• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясатты қалыптастырудың құралына айналады – Т.Дүйсенова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын депутаттарға таныстырды. ЕХӘҚМ басшысы құжаттың 5 новелласы туралы егжей-тегжейлі айтып өтті, оның бірі Отбасының цифрлық картасын енгізу.

Сөз басында ЕХӘҚМ басшысы Әлеуметтік кодекс жаңа әлеуметтік саясатты құруға негіз болатынын және оның басты мақсаты қазақстандық отбасының әл-ауқатын көтеру мен нығайтудың базалық жағдайын қалыптастыру екенін атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет, бизнес және азаматтар арасында жаңа әлеуметтік келісім-шарт жасау қарастырылады.

Әлеуметтік кодексті әзірлеуде халықаралық тәжірибелер зерделеніп, еліміздің ерекшелігін ескере отырып, негіз ретінде Еуропа одақтың Әлеуметтік кодексі басшылыққа алынды. Кодекстің жобасы 5 бөлімнен, 19 тараудан және 267 баптардан тұрады.

Тамара Дүйсенова құжаттың негізгі 5 новелласына тоқталып өтті.

Бірінші новелла – Отбасының цифрлық картасы (бұдан әрі – ОЦК). Ол мемлекеттік органдардың барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде  қалыптастырылады және 6,3 млн қазақстандық отбасы немесе 19,4 млн азаматтар туралы ақпаратты қамтиды.

«Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы ұсынған Алкире-Фостер моделін пайдалана отырып, әрбір отбасының әл-ауқат дәрежесін анықтадық  және оларды 5 санатқа бөлдік. Нәтижесінде, әлеуметтік саясат шараларының отбасы әл-ауқатын көтеруге қаншалықты ықпал еткендігін яғни  тиімділігін бағаладық.  Сонымен бірге отбасыларларға және олардың мүшелеріне қандай мемлекеттік көмектің түрі қажеттігін анықтауға мүмкіндік алдық», - деді министр.

ЕХӘҚМ басшысы ОЦК мемлекеттік әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы болатынын атап өтті. Бұл ретте ОЦК әзірлеу және пилотты түрде іске асыру барасыныда жасалған тұжырымдар негізінде Кодексте азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесінде жаңа тәсілдерді енгізу қарастырылған.

«Біріншіден, атаулы көмектің мәні өзгереді.  Енді атаулы көмек, қандай да бір қызметті алатын тек нақты адам емес, отбасыны немесе азаматты қиын өмірлік жағдайдан шығара алатын атаулы шара ретінде қарастырылатын болады.

Екіншіден, қолданыстағы әлеуметтік контракттың жаңа мазмұнында, яғни  тараптардың жауапкершілігін арттыру  қаралып отыр. Мысалы мемлекет нақты бір отбасының әл-ауқат дәрежесіне қарап атаулы шара көрсетуге мінддетті болса, оны алушы отбасы бұл шараларды өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін орындауға міндетті», - деді Тамара Дүйсенова.

  • 06.12.2022
  • 361
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика