• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Т. Дүйсенова мәжілісмендерге Әлеуметтік кодекстің жобасында көзделген отбасыларды қолдау шаралары туралы баяндады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасын депутаттарға таныстырды. ЕХӘҚМ басшысы құжаттың 5 новелласы туралы егжей-тегжейлі айтып өтті, оның бірі отбасы және отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау жүйесіне қатысты.

Тамара Дүйсенова өз баяндамасында бүгінгі күні Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы біртұтас жүйесінің қалыптасқанын атап өтті, оған жүктілік және босану, бала туу, бала күтіміне байланысты төлемдер; көпбалалы аналар және мүгедіктігі бар балалы отбасыларға қарасты төлемдер және табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектер кіреді.

 «Әлеуметтік кодекс жобасында отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдауды кеңейту көзделген. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50%-ын қайта бөлу есебінен қалыптастырылатын бастапқы капитал 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға қосымша көмек ретінде енгізілуде. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылып, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі. Сонымен қатар, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статус енгізіледі. Бұдан бөлек, 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталатын болды», - деді министр.

Кодекс жобасында мүмкіндігі шектеулі балалары немесе адамдары бар отбасыларға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін толығымен трансформациялау көзделген. Оған келесідей өзгертулер қарастырылған:

Біріншісі - мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ісіне олардың отбасы мүшелерін  тарту. Бұл ретте отбасы мүшесі жеке көмекші немесе әлеуметтік қызметкер ретінде ресімделеді. Бұл жұмысқа еңбекақы төленеді және осы кірістен әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары аударылады.

Екіншісі – әлеуметтік қызметтердің жаңа  стандарттарын даярлау және жан басына шаққандағы нормативтерді енгізу. Қызметтер  үшін жеке норматив, ал компенсаторлық техникалық құралдар үшін шектеулі бағалар түрінде  жіктелетін болады.

 Үшіншісі – әлеуметтік қызмет порталы (бұдан әрі – ӘҚП) бойынша жергілікті атқарушы органдар жанында құрылған комиссияларға жаңа құзыреттер беру, оларға: мүгедектегі бар азаматтардың сапасыз тауар немесе қызмет туралы айтылған өтініштерін  ӘҚП арқылы қабылдау және 5 күн ішінде қарау; өнім берушіге немесе қызмет көрсетушіге берілген тауар мен көрсетілген қызметтің сапасын жөндеу жөнінде мерзімі көрсетілген хат жолдау және оның орындалуын бақылау; өнім берушіні немесе қызмет көрсетушіні ӘҚП алып тастау және оны міндеттемелерін адал атқармайтын өнім беруші тізіміне енгізу.

«Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында әлеуметтік қызметкерлер институтын күшейту көзделген. Әлеуметтік жұмысқа біліктілігі тәуелсіз бағалаудан өткен және сертификаты бар мамандар ғана тартылатын болады. Мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсететін мамандарды таңдау үшін әлеуметтік қызметкерлердің реестрі жасалады. Ал әлеуметтік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақы төлеу жүйесі енгізіледі, ол біліктілік деңгейін, көрсетілетін қызметтердің санаты мен ерекшелігін ескеретін болады», - деді Тамара Дүйсенова.

  • 06.12.2022
  • 254
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика