• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ. Дүйсенованың қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті қазақстандықтар!

 

Сіздерді келе жатқан жаңа 2016 жылмен құттықтаймын!

Жыл соңында біз әдеттегідей өткен жылды қорытындылап, келер жылдың мақсаттарын айқындаймыз. 2015 жыл – қиындыққа толы, алайда жемісі мен жеңісі қатар жүрген ерекше жыл болды.

Келер жылы біздің алдымызда мемлекеттілігімізді, экономикамыз бен қоғамымызды нығайту бойынша кезек күттірмейтін мәселелер тұр.

Қазақстандықтардың мызғымас бірлігі, біртұтас ерік-жігері мемлекеттің дамуын жаңа сатыға бастайтынына күмәнім жоқ.

Ел Президенті жыл сайынғы халыққа Жолдауында медицина мен әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді жүйелі түрде шешуге негізделген кешенді шараларды жүзеге асыруға айрықша көңіл бөледі.

Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуда "Саламатты Қазақстан Мемлекеттік бағдарламасы ерекше рөл атқарды. Биыл біз оны аяқтаймыз. 2016 жылы жаңа "Денсаулық Мемлекеттік бағдарламасын іске асыратын боламыз.

Бүгінде халықтың сапалы медициналық қызметтерді алуына қажетті жағдай жасалып отыр. Транспорттық медицина жетілдіріліп, Ұлттық скринингтік бағдарлама іске асырылып келеді. Тегін және жеңілдігі қарастырылған дәрілік қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Жоғары технологиялы құралдармен жабдықталған жаңа, заманауи медициналық нысандар салынуда. Отандық хирургтар бұрындары елімізде жасалмаған күрделі оталар жасап келеді.

Республикада көптеген қазақстандықтарды жұмыспен қамтып келе жатқан "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2016 жылы білікті мамандар жалақысын субсидиялау, азаматтарды инфрақұрылымдық жобаларға жұмысқа орналастыру, кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру арқылы еңбек нарығын тұрақтандыру бойынша белсенді шаралар қолданылатын болады.

Мемлекет басшысы өзінің "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму атты Қазақстан халқына Жолдауында: "Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік,- деп атап айтқан болатын.

Халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру өз жалғасын табады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы ұлғайтылып, сонымен қатар зейнетақы мөлшері артатын болады. Келер жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғайтылады.

Жаңа жыл әрдайым жаңа үміт сыйлап, жаңа белестерге бастайды.

2016 жылы баршамызға сәттілік серігіміз болып, жақындарымыз бен бауырларымыздың дені сау, өмірлері шуақты болсын!

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!

 

ҚР Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова

  • 15.01.2016
  • 15941
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика