- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Алқа отырысы туралы
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» қызметі тексерісінің нәтижелері алқа отырысында талқыланды.
Тексеріс кезінде бюджет қаражатын жымқыру және жоғары бағамен сапасыз медициналық техниканы сатып алу фактілері анықталды.
Мәселен, Ақтөбе облысындағы медициналық орталық жылжымалы шұғыл медициналық көмек кешенін (жедел жәрдем) кедендік құнынан 4 есе артық бағамен сатып алынған.
405 адам тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 15 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдау процесін автоматтандыру, медициналық бұйымдарды сараптау тетігін қайта қарау, медициналық жабдықтарды қадағалау жүйесін енгізуді ұсындым.
Облыс прокурорларына мемлекетке келтірілген залалды өтеуге қол жеткізуді және жымқыру мен билікті асыра пайдалану жасаған адамдар үшін қылмыстық жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз етуді тапсырдым.
- 09.12.2022
- 265