- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Жер мәселелері бойынша
Бүгін алқа отырысында жер саласындағы заңдылықты сақтау мәселелері қаралды.
Ағымдағы жылы прокурорлар мемлекетке 1,5 млн га пайдаланылмайтын жерді қайтарып берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, қоғамдық жайылымдардың тапшылығы 29 млн га 8 млн га дейін қысқартылды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында 11 мың үлескерге 500 мың га астам жер қайтарылды.
Олигополиялардан мемлекет пайдасына 145 мың га жер тәркіленді.
Тексеріс қорытындысы бойынша 56 қылмыстық іс қозғалды, 9 кінәлі адам сотталды.
Алқа қорытындысы бойынша, жайылымдарды басқару жөніндегі уәкілетті органдар жұмысының маңыздылығына, ірі учаскелердің бір қолға шоғырлануына жол бермеуге және кез келген оның ішінде ауылшаруашылық өндірістік кооператив арқылы «жасырын» сызбалардыалып тастай отырып, пайлық жерлерді бақылауды күшейтуге назар аудардым.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына нақты іс-қимыл жоспарын құра отырып, заң бұзушылықтарды жою міндеті қойылды.
- 09.12.2022
- 279