- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
2022 жылы 8-9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Абайұлы Шакқалиев азаматтармен және қоғам өкілдерімен кездесу мақсатында Шығыс Қазақстан облысына барады.
Халықпен кездесулер өткізу шеңберінде азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен (партиялық және қоғамдық ұйымдармен, салалық қауымдастықтармен және т.б.), сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізілетін болады.
Негізгі іс-шаралар 2022 жылғы 8 желтоқсанда «Корпорация Восток-Молоко» ЖШС ғимаратында осы мекенжай бойынша өткізіледі: Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 5 к1.
Қоғаммен және бизнес-қоғамдастықпен кездесу (кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, Қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) - сағат 15:30–16:10 -да;
Брифинг - сағат 16:10 - 16:20-да;
Азаматтарды қабылдау – сағат 16:20 - 17:00-де.
Сіз өзіңіздің сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде қоя аласыз немесе WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 776 714 19 95 (СИМ), өңірдегі тел. бойынша: +7 707 470 18 85.
Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін өңірдегі тел. бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 707 470 18 85, 8 7232 26 72 07
Ақпаратты жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, ТАӘ) аккредиттеу үшін 8 желтоқсан сағат 9.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: +7 707 470 18 85, 8 7232 26 72 07.
Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.
Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.
Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграция бірінші вице-министріне өзіңіздің сұрағыңызды қоюға шақырамыз.
- 06.12.2022
- 197