16 тармағына сәйкес, Конкурсты өткізу үшін облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімінің шешімімен гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрылады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия құрамында 7 адамнан кем емес жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, салалық сарапшылар, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен құрылады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда, төрағамен келісу бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді. Комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін. Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде оның дауыс беру құқығы болмайды. Конкурс комиссиясының отырысы кворум (конкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының дауыс беру кезінде қатысуы) болған жағдайда заңды деп есептеледі. Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды (31 тармаққа сәйкес). Сонымен қатар, Қағиданың 30 тармағына сәйкес, конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың аккредиттелген өкілдері қатыса алады.

Сатыбалды Д. А. 17.11.2022, 06:11
    Сатыбалды Д. А.

    Түркістан облысының әкімі

    Сатыбалды Д. А.
    (Мұрағат)

    Түркістан облысының әкімі

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика