- Блогтар
- Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова азаматтарды қабылдады
Еңбекминінің қоғамдық қабылдауында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова онлайн қабылдау өткізді. Төрт сағаттан астам уақытқа созылған қабылдау барысында ведомство басшысы еліміздің әр өңірінен келген 15 адамның мәселесін қарады.
Қазақстандықтар Министрге 2025 жылға дейінгі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде гранттар беру және ауылдық жерге көшіп барған адамдарды және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек пен қолдаудың өзге де түрлерін тағайындау мәселелері бойынша консультация алу үшін жүгінді.
Бұдан басқа медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелерімен келіспеушілікке және оңалтудың техникалық құралдарын алу кезіндегі проблемаларға қатысты ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өтініштері қаралды.
Тамара Дүйсенова азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың өтініштері бойынша толық жауап берді. Қарауға қосымша уақытты талап ететін мәселелерді Министр жеке бақылауға алып, ҚР ЕХӘҚМ тиісті департаменттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шеңберінде оларды шешуде көмек көрсетуге тапсырма берді.
- 06.12.2022
- 221