• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ахмет Зиядин
  • Сатыбалды Д. А.
  • 29.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Жер мәселелері ·
  • 101
  • № 755809

25.02.2010 жылғы Асықата кенті әкімінің №06 санды шешімі мен Мақтарал ауданы әкімінің М.Тұрбековтың №1385 санды қаулыларын табыстау заңдылығын тексеріп, қаулы әкімдік тарапынан заңсыз табысталған жағдайда сотпен күшін жою шараларын қабылдауды сұраймын. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Зерделеу барысында аудан әкімдігінің 04.11.2013 жылғы №1385 қаулысымен «Қуаныш - 98» ЖШС-нің директоры азамат К.Сакеновке жеке меншік құқығымен бекітіліп берілгені анықталды. ЖШС директоры К.Сакенов 2013 жылы аталған жер теліміне жер кадастры және жылжымайтын мүлік ойынша Жетісай аудандық бөлімінен мемлекеттік акт алынып, мемлекеттік тіркеуден өткізгені анықталып отыр. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» қаулысының талаптарында: АК-нің 267-бабына сәйкес, егер мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңнамаға сәйкес келмейтiн нормативтік немесе жеке акт шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа тұлғалардың мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай акт сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады – деп көрсетілген. Ал осы қаулының 8 тармағында Соттар, атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы өз шешімін онда көрсетілген талаптар орындалғанға дейін, мәселен, тұлға жер учаскесіне мемлекеттік акті алғанға дейін, өзгертуі, жоюы мүмкін екенін назарға алуы керек. Аталған құжаттарды алған сәттен бастап жер пайдаланушы жеке меншік, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану түріндегі жер пайдалану құқықтарына ие болады, сондықтан құқық туралы туындаған дау сот тәртібімен ғана шешілуі тиіс – деп көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 30 бабының талаптарында заңсыз қолданудан бұзылған мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру мәселелері сот тәртібімен шешілетіні көрсетілген. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңының 1-бабында сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайтыны көрсетілген. Осыған орай Сіздің «Асықатамелиорация» ЖШС-гі иелігіндегі мүліктік және мүліктік емес құқықтарды қалпына келтіру сот тәртібімен қаралатындығын хабарлаймыз

Сатыбалды Д. А. 07.10.2022, 01:32
Сейдалиева Гульзада
  • Сатыбалды Д. А.
  • 29.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ерікті тақырыбы ·
  • 104
  • № 755788

Қайырлы күн! Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені, Рауан массиві тұрғындары жарықсыз не сусыз отырғанына бүгін үшінші күн. Жарық пен су жиі өшеді. Жарық жекеменшік мекемеге тиісті дейді. Айына артық төлем шығады, яғни тұрғындардың есептегіш көрсеткішінен артық квт. Шамамен 200,000 дай ай сайынғы төлемге. 65 тұрғын үйге. Барлық үйде еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін қиналып біттік. ауыз суды сатып ішеміз, жарықсыз балалар сабаққа дайындала алмайды, азық-түлігіміз иістеніп, материалдық және моральдық тұрғыда зардап шегудеміз.Осы мәселені назарға алып, сырғыма жауапсыз жарық пен сумен қамтамасыз етуіңізді сұраймын. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Шұбарсу ауылы тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында 2021 жылы электр қуаты және ауыз су жүйесінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда «Рауан» алабында тұрғындар тұтынған ауыз су мен электр қуатына төлемдерді, сондай-ақ өзгеде ортақ шығындарды өз арасынан таңдап алынған жауапты адам және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен арада түзілген келісім-шарт негізінде жүргізеді. Тұрғындардан жиналған қаржының жұмсалуын, сатылған материалдардың бағасын талап ету және сотқа жүгіну алап тұрғындарының ішкі жұмысы. Шұбарсу ауылын электрмен қамту мәселесін толық шешу мақсатында 2 кезең (1-5 кезек) іске асырылуда. «Рауан» алабын электрмен қамту жұмыстары «Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылын электрлендіру 2-кезең (3-кезек)» нысаны арқылы іске асырылады. Қазіргі таңда, аталған нысанның қажетті қаржысы 2022 жылға толық республикалық бюджеттен қаралған, ағымдағы жылдың желтоқсан айында жұмыстар аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, ауыз су жүйесінің құрылысы 5 кезеңде іске асырылуда. Ауыз сумен қамту нысаны 2023 жылға өтпелі. Құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталғаннан соң ауыл тұрғындары сапалы электр қуатымен және ауыз сумен тұрақты қамтылатын болады.

Сатыбалды Д. А. 07.10.2022, 01:24
Кожакелдиев Талгат
  • Сатыбалды Д. А.
  • 28.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
  • 84
  • № 755612

Прошу вас записать меня на прием, по поводу производства алюминневых радиаторов/все документы имеются при себе/ ...

Толығырақ

Жауаптар


Добрый день! В рамках реализации Указа Президента Республики Казахстан от 3 марта 2022 года №826 «О проведении встреч акимов с населением» согласно утвержденному грацику, в 17 районах, городах проводятся встречи и личные приемы акима области с населением. В Ордабасинском районе личный прием акима области был проведен в июне 2022 года. Также вы побывали личном приеме акима области в г.Туркестан в марте 2022 года. На сегодняшний день, вы включены в список приема граждан акима Туркестанской области, который состоится 7 декабря 2022 года в Ордабасинском районе. О месте и времени проведения личного приема акима области вам будет сообщено дополнительно.

Сатыбалды Д. А. 04.10.2022, 12:25
Абдрасилов Немет
  • Сатыбалды Д. А.
  • 28.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ерікті тақырыбы ·
  • 82
  • № 755595

Түркістан облысының әкімі Д.А.Сатыбалдыға Немет Абдрасиловтан ЖСН: 220101312404 Түркістан қаласы, Т.Турманов көшесі, 39 Өтініш Менің өтініш беру себебім келесідей. Мен Немет Абдрасилов 01 қаңтар 1922 жылы дүниеге келгенмін, 1-і топтағы мүгедек, Ұлы Отан Соғысының Ардагерімін. 1941-і жылы соғысқа аттанып, 1945-і жылы Германияның Берлин қаласын алу шайқасына қатысып, жаралы болып, елге оралдым. 1991-і жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғалы бері үкіметтен ештеңе сұрамадым. 2022-і жылы Түркістан қаласының әкімі Н.Тұрашбековтың жеке қабылдауында болып, пәтер сұраған едім. Дегенімен, әкім осы уақытқа дейін пәтер бермеді. Құрметті Дархан Амангелдіұлы! Осы өтінішімді тікелей өзіңіз қарап, маған пәтер беру мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын. Н.Абдрасилов 28.09.2022ж. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Әрбір азаматтың тұрғын үй мәселелері Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен (әрі қарай-Заң) реттеледі. Заңның 67, 74 баптарына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын иелігінде Қазақстан Республикасы аумағында соңғы үш жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеген тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Және аталған Заңның 69-бабында «Осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер: 3) өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе; 4) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса; 5) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.» - делінген. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 Қаулысында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі қажет, атап айтқанда: 1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары; 1-1. жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 1-2. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасылар; 2. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал тобы; 3. Мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi мен әскери қызметшiлер; 4. Жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары есепке қойылады. Ескерту: Өтініш беруші осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген және соңғы бес жыл ішінде меншік құқығында немесе отбасы мүшелеріне тиесілі тұрғын үйдің бар екендігі анықталған жағдайда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады. Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін қажетті құжаттар тізімі жөнінде толық мағлұматты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы «ХҚКО» қызметкерлері береді. Осы жағдайда барлық тиісті құжаттарымен тұрғылықты мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуіне болады.

Сатыбалды Д. А. 04.10.2022, 12:23
Тулевова Замира
  • Сатыбалды Д. А.
  • 27.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Әлеуметтік қамсыздандыру ·
  • 85
  • № 755452

Дархан мырза салеметсізбе!!!Мен Жетысай қаласының тұрғынымын.Шөкеев мырза кезінде қабылдауына кіре алмадық.Біздің Түркістанға баратын мукіндігіміз жоқ.Бізді мәсле 3жастағы Қызымызда мугедіктіке бар сирек кездесетін ауру.Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз.Қызымзыға күтімімен үйдемін одан кішкентай тағы балам бар.Уйде тек жолдасым жұмыс жасайды ол кісіде жалдамалы жұмысшы.6ай болды Жетысай әкім аманат бәріне бардық.Депуатты Талғат Қаржауыв деген кісі көмек беремін деді үйге.Бірақ 1аптадан соң сразу өзгеріп шықты.Неге балалар жылында көмек берсе болдыгой.Жетысайда қанша кәсіпкерлер бар өтініш осы маселемізге көмек берсеніз.Біз әлеуметтік көмек ештен алмаймыз.Осы Түркістанда тұрмысы төмен отбасыларға қанша кәсіпкерлер көмек берді.Бізгеде 1бөлме пәтер болсада көмек берсе екен ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Өтініште сұратылған әлеуметтік, қаржылай көмекті қолдау көрсетуге мемлекет бюджетінде қаржы қарастырылмаған. Жергілікті демеуші жеке кәсіпкер немесе қоғамдық ұйым анықталып, келіскен жағдайда қолдау жасалады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68, 74 баптарына сәйкес, Сіз тапсырған құжаттар негізінде, Жетісай ауданының коммуналдық тұрғын үй тізімінде № 1393 кезекте 29.07.2022 жылы халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы санатына «мүгедек баланы асыраушы отбасы» ретінде тіркелгенсіз. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-тарау. 74-бап 3-тармағына сәйкес, «Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.»-деп көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген Заң талаптары азаматтарды тұрғын үймен тек кезек ретімен қамтуды көздейді. Сізді кезектен тыс тұрғын үймен қамтамасыз ету заң талаптарына қайшы келетіндіктен, тұрғын жай мәселесі кезек ретімен оң шешімін табатын болады.

Сатыбалды Д. А. 07.10.2022, 01:30
Нурманов Арсланбек
  • Сатыбалды Д. А.
  • 22.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ·
  • 80
  • № 755021

Уважаемый Аким! Я житель города Туркестан, мкр. Жана кала, дом 32/2. Требую в срочном порядке провести переговоры и договориться с компанией Билайн о том, что бы эта компания провела свои линии в нашем доме для того, что бы в дальнейшем мы смогли пользоваться их услугой. В частности услугой "интернет дома от билайн". Заранее благодарю! ...

Толығырақ

Жауаптар


Добрый день! Дом №32/2, микрорайона Жана кала города Туркестан, в настоящее время при подаче заявки в АО «Транстелеком» имеется возможность подключения высокоскоростной домашней сети интернет (Wi-Fi). По данным компании «Билайн», в доме №32/2 микрорайона Жана кала города Туркестан в настоящее время отсутствует техническая возможность и Компания планирует начать работу по подключению населения к высокоскоростной сети интернета в домашних условиях до конца текущего года.

Сатыбалды Д. А. 07.10.2022, 07:22
Чукеев Жанат
  • Сатыбалды Д. А.
  • 21.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 105
  • № 754994

Уважаемый Дархан Амангелдыулы! Прошу Вас принять меры в отношении директора Ширшикбаева Гульнур Боранбаевна ГККП "Ясли-сад "Балажан" отдела развития человеческого потенциала Сайрамского района управления развития человеческого потенциала Туркестанской области по адресу:Туркестанская область, Сайрамский район, с.Акбулак, Д.КУНАЕВА, 98 Я выиграл тендер №№ 8308739-1 от 2022-09-12 и заключил договор №6 от 2022-09-21 г. на обслуживание сайта детского сада. В телефонном разговоре со мной Гульнур Боранбаевна требовала, чтобы я являлся на территорию детского сада и производил фотосъемку и готовил материал, разговарил с ней исключительно на казахском языке, на мои возражения о том, что договором это не предусмотрено, она ничего не хотела слушать. Затем бросила трубку и теперь я никак не могу до нее дозвониться. Я полагаю, что в дальнешем Гульнур Боранбаевна будет всячески мне восприпятствовать моей работе по договору. А мне надо исполнять свои обязательства по договору. Рассчитываю на вашу помощь. Договор и тех. специфкацию прилагаю. ...

Толығырақ

Жауаптар


Добрый день! На основании итогов государственных закупок способом запроса ценовых предложений №8308739-ЗЦП1 от 19.09.2022 года между ГККП «Ясли-сад «Балажан» отдела развития человеческого потенциала Сайрамского района и индивидуальным предпринимателем Чукеев Жанат был заключен договор о государственных закупках работ, не связанных со строительством за №6 от 21.09.2022 года. Предметом договора является, Исполнителем в лице ИП Чукеев Ж., должен выполнить работы по разработке созданию сайтов, для заказчика, в лице ГККП «Ясли сад «Балажан», общая сумма составляет 87 400 тенге. Согласно пункта 2.2 вышеназванного Договора «Работы выполняются по Проекту – Работы по разработке/созданию сайтов, который находится по местонахождению объекта», т.е. ГККП «Ясли сад «Балажан». В настоящее время, по имеющимся сведениям со стороны ИП Чукеев Жанат проводится исполнение взятых на себя обязательств по заключенному Договору. Кроме того, фактов некорректного общения со стороны заведующего ГККП «Ясли сад «Балажан» Г.Ширшикбаевой не было установлено.

Сатыбалды Д. А. 29.09.2022, 12:51
Байтилеуов Данияр
  • Сатыбалды Д. А.
  • 20.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Ауыл шаруашылығы ·
  • 101
  • № 754869

Қаулыға мұрагер ауысу туралы өзгеріс еңгізу Түлкібас ауданы бойынша, Құлан су қоймасында балық өсірумен айналысу үшін, мемлекеттік конкурс арқылы ЖШС «Nursaule Fruits» компаниясына №204 21 қазан 2020 жылы қаулы шыққан, ЖШС «Nursaule Fruits» компаниясынан ЖШС«MORE FISH» БСН 210640026375, болып бөлініп шығуына байланысты, заңды тұлға ретінде үлесі бөлісу баланысына сәйкес Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-І заңының 36 бап, 2-тармағына сәйкес, қайта ұйымдастыру заңды тұлғаны бөлу немесе оның құрамынан жаңа заңды тұлғаның (жаңа заңды тұлғалардың) бөлініп шығуы болып табылса, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның үлесі бөлу балансына сәйкес оның құқықтық мұрагерлеріне ауысады. Осы заңға сәйкес, Құлан су қоймасында ЖШС «MORE FISH» БСН 210640026375, болып бөлініп шығуына байланысты, балық шаруашылығымен айналысуға, балық инспекциясымен келісім шарт түзу үшін, №204 21 қазан 2020 жылы шыққан қаулыға ЖШС«MORE FISH» -ті, мұрагер ретінде өзгеріс енгізіп беруіңізді сұранамыз. Қосымша үлгі ретінде 4 парақта. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» №593 Заңының (әрі қарай - Қарай) 10-бабы 2-тармағы 5-3) тармақшасына сәйкес (27.11.2019 жылы тіркелген), Басқарма тарапынан Түлкібас ауданында орналасқан Құлан су қоймасы конкурсқа қойылды. Конкурс ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы19-наурыздағы «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі қағидалары және конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №18-04/245 бұйрығына (әрі қарай - Қағида) сәйкес өткізіліп, облыс әкімдігінің қаулысымен балық шаруашылығын жүргізу құқығы берілді. Осының негізінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы» № 18-04/287 бұйрығына сәйкес, Басқармамен «NURSAULE FRUITS» ЖШС – арасында балық шаруашылығы келісім шарты түзілді. Алайда, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» №593 Заңының 40- бабы 5-тармағына сәйкес, Балық шаруашылығы субъектілеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері кәсіпшілік балық аулау үшін үшінші тұлғалардың пайдалануына берілмейтіндігі көрсетілгендігін хабарлаймыз. Соынмен қатар,, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19-наурыздағы «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі қағидалары және конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №18-04/245 бұйрығына сәйкес әзірленген облыс әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетіне облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен осы мәселеге қатысты хат жолданғандығын мәлімдейміз.

Сатыбалды Д. А. 28.09.2022, 06:56
ТАЖИНОВ БАХЫТ
  • Сатыбалды Д. А.
  • 20.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мәдениет, ақпарат және экология ·
  • 94
  • № 754817

Направляем для ознакомления и обсуждения результаты научно-исследовательской работы по разработке, тестированию индекса "Культурной корзины" и его адаптации для использования в практических целях в системе государственного (бюджетного) планирования. Предлагаемый подход, методы сбора и интерпретации данных (фреймворк) позволяет проводить оценку доступности культурных благ, интенсивности потребления разных видов культурной продукции, сравнивать причины недостаточного потребления культуры, проводить сопоставление участия разных социально-демографических групп населения в культурной деятельности. Проведенное в летний период 2022 года тестирование фреймворка показало ряд результатов, которые целесообразно использовать в системе планирования государственной культурной политики. Во-первых, данные показывают различия в уровне потребления разных культурных благ с учетом социально-демографических параметров. Во-вторых, предлагаемая система обеспечивает сопоставимость по уровню доступности культурных благ в разрезе регионов, в разрезе типа местности и учитывает демографические и инфраструктурные особенности. В-третьих, "Культурная корзина" обеспечивает сопоставимость структуры потребления на страновом и региональном уровнях. В-четвертых, результаты исследования могут быть использованы в качестве основы планирования развития инфраструктуры и сервисов в сфере культуры. Научная верификация результатов была проведена с учетом мнения профессиональных и научных экспертов, которые подтвердили научную и практическую значимость исследования на круглом столе и научно-практической конференции (резолюция приведена в аналитическом отчете). В случае заинтересованности, готовы провести презентацию подходов, методологии, результатов исследования и обсудить возможности практического использования в удобном формате, в удобное время как на уровне центральных государственных органов, так и на уровне местных исполнительных органов, ответственных за реализацию культурной политики. Предлагаем провести в офлайн и/или онлайн конференцию для презентации индекса "Культурной корзины" и обсуждения возможностей практического применения исследования. Проект реализован КФ «Национальный дельфийский комитет» при поддержке Фонда Евразия в рамках программы «Социальные инновации в Центральной Азии», финансируемой Агентством США по международному развитию (USAID). В проекте приняли участие ведущие эксперты в сфере культуры, представители неправительственных организаций, научные работники, заинтересованные в развитии уровня культуры Казахстана. С уважением, Туспекова Куралай Национальный Дельфийский Комитет ...

Толығырақ

Жауаптар


Добрый день! Сообщаем, что начальство управления культуры Туркестанской области готов провести онлайн конференцию для презентации индекса "Культурной корзины" и обсуждения возможностей практического применения исследования.

Сатыбалды Д. А. 28.09.2022, 07:00
Усенова Ботагоз
  • Сатыбалды Д. А.
  • 19.09.2022
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Білім ·
  • 86
  • № 754499/1

Құрметті Асхат Аймағамбетов Қанатұлы мырза. Мен Усенова Ботагөз Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғынымын. Менің бір өзекті мәселем бар, білім және қоғам ортасына ауырпалығын түсіріп жатқан. Ол орталық білім орталықтарындағы пара мәселері. Біздің отбасымызда екі адам мұғалім саласынан зейнетке шықты, қазіргі кезде екеуінен бөлек екі адам мұғалім. Арыс қаласындағы орталық білім басқармасына жұмысқа қабылдану үшін парасыз өте алмаймыз немесе жоғарыдан таныс іздеуге мәжбүр боламыз. Мұғалім саласында орын босаған жағдайда мараторий орталықтан желіге жарияланбайды, пара беру үшін ақша табуға міндеттелеміз, оның арты кредитке соқтыруда. Менің сізден өтінерім, мұғалім орнынан босаған жағдайда өзі орнынан боатылуына байланысты бос орындар бюллютенніне н.е басқа да сайттарға жариялайтын жағдай жасалса, сол кезде жұмыссыз мұғалім сол орынға парасыз орналаса алады деп ойлаймын. Тағы бір айта кететінім, мектеп орындарындағы директор және оның оң қолы орынбасарын аудан аралық емес, Облыс орталықтарына, Облыстағыларды аудан орталықтарына ауыстырған тиімді болар еді біз үшін. Дәл солай Білім орталығындағы басшыларды да солай ауыстырған бізге тиімді. Себебі, пара алу жағын дәлелдеу бізге өте қиындықтар туғызады, себебі ішке ұялы телефон алып кіру де мүмкін емес, жұмысқа мәжбүр адам, ақша сұраса пара беруге мәжбүр. Қазіргі кезде мектептерде пара жөнінде хабарламалар жүргізу біздің жағдайда бос әурешілік болып тұр, өйткені білім орталықтары ашкөзденіп бара жатыр. Осыған байланысты жұмысқа тұрушыға жаңа бағдарлама іске қоссаңыз, нұр үсітне нұр болар еді. Менің салам басқа, дегенмен отбасымызда мұғалімдер бар және елдің болашағы үшін менің балаларым ұстаз болуы ғажап емес. Мүмкін дәл сіздей әділ министр болуы да мүмкін Алла қайырын берсе. ...

Толығырақ

Жауаптар


Қайырлы күн! Арыс қаласы білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау үшін бос орындар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жұмысқа қабылдау jumys.snation.kz жүйесі арқылы 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Жүйе арқылы жұмысқа орналасу сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың бірден-бір жолы екені айқын. Жүйе ашықтықты, қолжетімділік пен баршаға жариялылықты қамтиды. Қазіргі таңда, Түркістан облысының дами әлеуетті дамыту басқармасының 05.09.2022 жылғы №27-05-31/4352 хаты негізінде барлық білім беру ұйымдарына бос жұмыс орындарына 1 қазанға дейін жұмысқа қабылдау уақытша тоқтатылғанын түсіндіреді. Сыбайлас жемқорлық фактілері орын алған жағдайда, тиісті дәлелді құжаттармен тиісті құзырлы органдарға шағымдануға құқығыңыз бар.

Сатыбалды Д. А. 29.09.2022, 12:49
    Сатыбалды Д. А.

    Түркістан облысының әкімі

    Сатыбалды Д. А.
    (Мұрағат)

    Түркістан облысының әкімі

    • Жазбалар
    • Өмірбаян
    • Өзекті өтініштер
    • Өтініштер

    IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

    Назарыңызға

    Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

    Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

    Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

    Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

    Е-өтінішке өту

    Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика