- Блогтар
- Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.
Түркістан облысының әкімі
Байымбетов Ғалымжан
- Шөкеев Ө. Е.
- 04.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ерікті тақырыбы ·
- 97
- № 725357
Ұжымдық Өтініш (лауазымдық тұлғалардың әрекеті/әрекетсіздігі туралы) ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 27-бабы 2-тармақшасында сәйкес, облыс әкімдігі облыстық коммуналдық меншiктi басқаратыны көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің 45-бабы, 1-тармағында Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) оның мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органның шешiмi бойынша не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңнамасында қайта ұйымдастырудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн екендігі көрсетілген. Мактаарал, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталықтарының (бұдан әрі – Орталықтар) құрылтайшысы болып Түркістан облысының әкімдігі табылады. Сондықтан, Түркістан облысының әкімдігі Орталықтарды қосу жолымен қайта ұйымдастыруға құқығы бар екендігін мәлімдейміз. Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы персоналдың төмен штат нормативтері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Бұдан әрі – Қағида) 6-қосымшасына сәйкес бекітіледі. Қағидаға сәйкес Уәкілетті орган қажеттілік бойынша лауазымдар еңбекақы төлеу қоры шегінде бірін-бірі алмастыруға құқылы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 шілдедегі №633 «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығының 3-тармағында Әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар өз қарамағындағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің әкімшілік персоналын қысқартуды қамтамасыз етсін делінген. Дегенмен, жасалған талдауға сәйкес, Орталықтар жылдық жоспарды жыл сайын балаларды бірнеше рет қайта қабылдау арқылы жаңадан балаларды кемде-кем қабылдап, орындап келгенін ескере отырып оңтайландыру ұсынылды. 25 орынға жоспарланған Орталықтар бүгінгі таңда орташа есеппен 18 қызмет алушыларға қызметтер көрсетіп келеді. Орталықтардың қазіргі бекітілген штаттық құрылымы орташа есеппен 33 штаттық бірліктен тұрады, оның ішінде 4 штаттық бірлікте директор, бас есепші, кадр жөніндегі инспекторы, мемлекеттік сатып алу менеджері әкімшілік-басқарушылық персонал қатарына жатады. Сондықтан, 4 Орталықтарды Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына қосу жолымен қайта ұйымдастырып, басқару, бухгалтерлік есеп жүргізу, мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізу, кадр мәселелері бойынша функциялары орталықтандырылады. Бұл өз кезегінде қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуіне кері әсерін тигізбейді. Себебі қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген 8 түрін арнайы мамандар ұсынады. Қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге өзге жұмыс орындары ұсынылады немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер берілетін болады.
Шөкеев Ө. Е. 10.02.2022, 08:33Кудайбергенов Нурман
- Шөкеев Ө. Е.
- 04.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 92
- № 725173/1
Ассаломағалейкум Асхат Қанатұлы мен Кудайбергенов Нурман Асанович Түркістан облысы Келес ауданы Қызыл аскер аулының тұрғынымын, Дене шынықтыру бойнша жоғарғы білімім бар, ауылда жұмыс болмаған соң 8 жылдан бері қазір Алматы қаласында құрлыста жұмыс істеймін, қазіргі таңда қалада білесіз үй алу, немесе үй салу өте қиын, отбасым ауылда, ай сайын ауылға барып тұрамын, бәрі-бірде үйден жырақ болған соң өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі, Әке-Анамыз күн өткен сайын қартайуда сол кісілердің қасында болып қызметерін жасауға ауылға қайтуым керек, мектепке жұмысқа кірсем деген ниетпен жазып отырмын. Ауылды жерде мектептерде жастар жұмыс орнын күтіп отырады қашан ағай апайлар пенсияға кеткенінше, оның үстіне кімнің бағы немесе арғымағы бірінші орынды алып келсе сол адам жұмысқа кіреді. Мүмкін болса жұмыс сағатарын көбейтіп басқа жастарға да жұмыс беріп, меніде жұмыс пен қамтамасыз етсеңіздер. Кудайбергенов Нурман Асанович Тел 8 775 477 19 84 ...
ТолығырақЖауаптар
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес, тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарының және (немесе) білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды. Оған қоса, білім беру ұйымдарындағы бос жұмыс орындары туралы және оларға қойылатын біліктілік талаптары туралы, сондай-ақ конкурстың өту мерзімдері «Jumys.snation.kz» сайтында жарияланады. Сонымен қатар,Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 13-бабына сәйкес, Сіз жұмыс іздеп жүрген болсаңыз, жұмысыңыз және (немесе) табысыңыз (кіріс) болмаған жағдайда, жұмысқа орналасуға ниет білдіргіңіз келсе, тұрғылықты жерiңіз бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында не «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш білдіре аласыз.
Шөкеев Ө. Е. 14.02.2022, 02:19Жұмабай Жамиля
- Шөкеев Ө. Е.
- 03.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 113
- № 725196
Сәлеметсіз бе. Мен Жұмабай Жамиля Абдалиевна ИИН 840525402626 тел: 87057045050 Мекен жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Д. Нысанбаев көшесі 42 ші үй. Менің арыздану себебім, Түркістан қаласында 2021ж қосымша білім беру және үйірмелер оқушылар сарайы ашылып, көп балалы отбасынан шыққан балаларға тегін,күміс алқа,алтын алқа иегерлерінің балаларына тегін деп жарнамалады оқушылар сарайын.Мен қуанып төрт 2,5,9,11 сынып аралығындағы төрт баламның құжатын тапсырған болатынмын. Алайда қуанышым көпке созылмады. Бірінші тоқсан біткенсон қызым екінші тоқсаннан бастап ақылы болды оқушылар сарайы әр пәнге 8000 теңгеден деп келді. Мен қоңырау шалып ақшаға оқытатын шамам жоқ, төрт баламның құжатын кері қайтаруды сұрап едім, келесі күні Айкерім деген баска мұғалім қоңырау соғып күміс алқа иегерлерінің балаларына тегін, сіздер жыл басында тегін кезінде тіркелгенсіздер деп құжатты қайтармады. Мен облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев мырзаның блогына хат жазып мән жәйді сұрағанымда расымен де тегін деп жауап берілі. Енді бүгін оқушылар сарайының замы Жанар Қалдарзановна телефон нөмірі +7 701 049 7676 11ші сыныпта оқитын қызымнан оқу ақысын сұрапты, мен қонырау соғып неге ақша сұрайсыз? Облыс әкімінен оқу тегін деп жауап келді емеспе десем, сіздің қызыңыз 11ші сынып оқиды ҰБТ ға дайындау ақылы деп айтты, алайда менің қызымды мұғалімдер жеке ҰБТ ға дайындап жатқан жоқ, ол тек қосымша курсқа қатысуда. Мен сізден облыс әкімі ретінде мән жайды толық біліп, тексеріп қанағаттанарлық жауап беруіңізді сұранамын. Ақылы ма жоқ па? Ақылы болса балаларымды шығарып алайын, тегін болса жалғастырып оқытайын. ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКҚК-да «ЛингвоLAND», «Технопарк және IT SANA», «Спорт», «Өнер», «Шығармашылық», «Ғылым қалашығы» бөлімдері бойынша 60-қа жуық үйірме ақылы және тегін түрде жұмыс істейді. Ал «Ғылым қалашығы» бөліміндегі (математика, тарих, биология, физика т.б) үйірмелерге 5-6, 10-11 сынып оқушыларын ақылы негізде қатыстыру көзделген. «Оқушылар сарайы» №128 н/қ, 18.08.2021 жылғы бұйрығы бойынша (бұйрықтан қысқаша үзінді) төмендегі санаттағы азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған: 1) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұл жетім балаларға тегін; 2) Жартылай жетім отбасының балаларына тегін; 3) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алуға құқығы бар көпбалалы отбасының балаларына тегін; 4) «Алтын» және «Күміс» алқаларымен марапатталған көпбалалы отбасының балаларына тегін; 5) Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп интернаттарында тұратын балаларына тегін; 6) Интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне тегін; 7) Оқушылар сарайы» қызметкерлерінің балаларына тегін. Жоғарыда аталған санаттарды дәлелдейтін тиісті мекемеден анықтама талап етіледі. Осы орайда Сіздің балаларыңыз бірнеше үйірмелерге тегін тіркелген. «Ғылым қалашығы» бөліміндегі (математика, тарих, биология, физика т.б) үйірмелерге 5-6, 10-11 сынып оқушыларын ақылы негізде қатыстыру көзделген. Бітіруші сыныптар пәндік үйірмелерге қатысқанымен негізгі мақсаты ҰБТ-ға дайындық. Сондықтан мекемеде 10-11 сынып оқушыларын айына бір рет өзін сынау үшін «Тест орталығына» тегін тестке кіргізіп отырады. Балалар соңғы рет 6.02.2022ж. кірген, үйірмелер топпен жүргізіледі. Мекеме басшысы И.Икапова әрдайым ашық диологтарға, барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екендігін мәлімдеді.
Шөкеев Ө. Е. 11.02.2022, 04:51Кумисов Бижигит
- Шөкеев Ө. Е.
- 02.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 138
- № 724812
АРЫЗ Мен Кумисов Бижигит Турлыбаевич арыз жазу себебім, ауылымызды газдандыру мәселесі бойынша, Жолдыбай Нұрлыбаев ауыл округі, Өнімкер елді мекеніне газ тарту үшін осы ауыл тұрғындарынан бірнеше рет әр бір тұрғын үйден 1 000 теңгеден газ құбырын тартуға жобасына ақша жиналған болатын. Ақша қаражаты екі рет жиналған. Алайда, жиналған ақшалар қайда кеткенін біздер білмейміз ол бойынша ешкім есеп берген жоқ. Осы ақша жинауға себеп болған Өнімкер ауылының бас көтерер ауыл ақсақалдары. Басты мақсатымыз ауыл тұрғындары газ құбырын созып жібермей тартылса екен деген арманда. Жергілікті ауыл әкімі тарапынан А.Даткаев өзінің өкілеттігі мерзімінде уәде беріп келіп зейнеткерлікке шығып кетті, одан кейінгі тағайындалған әкім А.Абдиев ола уәде беріп келіп жоқ болып кетті, кейінгі әкіміміз Н.Елшібаевта газ келіп қалады деп уәде беріп келеді. Жоғарыдағыларды айта келе, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округі, Өнімкер елді мекеніне газ құбырының құрылысын түсіруге ықпал етуіңізді СҰРАЙМЫН. Осы өтінішімді ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің талаптарына сәйкес қарауыңызды СҰРАЙМЫН. ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! 01.01.2022 жылғы жай-күйі бойынша 69 елді мекеннің 36 елді мекені табиғи газбен қамтылған, бұл аудандағы елді мекендердің жалпы санының 52,1% құрайды (13 732 абонент немесе 68,5%). 2021 жылға республикалық бюджеттен 150,0 млн. теңге қаралып, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі елді мекендеріне жоғары қысымды газ құбырын салу жұмыстары мердігер «JANA KZ QURYLYS» ЖШС-гі тарапынан басталды. Қаржысы – 1 971,9 млн. тг. Нысан құрылысы 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Ал, ауылдық округ елді мекендерінің ішкі газ жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу үшін 14,9 млн. теңгенің 500,0 мың теңгесі (АБ) қаралып, сатып алу жұмыстары жұргізілуде.
Шөкеев Ө. Е. 09.02.2022, 06:04Кумисов Бижигит
- Шөкеев Ө. Е.
- 02.02.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Құрылыс, үлескерлер, тұрғын үй мәселелері ·
- 96
- № 724809
АРЫЗ Мен Кумисов Бижигит Турлыбаевич арыз жазу себебім, ауылымызда футбол алаңа туралы, былтыр 2020 жылы ауыл әкіміміз Н.Елшибаев ауылдарыңа келесі 2021 жылы футбол алаңының құрылысы түседі деп ауызша уәде берген еді. Осы уәдесінде тұрмай футбол алаңының құрылысы кейінге қалдырылды деп басын алып қашып менің ватсап нөміріме «Өнімкерге закрытый стадион түсиін деп жатыргой кәсіпкерлер салайын деп жатыр» деп мені мазақ етіп жауап берген деп санаймын. Ауыл әкімінен ешқандай нәтиже жоқ. Оның үстіне биыл Ұлы Отан соғысының батыр атамыздың Жолдыбай Нұрлыбаев атамыздың 100 жылдығын атап өту жылына ауылымызға футбол алаңының құрылысы тұссе екен деген осы ауыл тұрғындарының басты арманы. Біздің округіміздің орталығына (Ынталы ауылына) және Мырзатөбе ауылына былтыр түсірген болатын. Ендігі жерде осы Өнімкер ауылына Ұлы Отан соғысының батыр атамыздың 100 жылдық мерекелік іс шара қарсаңына осы футбол алаңын түсіруге ықпал етуіңізді СҰРАЙМЫН. Осы өтінішімді ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің талаптарына сәйкес қарауыңызды СҰРАЙМЫН. ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі аппаратының төртінші деңгейдегі бюджеті есебінен 2020 жылы Мырзатөбе елді мекенінен, 2021 жылы Ынталы ауылынан шағын футбол (жасанды газон) алаңшалары салынып, тұрғындардың пайдалануына берілген. Ағымдағы жылға Ырысты елді мекенінен спорт алаңшасын салу үшін жер телімі анықталып, тиісті құжаттары рәсімделуде. Ж.Нұрлыбаев а/о әкімі аппаратының жоспарына сәйкес Өнімкер сонымен қатар Қарақыр және Өркен елді мекендерінен спорт алаңшаларын салу үшін жер телімін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Жер телімі анықталып, тиісті құжаттары рәсімделген жағдайда бюджеттің мүмкіндігіне қарай 2023-2024 жылдары кезең кезеңімен салынатын болады. Ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін елді мекен аумағындағы жалпы білім беретін мектептердегі спорт нысандарын сабақтан бос уақыттарда пайдалануына мүмкіндіктері бар.
Шөкеев Ө. Е. 09.02.2022, 06:02Мусурманов Шухрат
- Шөкеев Ө. Е.
- 31.01.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 103
- № 724289/1
Құрметті Аймағамбетов мырза !Мен Түркістан облысы Жетісай ауданы Жылы су ауылынан хабарласып тұрмын.Мен аталған ауылда орналасқан №26 Мұстафа Шоқай атындағы жалпы орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеймін.Қосымша сол мектептің Нұр Отан партиясының бастауыш ұйымының төрағасы және мектептің еңбекті қорғау инспекторы болып қоғамдық жұмыстарын атқарып келемін.Біздің мектеп 1967 жылы салынып,Республикамыз тәуелсіздігін алғаннан күрделі жөндеуді көрген жоқ.4-5 жыл бойы аудан әкімшілігіне,ауландық Нұр Отан партиясы филиалына,білім бөліміне бір-неше хат жазғанбыз,бірақ ешқандай өзгеріс жоқ.Мектебіміз тозып кеткен,жылу жүйесі талапқа сай емес,трубалар шіріп кеткен,тіпті ол туралы облыстық ЖКХ -да хабардар.Электр қуат мектебімізге жетпейді.Есік,еден ағаштары тозып кеткен.Кеше ғана Сіздің орынбасарыңыздың интервьюсін оқып қуанып қалдық.Ол жерде күрделі жөндеу туралы айтылған.Құрметті Аймағамбетов мырза сол күрделі жөндеуден өтетін мектептердің тізіміне біздің мектепті да қосуыңызды сұраймын. Вице-министр науки и образования РК Шолпан Каринова рассказала о новых подходах развития дошкольного и среднего образования в стране. «Мы запланировали проведение капитального и текущего ремонта в 560 школах. Для 507 будет приобретено 2028 предметных кабинетов. В 598 школах будет обновлена школьная мебель. Также планируется модернизация 862 школьных библиотек и 574 школьных столовых. В 554 школах улучшатся условия безопасности. Будут установлены видеонаблюдения, тревожной кнопки, турникеты, пожарная сигнализация, охранная система и другое» Мусурманов Шухрат Совранович ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! Жетісай ауданы, Жылы су ауылы, «№26 Мұстафа Шоқай атындағы жалпы орта мектебі» КММ-нің (Бұдан әрі – Мектеп) ғимараты 1966 жылы пайдалануға берілген, ғимараты типтік, жобалық қуаты 540 орынға арналған. Жылыту қазандығы табиғи газбен жылытылады. Қазіргі таңда, 857 оқушы екі ауысымда білім алуда.Бүгінгі таңда, мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін техникалық қорытынды алуға және жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға жобалау-іздестіру жұмыстары (ПИР) жүргізілуде. Сондай-ақ, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жоғарыда аталған жұмыстар аяқталғаннан соң Басқармаға ғимараттың ақау актісі және суреттері, жобалау-іздестіру жұмыстарының (ПИР) қорытындысы Жетісай ауданының адами әлеуттеі дамыту бөлімі тарапынан ұсынылу қажет. Жоғарыда аталған құжаттар әзірленгеннен соң, жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалады. Осыған орай, мектептің күрделі жөндеуіне әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес келісуден, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізіледі. Мектептің құжаттары толығымен дайын болғаннан кейін Басқарма тарапынан «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығына сәйкес облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныс жолданады. Сонымен қатар, оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс мектептеріне дабыл түймелерін орнату және бейнебақылау жүйесін орталықтандырылған жедел басқару жүйесіне қосу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.Мектептер толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда, облыстағы мемлекеттік мектептердің бейнебақылау жүйелерін полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосу жұмыстары жүргізілді. Облыс мектептеріне дабыл батырмаларын орналастыру жұмыстары басталды. Облыстағы білім мекемелерін мамандандырылған күзет пен «Дабыл батырмаларымен» және турникеттермен қамтуды кезең-кезеңімен шешу жоспарлануда.
Добрый день! Здание КГУ «Общая средняя школа№26 имени Мустафы Шокая» (далее-школа) в Жетысайском районе введено в эксплуатацию в 1966 году, здание типовое, проектная мощность на 540 мест. Отопительный котел отапливается природным газом. В настоящее время 857 учащихся обучаются в две смены. На сегодняшний день ведутся проектно-изыскательские работы (ПИР) по подготовке проектно-сметной документации и получению технического заключения на капитальный ремонт здания школы.Также после завершения вышеуказанных работ по проведению капитального ремонта необходимо представить в Управление дефектный акт и чертеж здания, заключение проектно-изыскательских работ (ПИР) со стороны отдела развития человеческого потенциала Жетысайского района. После разработки вышеуказанных документов разрабатывается проектно-сметная документация. В этой связи, разработанная проектно-сметная документация на капитальный ремонт школы в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" проходит согласование государственных нормативных документов в соответствии с установленными требованиями, комплексную вневедомственную экспертизу. После полной готовности документов школы управлением в соответствии с приказом министра финансов Республики Казахстан от 24 ноября 2014 года №511 «Об утверждении Правил составления и представления бюджетной заявки» направляется представление в областную бюджетную комиссию. Кроме того, в целях обеспечения безопасности учащихся в школах области в соответствии с планом проводится работа по установке тревожных кнопок и подключению системы видеонаблюдения к централизованной системе оперативного управления. Школы полностью обеспечены системой видеонаблюдения. В настоящее время проведены работы по подключению систем видеонаблюдения государственных школ области к центру оперативного управления (ЦОУ) Департамента полиции. Начата работа по размещению тревожных кнопок в школах области. Планируется поэтапное решение вопроса охвата учреждений образования области специализированной охраной, «тревожными кнопками» и турникетами.
Шөкеев Ө. Е. 08.02.2022, 12:43ТАЖИБАЕВА САНДУГАШ
- Шөкеев Ө. Е.
- 31.01.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Білім ·
- 114
- № 724468
Письмо вложено. ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-1-бабы және Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығындағы білім саласын вертикалды басқару жүйесіне көшіру туралы тапсырмасына сәйкес аудан қалалардағы барлық білім беру мекемелері 2021 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімдігінің 2021 жылдың 14 қаңтарында №5 қаулысына сәйкес облыстық деңгейге өткізілді.2022 жылы 14 ақпан күні Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы А.Егізек пен Сізбен басқарма тарапынан Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының талаптарына тыңдалым өткізді.Тыңдалым барысында А.Егізекке «Жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсы жөніндегі №16/1 хаттамасы бойынша 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрыққа (бұдан әрі- №122 бұйрық) сәйкес «Қазығұрт ауданы әкімдігінің сайтына» жарияланбаған. Осыған орай, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Уйсимбаевтың №122 бұйрыққа сәйкес жұмыс жүргізбегені бойынша жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс енгізілді.Тыңдалымға сәйкес Сізге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2021 және 2022 жылдардың бюджетін қалыптастыру барысында Қазығұрт ауданындағы 82 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 9 179 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған. Берілген тізім ішінде «Балдария-2020» балабақшасы көрсетілмеген. Облыстағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығына жан басына қаржыландыру нормативіне сәйкестендіруге қаржы тапшылығы туындап, жаңа орын ашу үшін қазіргі таңда қаражат қарастырылмаған. Бұл мәселені шешу үшін Түркістан облысы әкімдігімен салалық министрліктер арасында тиісті жұмыстар жүргізілуде (бюджеттік өтінімдері шығыс №28/820 хатымен жолданған). Алдағы уақытта қаржы қаралған жағдайда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін өткізілетін конкурсқа қатысуға құқылысыз.
Шөкеев Ө. Е. 14.02.2022, 06:51Турманбеков Галым
- Шөкеев Ө. Е.
- 28.01.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
- 90
- № 724165
Құрметті Өмірзақ Естайұлы мен Тұрманбеков Ғалым Сізге екінші рет өтініш жазып отырмын. Байдібек ауданы,Боралдай ауылының мәселесі бойынша: 1-ші Сұрағым «Шаян» индустриалдық аймақ Боралдай ауыл аумағында орналасқан.Осы индустриалдық аймақ қашан іске қосылады? Мемлекеттің қаржысы қашан Халық игілігіне пайдаланылады. Және қай уақытта қолданысқа берілді ? не үшін осы уақытқа дейін қолданысқа берілмей отыр ,бұған жауаптыларды жауапкершілікке тартуды. 2-ші Сұрағым Боралдай ауылының жәнінен қоқыс төгетін палигон қашан толыққанды іске қосылады. 3-ші Сұрағым Ауыз су мәселесі ,себебі судың ішуге жарамсыздығы . Осы әрбір сұрағыма нақты жауап беруіңізді сұраймын. ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! 1-мәселе бойынша келесідей мәлімдейміз: Қазақстан Республикасының «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014-2015 жылдары аралығында құрылысы жүргізілген «ОҚО, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Жыланды елді мекеніндегі «Шаян» индустриалды-экономикалық аймағы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы» нысанында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы ауқымында межеленген жұмыстар атқарылған. Индустриаландыру картасына енгізілген жобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлік құрылымдар мен инвесторлардың қызығушылығын арттыру мақсатында, Боралдай ауылдық округі Жыланды елді мекенінен бөлінген 63,045 га жер теліміне индустриалды аймақта инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы жүргізілді. Тапсырыс беруші облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы. Индустриалды аймаққа инфрақұрылым жүйелерін жүргізудің жалпы сметалық құны 343,9 млн.теңгені құрайды. Облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға мердігер мекеме «А.Р.Т. Құрылыс» ЖШС-гі тарапынан 1,767 шақырым кәріз жүйелері, 1,759 шақырым ауыз су жүйелері, 8,469 шақырым электр желілері, 1,060 шақырым ішкі автомобиль жолдары құрылысы жүргізіліп, 9 дана КТП-10/0,4 комплектті тұтынушылар подстанциялары орнатылды. 110/10 подстанциясының қуаттылығы 2,5 МВт/сағ құрайды. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталғанымен, 2018 жылы жобада қаралған 30,0 млн.теңге қаржының тапсырыс беруші облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тарапынан бөлінбеуіне байланысты, нысан мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданбаған. Нысанға бөлінген жер телімі аудан әкімдігінің 03.04.2018 жылғы №93 қаулысымен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының есебіне берілген. Аудандық бюджет есебінен бөлінген 13 800,0 мың теңге қаржыға аймақтың алдын қоршау, кіріп-шығу аркаларын орнату, аймақ шекарасына траншеялар қазу жұмыстары жүргізілген. Аймақтың ішінде орналасқан ауыз су торабындағы қазылған су ұңғымасынан шығып отырған жерасты суының дебеті 1 мин/400 литрді құрайды. 2-мәселе бойынша: Боралдай елді мекенінің оңтүстік шығыс бөлігінде көлемі 5,0 га тұрмыстық қатты қалдық тастайтын орынға тиісті мекемелерден келісім алынып, тұрғын халық тұрмыстық қатты қалдықтарын сонда тасымалдайды, Халықты жұмыспен қамту орталығы мекемесінің жолдамасына сәйкес, 1 адам ақылы қоғамдық жұмыс арқылы бекітілген. Жеке кәсіпкер Е.Шынқожаевпен келісім шартқа тұрып жылына 3 рет ішіне тасталған қалдықтар тазаланып ретке келтіріліп отырады, желдің әсерінен шашылған қалдықтар үнемі тазаланып отырады. Биылғы жылы жел тұратын беткейіне шарбақ ішіне 1300 түп қарағаш көшеті отырғызылып оны үнемі күтіп баптау суғару нәтижесінде 1068 түп құтайған.3-мәселе бойынша: 2021 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 6 538,0 мың теңге қаржыға Боралдай елді мекеніндегі тереңдігі 150 метр болатын бір су ұңғымасы қазылып, бүгінгі таңға халыққа пайдалануға берілді. Боралдай елді мекеніндегі жер асты су қорына зерттеу жұмыстарын жүргізуге аудан әкімдігінің атынан облыстық салалық басқармаға сұраныс хат жолданып, 2021 жылы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қорын зерттеу жұмыстарын жүргізуге жоба жасалды. 2022 жылы басқарма тарапынан жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, 2022-2023 жылдары жер асты су қорлары бекітіледі. 2022 жылы Боралдай елді мекеніндегі тұрғылықты халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қажетті қаржысы қаралып, бүгінгі таңға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Шөкеев Ө. Е. 04.02.2022, 07:48Жампозов Нурлан
- Шөкеев Ө. Е.
- 28.01.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ·
- 95
- № 724137
Ассалаумағалейкум Өмірзақ Естайұлы, Мен Түркістан облысы Түлкібас ауданы Дәубаба-2 ауылының тұрғынымын. Менің 2019 жылдің 24 қарашадағы № 570307 интернет желісін орнатып беру бойынша жүгінуіме, Сіз "Жыл соңына дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Казақтелеком» АҚ тарапынан Түлкібас ауданына қарасты 6 ауылдық округке талшықты-оптикалық кеңжолақты интернет желісін жүргізу жоспарлануда. Сол округтердің ішінде Даубаба-2 ауылы орналасқан Келтемашат ауылдық округіде бар екенің хабарлаймыз" деп жауап қатқан болатынсыз, бүгінгі таңда 2022 жыл бірақ сол халық армандаған интернет желісі алі келмеды. 2021 жылы көрші Келте-машат ауылына интернет желісі орнатылды, сол кезде ауыл тұрғындарында "бізге де келер" деген үміт орын алған болатын, 2022 жылы интернет желісін ары қарай тарта бастады, бірақ "абонент аз" деген сылтаумен интернет желісін біздің ауылды асып, Даубаба ауылына жүргізілуде. Осыған орай, Сізден интеренет желісін Даубаба-2 ауылына да жүргізуге ықпал етуіңізді сұраймын. Рахмет! ...
ТолығырақЖауаптар
Қайырлы күн! Түлкібас ауданы Келтемашат ауылдық округіне қарасты Даубаба-2 ауылында халық саны 125 адам тұратынын ескеріп, Түркістан облысы әкімдігі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан халық саны -250 ден төмен елді мекендерді мобильді кеңжолақты қолжетімділікпен қамту жобасына ұсынылғанын атап өтеміз. Алайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Түркістан облысы бойынша 63 ауылдық елді-мекен ішінен айқындау критерийлерін бекіту жөніндегі әдістемеге сәйкес, даму әлеуеті бар 27 ауылдық елді-мекен 2021-2023 жылдарға арналған жаңа жекешелік әріптестік жоба шеңберінде қосылатындығын мәлімдеген. Бұл тізімде Даубаба-2 елді-мекені мақұлданбаған. Қалған 36 АЕМ КЖҚ-мен қамтамасыз етуді жергілікті бюджет есебінен немесе мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану жолымен жүзеге асыру ұсынылған. Қазіргі таңда, облыс аумағында елді-мекендерді үй жағдайындағы жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту мақсатында «Транстелеком» АҚ-ның дилерлік қызметін ұсынушы «Nano Tech Service» ЖШС Түлкібас ауданында бірқатар елді-мекендердің тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз етіп отыр. Осы ретте, «Nano Tech Service» ЖШС мәліметі бойынша Түлкібас ауданы Келтемашат елді-мекенінде үй жағдайындағы жоғары жылдамдықты интернет желісімен қамту жұмыстары ағымдағы жылдың 15 ақпанына дейін аяқталатынын және Даубаба-2 елді-мекенінен өтінім берген 15 тұрғын үйге интернет қосатыны баяндалды. Осыған байланысты, Сізден «Nano Tech Service» ЖШС-нің маманы Мынтаев Бауыржанның (8777 769 72 41, 8701 960 07 85) байланыс номеріне хабарласып өтінім беруіңізге болатынын түсіндіреміз.
Шөкеев Ө. Е. 02.02.2022, 10:46Қалыбек Жангелді
- Шөкеев Ө. Е.
- 21.01.2022
- · Өтініш қабылданды·
- · Әлеуметтік қамсыздандыру ·
- 102
- № 723166
Құрметті Ө. Естайұлы Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы 3 жыл уақыт өтті Біз Шымкент қаласынан көшіп келгенде қызметтік үй беріледі деген болатын бірақ әлі берілмеді және 2022 жылдың басынан бастап пәтер жалдауға беріліп келген 81600 теңге тоқтап қалды . Алдағы уақытта пәтер берілеме ? Берілсе кімдерге беріледі? Пәтер жалдауға берілетін 81600 теңге жалғасама? Түркістан қаласында дәл қазіргі кезде пәтер жалдау азаматтық қызметшілерге өтте аур тиуде. Осы жағдайларды қарастырып, жауабын беруіңізді сұрамамыз. ...
ТолығырақЖауаптар
Ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларына жоспарланған 2022 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылауында Түркістан қаласына көшіп келген мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне тұрғын үй жалдауға 81 600 теңге қарастыру мәселесі қаралатын болады. Қазіргі таңда Түркістан қаласында мемлекеттік қызметкерлерге берілетін қызметтік пәтерлер шектеулі болғандықтан көшіп келген мемлекеттік қызметкерлердің барлығын қызметтік пәтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмай отыр. Бірақ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабында атап көрсетілген 11-тобының біріне, оның ішінде мемлекеттік немесе бюджеттік қызметкер ретінде түрғын үй кезегіне электронды үкімет порталы арқылы (E-gov) жеке қолтаңбамен өтініш білдіріп, кезек ретімен пәтер ала аласыз немесе «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» АҚ-ы арқылы орташа айлық табысы әр адам басына шаққанда 133 266 теңгеден аспайтын жағдайда немесе екінші деңгейлі банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасымен пәтерді ипотекалық жолмен рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, алдағы уақытта қызметтік пәтер босаған жағдайда ұсынылатынын хабарлаймыз.
Шөкеев Ө. Е. 01.02.2022, 07:55